Қатты дене ұғымына анықтама беріңіз



бет13/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#81160
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
‎Без имени (копия)

Магниттік қасиеттері. Өздерінің магниттік қасиеттері бойынша Қ. д-лер диамагнетиктерге, парамагнетиктерге және ферромагнетиктерге бөлінеді. Диамагнетиктерде сыртқы магнит өрісі әлсірейді, парамагнетиктерде керісінше – күшейеді. Бірақ бұл екі эффект те – әлсіз болып табылады. Ферромагнетиктердің диамагнетиктер мен парамагнетиктерден басты айырмашылығы, олардың өздері сыртқы магнит өрісін тудыра алуында. Мыс., темір сыртқы магнит өрісін мыңдаған есе күшейте алады. Қ. д-нің магниттік қасиеттері тек кванттық теорияда ғана толық түсінік тапты. Қазақстанда Қ. д. физикасы саласынан алғашқы жұмыстар 1960 жылдан Қазақстан ҒА-ның ядр. физика ин-тында, 1967 жылдан ҚазҰУ-де, 1970 жылдардың орта шенінен Қарағанды мемл. ун-ті мен Қазақ ҰТУ-де жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Акад. М. И. Корсунскийдің жетекшілігімен иттрий-палладий қатарындағы ауыспалы металдар мен осы элементтер қорытпасының физ. қасиеттері және электрондардың құрылымы зерттелді; электрондарды ұжымдастырылған (коллективтендірілген), локальды байланыстырғыш және түйіндік электрондар тобына жіктейтін модель жасалды. Осы модель арқылы көптеген эмиссиялық рентген жолақтарының ерекшеліктерін және ауыспалы металл қабатынан өту кезінде электрондар энергиясының кему спектрін түсіндіруге мүмкіндік туды. ҚазҰУ-нде стехиометрия құрамы маңындағы кобальт-мыс-мырышты ферриттердің электрлік, магниттік және мех. қасиеттері зерттелді (М.Бекболатов). Осы зерттеулердің нәтижесінде телевизия және электрондық өнеркәсіп үшін болашақта қажетті жаңа магниттік материалдар жасалды.


4.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет