Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет334/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry
поурочный план ТПНИГ , философия.1
Кілттік сөздер:
химия пәні, критерийалды бағалау, тиімділік, дағды. 
Кіріспе
Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту білім беру мазмұнында сапалық өзгерістер 
енгізді. Оқытудың негізгі мақсаты пәнді білу, дағды мен білікті білім алушы бойына қалыптастыруға 
ауыстырылды. Нәтижесінде бағалау жүйесінде де бірқатар өзгерістер әкелді. Дәстүрлі бағалау жүйесі 
білім берудің білімдік парадигмасы кезінде қалыптасқан. Сондықтан білімді игеру нәтижесін 
сипаттайды, бұл дәстүрлі бағалау құзыреттілік көзқарастың заманауи талаптарына толықтай сәйкес 
келмегендіктен критериалды бағалау жүйесі енгізілді [1, 126 б]. 
Критериалды бағалау – білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес оқу процесіне 
қатысушылардың барлығына белгілі бағалау критерийлерімен нақты анықталған білім алушының 
оқу жетістігін салыстыруға негізделген бағалау жүйесі болып табылады [2, 28 б]. 
Критериалды бағалау кезінде білім алушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген 
критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл дәстүрлі формаға негізделген 
бағалаудан өзгеше болып келеді. Себебі, дәстүрлі бағалау кезінде білім алушылардың үлгерімі оның 
сыныптастарының немесе бір топтағы білім алушылардың үлгерімімен салыстырылып қойылады. 
Бағалау – жалғасып жатқан процесс. Критериалдық бағалаудың негізгі екі түрі бар. Әр сабақ сайын 
қолданылатын бағалау қалыптастырушы бағалау (формативті) және жиынтық бағалау (суммативті) 
яғни, белгілі бір уақыт кезеңінде зерттеу тақырыптар бөлімі аяқталған соң, білім, біліктілік және 
құзыреттіліктерді қалыптастыру меңгеру деңгейінің сәйкестігін анықтау формасы [3, 45 б]. 
Негізгі бөлім 
Бағалаудың критериалдық жүйесі білім алушылардың нақты оқу жетістіктерін салыстыруға 
негізделген. Топтағы білім алушылардың оқу –танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал 
ететін, мақсаттар мен білім беру мазмұнына сәйкес құрастырылады. 


287
Формативті бағалау үдерісі білім алушыларды неғұрлым тиімді оқытуға және тиімді 
оқуға ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау – оқу үрдісі ретінде күнделікті бақылану процесі. Білім 
алушылардың жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеудің негізі оқу мақсаттары болып 
табылады. Мақсат – оқытушының алдын –ала жоспарланған нәтижесі, мұны тек оқытушы ғана емес, 
сонымен қатар сабақтың соңында, бөлім немесе бөлімді зерттеу аяқталғаннан кейін де алуға болады 
[4, 130 б]. 
Критериалды бағалауда және оны іске асырғанда критерий және дескриптор деген ұғым 
қалыптасады. Тақырып – білім алушылардың жұмыстарын бағалау бойынша нұсқаулық; 
критерийлердің әрқайсысы үшін қанша балл жиналатынын көрсетеді. Критерийлер – білім 
алушының сабақ барысындағы іс-шараларының тізімі. Ал, дескрипторлар – әр критерий бойынша ең 
жақсы нәтижеге жету үшін білім алушылардың барлық қадамдарын дәйекті түрде көрсетеді және 
оларды нақты сандармен бағалайды. Жалпы бағалау криетрийлері нақты болса, соғұрлым сабақты 
табысты аяқтауға болады
[5, 63 б]. 
Бағалау критерийлері алдын-ала дайындалу керек және функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыру үшін оларды білім алушылармен талқылау қажет. Жарияланған критерийлердің 
негізінде білім алушылармен бірге оқытушы басым критерийді таңдайды. Критерийлердің мазмұны 
анық, түсінікті тілмен жазылуы тиіс. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігін нақтылау үшін біз 
химиялық технология пәнінен «Қатты отынның анализі» тақырыбына сабақ мақсатына байланысты 
келесідей критерийлер құрастырдық. (Кесте 1 сәйкес) 
Кесте 1 «Қатты отынның анализі» тақырыбына құрастырылған сабақтың критерийі 
95-100% 
85-89% 
70-80% 
65-69% 
Мазмұны 
Көмірдің түрлерін 
ажыратып өңдеу 
процесін толық 
көрсетеді, 
кезеңдерді 
сипаттайды және 
кокстелінетін көмір 
ж
ə
не ұшқыш 
заттарды біледі. 
Көмір түрлерін 
ажыратып, кейбір 
өңдеу процестерін 
сипаттайды; 
кокстелінетін көмір 
ж
ə
не ұшқыш 
заттарды біледі. 
Көмір түрлерін 
ажыратып, аздаған 
өңдеу процестерін 
сипаттайды; кокстеу 
процесіне сипаттама 
береді; 
Көмір түрлерін 
ажыратып,
өңдеу 
процестерін 
сипаттамайды;
кокстелінетін 
көмір ж
ə
не 
ұшқыш заттарды 
біледі. 
Кестеден байқағандарыңыздай білім алушылар белгілі бір бағаны алу үшін және сабақтың 
мақсатына жетуі үшін осы критерийлерге жетуі керек екенін түсінеді. Мысалы, білім алушы 
күнделікті баға алғанда 95-100% алғысы келсе белгілі бір тақырып бойынша критерийден шыға білуі 
қажет. «Қатты отынның анализі» тақырыбында көмірдің барлық түрлерін ажыратып, олардың өңдеу 
процесстерін толық сипаттап, кезеңдерін айтса және тақырыпты толық меңгергенін дәлелдей алса 95-
100% аралығында бағаны алады. Егер білім алушы көмір түрлерін ажыратып, кейбір өңдеу 
процестерін сипаттаса, сондай –ақ кокстелінетін көмір ж
ə
не ұшқыш заттарды білетінін көрсетсе 
онда 85-89% аралығында пайыздық бағаны алады, бұл жағдайда білім алушы жоғары деңгейден сәл 
төмен сатыда білім деңгейін дәлелдейді. Білім алушы көмір түрлерін ажыратып, аздаған өңдеу 
процестерін сипаттаса және кокстеу процесіне сипаттама берсе 70-80% көрсеткішпен бағаланады, 
білім алушы сабаққа орташа деңгеймен дайындалғанын көрсетеді, тақырыпты толық меңгермегенін 
дәлелдейді. Егер білім алушы критерийде сипатталған стандарттарға жете алмаса ғылыми 
терминдерді қолданып шектеулі ақпарат берсе тақырыпты әлсіз меңгергенінің дәлелі, сондықтан 
білім алушы 65-69% аралығында бағаланады.
Оқытушы білім алушының жауабын нақтылай түсу үшін құрылған критерийге дескриптор құруы 
шарт. Жоғарыда көрсетілген критерийдің дескрипторы келесідей болады. 
Кесте 2 «Қатты отынның анализі» тақырыбына құрастырылған сабақ критерийіне дескриптор 
Жетістік деңгейі 
Дескриптор 
65-69% 
Білім алушы критерийде сипатталған стандарттарға жете 
алмайды, ғылыми терминдерді қолданып шектеулі ақпарат 
береді, тақырыпты әлсіз біледі 
70-80% 
Білім алушы критерийде сипатталған стандарттың аздаған 


288
сатысына жетеді, тақырыпты орташа меңгерген. 
85-89% 
Білім алушы ғылыми терминдерді дұрыс пайдаланады, 
тақырыпты ішінара біледі, деректер келтіре алады 
95-100% 
Білім алушы ғылыми терминдерді жеткілікті мөлшерді біледі, 
қажет болған жағдайда ақпарат көздерін толығымен дұрыс 
айта алады. 
Келесі критерий химиялық технология пәнінен «Сабынды алу» тақырыбына сабақ мақсатына 
байланысты 
 
құрастырылды (Кесте 3 сәйкес) 
Кесте 3 «Сабынды алу» тақырыбына құрастырылған сабақтың критерийі 
95-100% 
85-89% 
70-80% 
65-69% 
Мазмұны 
Сабынды алудың 
этаптарын толық 
сипаттайды 
(гидролиз процессі, 
тазарту әдістері, 
қышқылды 
сабындау әдістері) 
реакция теңдеуін 
жаза
алады. 
Сабынды алудың 
этаптарының 
кейбір этаптарын 
сипаттайды 
реакция теңдеуін 
жаза
алады. 
Сабынды алудың 
этаптарын ішінара 
сипаттайды реакция 
теңдеуін жаза
алады. 
Сабынды алудың 
этаптарын толық 
сипаттай 
алмайды реакция 
теңдеуін 
жазғанда қателер 
болады. 
Кестеден байқап тұрғандарыңыздай, критерийлер сабақтың тақырыбына негізделіп әр баллдық 
шкалаға әр түрлі құрастырылған. 
Сондай –ақ жоғарыда көрсетілген критерийдің дескрипторы келесідей болады (Кесте 4 сәйкес) 
Кесте 4 «Сабынды алу» тақырыбына құрастырылған сабақ критерийіне дескриптор 
Жетістік деңгейі 
Дескриптор 
65-69% 
Білім алушы критерийде сипатталған стандарттарға жете 
алмайды, ғылыми терминдерді қолданып шектеулі ақпарат 
береді, тақырыпты әлсіз біледі, реакция теңдеуін жазғанда 
қателер орын алады. 
70-80% 
Білім алушы критерийде сипатталған стандарттың аздаған 
сатысына жетеді, тақырыпты орташа меңгерген.Реакция 
теңдеулері дұрыс 
85-89% 
Білім алушы ғылыми терминдерді дұрыс пайдаланады, 
тақырыпты ішінара біледі, деректер келтіре алады, өз ойын 
нақты әрі дұрыс жеткізеді. Жазған реакция теңдеуі дұрыс. 
95-100% 
Білім алушы ғылыми терминдерді жеткілікті мөлшерде 
біледі, қажет болған жағдайда ақпарат көздерін толығымен 
дұрыс айта алады.Реакция теңдеулері дұрыс. 
Кестеден байқағандарыңыздай нақты тақырыптар бойынша дескрипторлер арқылы білім 
алушыларды нақты бағалауға толық мүмкіндік бар. Сондай –ақ білім алушылардың жауаптарының 
нәтижесі бойынша оқытушы өткен материалды қайта түсіндіруге немесе тақырыпты зерттеуді 
жалғастыруға шешім қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет