Дислокациялардың өзара әсерлесулері. Тордың серпімді өзгерісін тудыратын әрбір дислокация өзінің айналасында әрбір нүктеде белгілі жанама мен нормаль кернеумен сипатталатын күш өрісін құрады. Осы өріске басқа дислокация түссе оларды жақындастыруға немесе тебілістіруге тырысатын күштер пайда болады. Бір жазықтықта пайда болатын аттас дислокациялар бірін-бірі тебеді, ал әр аттастар бірін-бірі тартады. Сондықтан, берілген сырғанау жазықтығында дислокациялар жинақталғанда ығысуға кедергі артады және кристалл беріктенеді.
Тосқауылдарды жеңу.Дислокация сырғанау жазықтығында жанама кернеу әсерінен орын ауыстырады және өзінің жолында қозғалмайтын тосқауыл кездестіреді деп алайық. Мұндай тосқауылдар бір дислокацияның екінші дислокациямен қиылысуы, қоспа атомдары мен басқа дефектілер болуы мүмкін. 2.23-суретте дислокацияның тосқауылды жеңуінің теориялық схемасы көрсетілген.