6.Аммоний ионына сапалық реакция
Сынауыққа 5-7 тамшы аммоний сульфаты ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы концентрлі сілті ерітіндісін қосыңдар.
Дымқыл лакмус немесе фенолфталеин қағазын дайындаңдар. Сынауықтың қабырғасына тигізбей шетіне индикатор қағазын ұстап тұрып, сынауықтағы қоспаны қыздырыңдар.
Индикатордың түсі өзгерді ме? Неге? Аммоний ионына қандай реакция сапалық болып табылатыны туралы қорытынды жасаңдар.
1 мл еритін алюминий тұзы ерітіндісіне 1 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Не байқалды? Содан кейін тағы да бірнеше тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Жүрген реакцияның теңдеуін жазыңдар.
Аммоний тұздарын танып-білу туралы қорытынды жасаңдар.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: аммоний сульфатының ерітіндісі, концентрлі сілті ерітіндісі, алюминий тұзының ерітіндісі, индикаторлар, спиртшам, сынауықтар.
25
А ммоний сульфатының ерітіндісіне концентрлі сілті ерітіндісін қоссақ:
(NH4)2SO4+2NaOH(конц)=Na2SO4+2NH3 + 2H2O
Реакция нәтижесінде бөлінген газ сілтілік қасиеттер көрсететін болғандықтан дымқылданған лакмус қағазы-көк түске, ал дымқылданған фенолфталеин қағазы – таңқурай түске өзгереді(1-кесте(8-бетте)). Аммоний тұзын реакция нәтижесінде бөлінетін аммиактың иісінен байқаймыз. Демек, аммоний ионына концентрлі сілті ерітіндісі сапалық реактив болып табылады.
Алюминий тұзы ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосқанда жүретін реакция теңдеуі:
AlCl3+3NaOH=Al(OH)3 +3NaCl
Түзілген алюминий гидроксиді сілтінің артық мөлшерінде еріп, комплексті қосылыс-натрий тетрагидроксоалюминатын береді;
Al(OH)3+NaOH=Na [Al(OH)4]
Достарыңызбен бөлісу: |