атты дөңгелек үстелдің ашылу салтанаты
2014-2015 оқу жылы
Құрметті ұстаздар, құрметті ұланбасылар!
Ысқақ Кабеков атындағы орта мектебіне қош келдіңіздер. Баршаңызды ҚР-ның Тұңғыш Президенті мерекесімен құттықтаймын. Осы мерекеге орай «Елбасы мұраты – білімді ұрпақ» атты аудандық мектеп оқушылары арасында «Жас Ұлан» ұйымы ұланбасыларының қатысуымен өткізіліп отырған дөңгелек үстел жиынымызға қатысушы қонақтарымызбен таныс болайық. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері Құрманғалиева Нұргүл Ақанқызы және Мұстафина Айнұр Мәулітқазықызы және аудан мектептерінің тәлімгерлері мен Жас Ұлан ұйымының Ұланбасылары қатысып отыр.
Жиынымыздың басында құрметті ұланбасылар, өзімізді таныстырып өтсек.
Мен Құрманғожин Берікқазы Төлеуғажыұлы Кабеков атындағы орта мектеп тәлімгерімін.
Ұланбасылармен танысу.
Кіріспе бөлім
Елбасы өмірбаяны туралы барлығымыз білеміз, десекте осы сұрақтарға қысқаша тоқтала кетсек.
Елбасымыз қашан және қай жерде өмірге келді?
Отбасы және балалық шағы?
Қызмет жолы? – туралы не айтамыз.
Елбасымыздың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне келуі туралы және Тұңғыш Президент күнінің белгіленуі туралы бейнероликке назар аударсақ.
1-бейнеролик
Негізгі бөлім
Өткенге ой жүгіртіп, осыдан жиырма үш жыл бұрынғы Қазақстанды көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы-төкпелі экономика, тапшылық, жұмыссыздық, бағаның құнсыздануы, күйреген шаруашылық т.т. есімізге түседі. Бұрынғы Кеңестер Одағының темір құрсауынан босап шыққан еліміздің алдында дамудың жаңа жолын таңдау қажеттігі тұрды. Осы бір жүгі мен жауапкершілігі зіл батпандай ауыр міндет елдің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мойнына жүктелді.
Алдымен елдегі жағдайды тұрақтандырып, экономикалық құлдыраудың, қаржылық тапшылықтың аса ауыр жылдарында барлығын жаңадан бастау керек болды, – деп жазады Н.Назарбаев “Ғасырға тұрарлық он жыл” атты кітабында.
Сол қысылтаяң шаққа қарамастан ұлт көсемі Н.Ә.Назарбаев азат елдің Тұңғыш Президенті болған алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды.
Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті.
Халқымыздың “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, терең түсінді.
Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – деген екен
. Өз ұлтының бақытты болашағын, кемел келешегін ойлаған, төрт құбыласы түгел, қуатты мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ең алдымен елге терең білім керек екенін жұрттан бұрын аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлға болды.
Елбасының президенттік қызметінің алғашқы күнінен-ақ елдің назарын аударып, қолдауына ие болған маңызды мәселенің бірі – Қазақстандағы білімді білікті ету саясаты.
Ел егемендігін баянды етуде оқу-білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан, осы салаға тиянақты түрде қолдау көрсетіп келеді.
Елбасы осы маңызды мәселені дер кезінде аңғара білді. Орта білімді ақпараттандыру, дарынды балаларды табу, оқыту мен оны дамыту, соның алғашқы бастамасы – Президенттік “Дарын” бағдарламасы. Осы бағдарлама туралы не айтасыңдар?
Қазіргі таңда Республикалық Ғылыми Практикалық Дарын Орталығына байланысты қандай олимпидалар мен конкурстар бар? Зерде, Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпидалар мен Қашықтық Олимпиадалар.
Осыған байланысты экрандағы бейнероликке көз жүгіртейік. 2 бейнеролик.
Жаңа заман технологияларын меңгеру үшін білімді, білікті мамандарды керек екені сөзсіз. Бүгінгі жас өскін – елімізде қабылданған стратегиялық маңызы бар бағдарламаларды жүзеге асыратын болашақ маман.
Елбасымыздың Тәуелсіз еліміздің жаңа мамандарын даярлауға арналған 1993 жылғы “Болашақ” халықаралық бағдарламасы секілді мемлекеттік маңызы зор жобасы дүниеге келді. Бұл бағдарламаның әлі күнге жемісті түрде жүзеге асып келе жатыр
Оқушылар, осы «Болашақ» бағдарламасы туралы ой-пікірлерің?
Бүгінде еліміз “Болашақ” бағдарламасы бойынша жылына 3000-нан астам жас жеткіншекке әлемнің ең беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасап отыр. Бұл – еліміз жастарының ертеңіне сенімін арттырады.
Былтыр «Болашақ»бағдарламасының құрылғанына 20 жыл болды. Осыған байланысты бейнероликке назар салайық. 3 бейнеролик.
Осы тұста “12 жылдық мектеп” моделін енгізу мәселесіне байланысты бірер сөз айтқан жөн секілді. Алдымен экрандағы бейнероликке зер салайық. 4 бейнеролик.
Осы бейнероликтегі мәселелер туралы ойларың?
Ең алдымен, бұл жұмыстың толыққанды атқарылуы үшін оны жеткілікті түрде қаржыландыру, бұл мектептің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін материалдық-техникалық база қалыптастыру, 12 жылдық мектептің сұранысына сай келетін қажетті оқулықтар керек . 12 жылдық мектеп 2020 жылы толыққанды жұмыс істей бастауға тиіс. Ал, Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында нақты көрсетілгендей, 12 жылдық білім беруге көшудің мерзімі 2015 жылдан басталуы белгіленіп отыр.
“Ертеңін ойламаған ел азады” дейді халық даналығы.
Осы орайда, мемлекетіміздің интеллектуалды қорын құру жолындағы игілікті бастамаға Мемлекет басшысының өзі тікелей ұйытқы болып отырғанын айрықша айтуымыз керек. Әңгіме – 2009 жылдан бастап іргесі қалана бастаған Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектептері туралы болып отыр.
Осыған байланысты келесі бейнероликті көрейік. 5 бейнеролик.
Мұндай мектептердің алғашқысы Астанада ашылса, одан кейін Семей, Көкшетау қалаларында бой көтерді. Білім берудің осы инновациялық моделі біртіндеп еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асатын болады.
Осы сәтте Астанадағы әлемдік деңгейдегі “Жаңа халықаралық университет” жобасы туралы да айта кетсек . Бұл университет Елбасы есімімен аталып, есігін айқара ашқан Н.Назарбаев Университеті. туралы не білесіңдер?
Халықаралық деңгейдегі университеттің алдына қойып отырған міндеттері орасан зор. Айталық, оның білім беру бағдарламасы Көптеген Шетелдердің Корея политехникалық университеті; Нью-Джерси технологиялық университеті, Кент мемлекеттік университеті, Питсбург университеті, “Айдын” Ыстамбұл университеті т.т. бар. Бұл аталған жоғары оқу орындарының халықаралық беделі әлемге әйгілі.
Назарбаевтың бастамасымен ашылған т.б қандай ЖОО –ры бар?
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан менеджмент институты
Экономика және болжау институты
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
Назарбаев Университетi
Назарбаев Зияткерлік Мектебі[5]
бірқатар лицейлер мен колледждер
Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Расында, білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмайды
Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы ұланбасылар осымен біздің бірінші бөліміз аяқталды. Енді екінші бөлімге көшсек
Екінші бөлім шығармашылық бөлім
«Егер мен Президент болсам» деген тақырыпта эссе жазу. 20 мин
Тәлімгерлермен жұмыс (коучинг) тақырыбы: «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары» жауапты Дүйсенбаева.А
Қорытынды.
ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына ат салысуымыз қажет деп білеміз. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.
Аудандық Жас Ұлан ұйымының Ұланбасын сайлау
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |