Мәтінмен жұмыс: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша түсініктерін кеңейту мақсатында Ғ.Оралбаевтың «Бір шымшым топырақ» атты атамекен,туған жер туралы әңгімесін оқуды ұсыну.Мазмұнын 1-2 баладан сұрау.
Түйіндеме:
Атамекен..Атажұрт..Туған жер...Бұл-ең жоғарғы құндылықтардың,асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен-туған халқының,ұлтының мекен еткен,ата-бабасының қоныс тепкен жері.Туған жер әр адамның есігін ашып,өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп ,ес жия бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды.Адамның болашағы да,өткені де атамекенмен тығыз байланыста болады.Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең,олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған,ана сүтімен дарыған.
Атамекеннің көркеюі,гүлденуі,жаңарып,жаңғыруы сол жерде туып-өскен азаматтарға,ұрпаққа байланысты болады.
Дәйексөз:
Жаңа ақпараттың қорытындысы,түйіні ретінде сабақтың дәйексөзімен таныстыру.Оқулықта берілген «Туған жер-тұғырың,туған ел-қыдырың» деген дәйексөздің мағынасын түсіндіріп,3 топ арасында Атамекен,туған жер туралы мақал-мәтел сайысын ұйымдастыру.
Түйіндеме:
Б.Момышұлының «Отан сүйер ұлан бол!» атты өсиет сөзін оқыта отырып,балалардың Атамекен туралы игерген түсініктерін тереңдете түсу.
Тыныштық сәті: Баяу сазды әуенмен «Сарыжайлау» күйін қосып қояды да, оқушылардың іштерінен туған жерлері туралы ойлауды тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |