Нитрат- ионына сапалық реакция
Сынауыққа 0,5г натрий нитратын (немесе басқа нитратты) салып, тұзды толығымен жабатындай етіп концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар, содан кейін біраз мыс ұнтағын қосып
қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Сынауықтағы ерітінді неге көгереді? Реакция теңдеуін жазып, электронды баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: құрғақ натрий нитраты, концентрлі күкірт қышқылы, мыс ұнтағы, сынауықтар, таразы, қалақша.
Реакция нәтижесінде қоңыр-қошқыл газ бөлінеді. Сынауықта көк түсті мыс(ІІ) сульфаты түзіледі:
2NaNO3+4H2SO4+3Cu=3CuSO4+2NO +4H2O+Na2SO4
2NO3-+8H++3Cu=3Cu2++4H2O+2NO
2NO +O2=2NO2
Демек,
2NaNO3+2H2SO4+Cu=CuSO4+2NO2 +2H2O+Na2SO4
Осы теңдеуді электрондық баланс әдісімен теңестірсек:
+5 0 +2 +4
2NaNO3+2H2SO4+Cu=CuSO4+2NO2 +2H2O+Na2SO4
Тотықсыздану N+5+1ê=N+4 2
Тотығу Cu0-2ê=C+2 1
2N+5+Cu0=N+4+Cu2+
Бұдан көрініп тұрғандай, азот (нитрат ионы)- тотықтырғыш,ал мыс-тотықсыздандырғыш.
23
Осы теңдеуді электрондық-иондық әдіспен теңестірер болсақ:
NO3-+2H++ ê=NO2 +H2O 2
Cu0-2ê=Cu2+ 1
Яғни,
2NO3-+4H++Cu0=2NO2 +2H2O+Cu2+
Достарыңызбен бөлісу: |