Қатты денелер физикасы



бет47/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   252
1.21 - сурет
Шынында да, металдарда мынадай үш түрлі кристалдық торлар кездеседі: координациялық саны 12-ге тең кубтық қырлы центрленген торлар (1.21 суретті қара); координациялық саны 12-ге тең тығыз орналасқан гексагональды торлар (1.18-суретті қара); координациялық саны 8-ге тең кубтық көлемді центрленген торлар (1.12-суретті қара). Бұл металдар үшін ең бос тор (кеңістіктік толтырылу бойынша қарастырғанда).

II класс. ІІ кластың химиялық элементтері қандай да бір дәрежеде металдар мен 8—N ережесі бойынша кристалданатын ІІІ класс элементтері арасында аралық элементтер болып табылады. ІІ топ элементтері В-Zn, Cd мен Hg металдар, сондықтан олар металдар сияқты координациялық саны үлкен кәдімгі металдық торларға ие болулары қажет. Шынында да, Zn және Cd ерекше гексагональды құрылым жасап кристалданады, олардағы әрбір атом 8—N ережесі талап еткендей 12 атоммен емес, жақын 6 атоммен ғана байланысады. Бұл атомдар базис жазықтығында орналасады.



Сынап үшін 8-N ережесі толығымен сақталады: ол қарапайым ромбоэдролық құрылым құрайды, ондағы әрбір атом көршілес 6 атоммен қоршалған. ІІІ топқа жататын бордың кристалдық торын көршілес 5 атоммен деформацияланған тор деп сипаттауға болады, бұл 8-Л ережесіне сәйкес келеді.

Иондық байланыс бейорганикалық қосылыстар әлеміндегі негізгі байланыстардың бірі болып табылады. Оларға мысал ретінде, тас тұзы кристалын NaCl алуға болады (1.21-сурет). Осындай кристалдарда жеке молекуланы бөліп алу мүмкін емес. Кристалды көршілес иондар арасында электростатикалық тартылыс болатындай реттеліп, тығыз орналасқан оң және теріс иондардың жиынтығы деп қарастыруға болады. NaCl кристалындағы оң және теріс иондары өлшемдерінің ең қолайлы қатынасы бір-біріне тиісіп орналасқан (1.22 а-сурет) және тығыздалып орналасу дәрежесі де жоғары. Әрбір ион өзіне жақын орналасқан қарама-қарсы таңбалы 6 ионмен қоршалған. Оң және теріс иондар өлшемдері қатынасы басқаша болғанда координациялық сандары 4 немесе 8 болатын кристалдық құрылым (1.22 б,в-сурет) пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет