1.
Таңдалған тақырып негізінде ұсынылатын ақпараттар бойынша жоспар құру (сценарий).
Бейорганикалық химия курсының мазмұнын екі бөлімге бөліп қарауға болады: бейметалдар
химиясы және металдар химиясы. Екі бөлімде де элементтердің периодтық жүйесіндегі топтар
бойынша элементтерге және олардың маңызды қосылыстарына жан-жақты жалпы сипаттама беріп,
олардың табиғатта таралуы, алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылу
салалары қарастырылады.
Бейметалдар химиясы бөлімінде қарастырылатын «Күкірт және оның маңызды қосылыстары»
тақырыбын мысалға ала отырып қашықтықтан оқыту бойынша бейнесабақ құруды қарастырамыз:
1. Аталған тақырып бойынша жинақталған ақпараттарды келесідегідей жоспармен
баяндаймыз:
-
күкірт топшасы элементтеріне жалпы сипаттама;
-
күкірт, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы;
-
күкіртсутек, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы;
273
-
ең маңызды сульфидтер, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері,
қолданылуы;
-
күкірт (IV) оксиді, күкіртті қышқыл және сульфиттер;
-
күкірт (VI) оксиді, күкірт қышқылы және сульфаттар;
-
ең маңызды сульфаттар және олардың қолданылуы.
2.
Жоспар бойынша слайдтар жасау (өз қалауыңызбен)
1-сурет. Бейнесабаққа арналған слайдтар
3.
Слайд-1-ден бастап, қажетті анимация, бейне-, дыбысматериалын қосу (қажет болған
жағдайда)
Дыбысматериалы біздің барлық слайдтарымызға қосылған. Дыбысматериалын қосу үшін,
жасалған презентацияңызды ашып, Слайд-1-ді таңдайсыз. Жоғарғы бөлікте көрсетілген құралдар
панелінен
Қою (Вставка) →Дыбыс (Звук) → Дыбысматериалы (Аудиофайл)
. Сіз өзіңізге қажетті
дыбысматериалын, дыбыс жазу құралы арқылы алдын-ала дайындап қоюыңызға немесе таңдалған
Слайд-1-дің үстінен дыбыстап жазсаңызда болады.
Дыбысматериалы бейнесабақты қосқанда автоматты түрде қосылуы үшін,
дыбысматериалы бар
файлды
белгілеп
, Анимация
бетін ашып,
Қосу
опциясын таңдайсыз.
Бейнематериалды қосу үшін, жасалған презентацияңызды ашып, Слайд-1-ді таңдайсыз.
Жоғарғы бөлікте көрсетілген құралдар панелінен
Қою (Вставка) → Бейне (Видео) →
Бейнематериал (Видеофайл)
. Сіз өзіңізге қажетті бейнематериалын, бейнежазу (камера)
құралы арқылы алдын-ала дайындап қоюыңызға болады. Бейнематериал автоматты түрде
қосылу үшін, анимация қосасыз. Бейнематериалы бейнесабақтың автоматты түрде қосылуы
үшін,
бейнематериалы бар файлды
белгілеп
, Анимация
бетін ашып,
Қосу
опциясын
таңдайсыз. Бейнематериал автоматты түрде қосылатын болады.
Барлық слайдтарға дыбыс-,бейнематериалдарды қосып, презентацияны толық дайындап
болған соң, дайын құжатты,
Windows Media Video
форматына сақтау қажет.
274
2-сурет. Материалды сақтау жолы
Дайын болған бейнематериалды CD-диск, USB-флэш-жинақтаушыға жинап оқу
жоспары бойынша қолдануға немесе
Youtube
желісінде канал ашып, бейнасабақтарды
ретімен жүктеуге болады.
Біз, Youtube желісінде жеке канал ашып, жасап жатқан бейнесабақтар кешенін сонда
жүктеуді бастадық. «Күкірт және оның маңызды қосылыстары» тақырыбында жасалған
бейнесабағымызды қазіргі уақытта біраз оқырман қарап, «жақсы», «түсінікті» деген
пікірлерін қалдыруда.
3-сурет. Дайын бейнесабақты Youtube желісінде ұсыну
Осы мақала арқылы біз ұсынып отқан қарапайым алгоритм арқылы бейнесабақтар жасау
сізден ақылы бағдарламаларды талап етпейді. Кез-келген уақытта өз таңдаған тақырыбыңыз
бойынша бейнесабақтар дайындай аласыз.
Ал, біз ұсынатын бейнесабақтар кешені бейорганикалық химияны тек қашықтықтан
оқытуда ғана емес, жеке қызығушылық бойынша да немесе басқа да оқу орындарында
тақырыпты түсіндіруде қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Осындай тәсілмен теориялық материал бойынша жұмысты аудиториядан тыс уақытқа
ауыстыра отырып, аудиториялық сабақтарда уақытты үнемдеуге және теориялық
материалдың аса күрделі және маңызды сәттеріне назар аударуға болады.
Сонымен қатар, теориялық материалмен жұмысты ұйымдастырудың осындай нысаны
кезінде оқу ақпаратын меңгеру сапасы артады, өйткені білім алушы өзіне ыңғайлы уақытта,
өзіне қолайлы жерде және бірнеше рет қайталай отырып бейнедәріспен жұмыс істеуге
мүмкіндігі бар.
275
Бейнедәрісті жасауға теориялық материалдың күрделілігіне байланысты оқытушының
жұмыс уақытының 10-нан 15 сағатқа дейін уақыты жұмсалады. Бірақ мұндай уақытша
шығындар өте орынды, өйткені бұл өнімді оқытушы бірнеше рет қолдана алады.
Теориялық материалды мұндай форматта баяндау оқытушыға тақырыпты барынша
толық ашуға, ал білім алушыға – оны жеке қарқынмен зерделеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |