Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет310/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
 
Білім беру процесін жетілдіруде, ондағы өзекті мәселелерді шешуде заманның кез-келген 
тосқауылдарына, қиындықтарына қарамастан жұмыс жасау үрдісіне ешқандай кедергі келтірмейтін 
оқыту технологияларын дайындау және оларды жүзеге асыру өте маңызды болып табылады. Елімізде 
жаңа ақпараттық технологиялардың жетілуіне байланысты қашықтықтан оқыту кеңінен дамуда. 
Қазіргі таңда әлемнің барлық елдері үшін де қашықтықтан оқыту формаларын дамытудың өзектілігі 
айқын болып отыр. Қашықтықтан оқыту – білім беру, оқыту технологиялары, тәсілдері мен әдістерін 
өзара байланыстыру құралына, яғни, білім беру қызметтері нарығындағы күрес құралына айналды.
Қашықтықтан оқыту - бұл интернет жүйесі және басқа да заманауи ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологиялар арқылы білім алу. Қашықтықтан оқыту нысаны бүгінгі күні 
уақыт айырмашылығы мен кеңістіктік белдеулердің болуына қарамастан, жаппай үздіксіз өзін-өзі 
оқыту, жалпыға бірдей ақпарат алмасу жүйелерін құруға мүмкіндік береді [1,2].
Жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану 
оқытудың осы түрінің артықшылықтарын ұсынуға мүмкіндік береді: 
білім алушының тұрғылықты жеріне, денсаулығына, қаржылық жағдайына қарамастан бірдей 
білім алу мүмкіндігі; 
студенттердің білім беру ақпаратының көптеген көздеріне (электронды кітапханалар, 
мәліметтер банкі, мәліметтер базасы және т.б.) бір уақытта қол жеткізу мүмкіндігі;
студенттердің оқу материалына үнемі қол жетімділік мүмкіндігі; 
студенттердің жеке білім алу жолын құра алу қабілеті; 
оқу жылы шеңберіндегі пәндерді оқуға кететін уақытты басқара алу; 
ішкі логикаға және қызығушылыққа сәйкес оқу жылындағы пәндердің реттілігін басқару; 
студенттердің тәуелсіздігін қалыптастыру; 
олардың танымдық мотивациясын, әртүрлі көздерден ақпарат алу, жобалық іс-әрекеттегі 
дағдыларын дамыту, уақыт шеңберін кеңейту арқылы көп уақытты қажет ететін зерттеу 
немесе шығармашылық жұмыстардың сапасын арттыру; 
ыңғайлылық және пайдалылық [1]. 
Қашықтан оқыту және заманауи техника мен технологияның дамуы бір-бірінен ажырай 
алмайды: біреуі екіншісінің дамуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта студент қай жерде жүрсе де, кез 
келген Батыс университетінің бағдарламасы бойынша өз елінен шықпай-ақ оқи алады. Білім әлемде 
болып жатқан саяси және экономикалық бірігу процестерінен озып, жаһандық сипатқа ие болуда [3]. 
Білім сапасы оқытудың әр деңгейінде, әр оқу орнында қойылған мақсаттарға жету дәрежесіне 
байланысты. Қашықтан оқытудың заманауи технологияларын қолданудың ұтымдылық көрсеткіштері 
олардың оқу мақсаттарына жетуіне, оқу процесін ақпараттық қамтамасыз етудің толықтығына әсерін 
сипаттайды [3]. 
Еліміздің жетекші университеттері білім берудің бұл түрін әртүрлі мамандықтар бойынша да, 
жеке пәндер бойынша да қолдануды ұсынады. Қазіргі кезде қашықтықтан оқытудың бірнеше 


272
формасы бар. Олар атап айтқанда чат-сабақ, веб-сабақ, бейнесабақ, телеконференция және басқа да 
түрлері дамып келеді. Бұл формалардың әрқайсының атқаратын қызметтері өткізілетін сабақтың 
түрлеріне сәйкес таңдап алынады. Атап көрсеткендеріміз қашықтықтан оқыту формаларының 
түрлері болса, ал қашықтықтан оқытудың теориялық мазмұнын жетілдіретін, арнайы білім беру 
құралдарымен жабдықталған Мoodle, Zoom, Google Meet, MS teams, iSpring Suite, Univer-2 сияқты 
қашықтық электрондық оқыту жүйелері де дамып келеді [4-6].
Білім берудің модернизациялану кезеңінде жоғарыда аталған оқыту формаларының бірі 
бейнесабақтар – қашықтықтан оқытудың маңызды формаларының бірі.Бейнесабақтар – оқытудың 
дидактикалық принциптерін қанағаттандыратын, қандай да бір пәннің нақты тақырыбы бойынша 
жасалатын бейнефрагмент. Бейнесабақтарды бөліктерге бөлуге және сабақтарда көмекші оқыту 
құралы ретінде пайдалануға болады.
Қазіргі уақытта химияны оқыту әдістері саласындағы көптеген сарапшылар химиялық білім 
беруді компьютерлендіруге, бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру әдістеріне және химияны 
оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын жасауға көп көңіл бөлуде. Олардың еңбектері кәсіптік 
білім беруді компьютерлендірудің теориялық негіздерін, химия дидактикасындағы ақпараттық 
технологиялардың даму тенденцияларын және олардың оқыту сапасына әсерін, жаттығулар мен 
компьютерлік бағдарламалардың технологиясы мен классификациясын, қашықтықтан оқыту 
саласындағы негізгі бағыттарды, компьютерлік және эксперименттік оқытудың өзара әрекеттесу 
технологияларын және басқа әдістерді қолдануды анықтауда [7-9]. 
Химияны оқытуда қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану студент пен оқытушының 
өзара әрекеттесуінің әртүрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беретін мұндай модель желілік курстар 
түрінде химияны меңгеруге жарамды. Мысалы, химияны оқып-үйрену кезінде курстың теориялық 
бөлігі кейс түрінде дайындалуы мүмкін, қажет болған жағдайда консультациялар онлайн режимінде 
өткізіледі, ал студенттерде оқытушымен кері байланысы бар, ол қатысушылар арасында үнемі 
интерактивті әрекеттесуді қамтамасыз етеді. 
Қашықтықтан оқыту курсын құрудың негізгі міндеттерінің бірі - платформаны таңдау болады. 
Қашықтықтан 
оқытудың 
қазіргі 
бағдарламаларын 
талдау 
Moodle 
ҚОЖ-інің 
негізгі 
артықшылықтарын бөліп алуға мүмкіндік берді, атап айтқанда, жүйеде дәрістер, ресурстарды Flash 
Video көмегімен глоссарий, Scorm пакеті, веб-бет, файлға немесе каталогқа сілтемелер жасауға 
мүмкіндік бар. Таңдалған жүйе қашықтан оқу процесін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Бүгінгі таңда сервистік нарық вебинарлар, видео дәрістер, онлайн-конференциялар және басқа 
да білім беру қызметтері үшін көптеген бейне қызметтерді ұсынады: virtualroom; webinar; 
Clickmeeting; myownconference; iMind.com; comdi және басқалары. 
Алайда, аталған бағдарламалық жүйелерді қолдану, кез келген уақытта ғаламторға 
қолжетімділік студенттерде болмайтындықтан, бейнесабақтарды немесе бейнедәрістерді оффлайн 
режимде немесе түрлі бейнероликтер жүктейтін желілерде жеке каналдарға жүктеуге болады. Бұл 
студент үшін де және оқытушы үшін де тиімді.
Айта кету керек, нарықта кеңінен ұсынылған дәстүрлі оқу бағдарламаларына қарағанда, 
бейнесабақтардың артықшылығы компьютерде орнатуды қажет етпейді және белгілі бір 
компьютерге «байланбаған». Оларды дискіден кез-келген ойнатқышта еркін ойнатуға, флэш-
дисктерге көшіруге, әртүрлі форматтарға түрлендіруге және т.б. мобильді оқыту құралы ретінде 
қолдануға өте ыңғайлы. Мысалы, «Power Point 2010» бағдарламасы арқылы бейнесабақ жасау 
алгоритмі төмендегідей жүргізіледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет