239
техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу
мен карьераның ұштасуы.
STEM-білім берудің кілттік мақсаты– оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін
өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету.
Күтілетін нәтиже– оқушылардың фукционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және
кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділік. STEM-білім берудің үздік педагогтері мақсат
тек қана құзыретті жұмыс күшін тәрбиелеу ғана емес, оқушылардың «қатты» және «жұмсақ»
дағдыларын қалыптастыру қажеттігін де көреді.
Сонымен қатар, мектептегі робот техникасынегіздері элективті курсында математика пәні
бойынша «арифметикалық амалдар» мен информатика пәніндегі «цикл» терминін қолданып, Lego
машинасының жүру жылдамдығын, жүрген қашықтығын есептеуге болады.
Бұл процесс оқушыға
жалпы автокөліктердің жылдамдығы, жүру қашықтығының есептеу принципін меңгертеді.
Осылайша, STEM-білім беру оқушыларды алған білімдерін қоршаған орта процестерімен
байланыстыруға және жобалық ойлауына мүмкіндік береді.
STEMбілім берудің негізі төрт қағидасы:
Білім беру процесін ұйымдастырудың жобалық нысаны, оның барысында балалар оқу
міндеттерін бірлесіп шешу үшін топтарға біріктіріледі;
Оқу міндеттерінің практикалық сипаты, оларды шешу нәтижесі отбасының, сыныптың,
мектептің, ЖОО-ның, кәсіпорынның, қаланың және т.б. қажеттіліктері үшін пайдаланылуы мүмкін;
Оқытудың пәнаралық сипаты: оқу міндеттері оларды шешу үшін бірден бірнеше оқу
пәндерінің білімін пайдалану қажет болатындай етіп құрастырылады;
Инженер немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жөніндегі маман даярлаудың кілті болып
табылатын пәндерді қамту: жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері (физика, химия, биология),
заманауи технологиялар және инженерлік пәндер.
STEM– бұл сыни ойлауды, зерттеушілік құзыреттіліктер
мен топтық жұмыс дағдыларын
дамыту құралы ретінде бірнеше пәндік бағыттарды біріктіретін жаңа білім беру технологиясы.
Жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия, математика – заманауи әлемде ең сұранысқа
ие болып отырған пәндер. STEM білім алушыларды пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдана
отырып тәрбиелеу идеясына негізделген оқу бағдарламасы. Төрт пәннің әрқайсысын бөлек оқудың
орнына STEM оларды біртұтас оқыту схемасына біріктіреді. Осы технологиямен жұмыс істеудің
маңызды ерекшелігі – бұл жоба жасаудағы ұжымдық жұмыс. Қазіргі заманауи мұғалім балаларды
оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына
көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен
инновацияны талап етеді.Демек, STEM-білім беруде мәселені шешу, өзара қарым-қатынас жасау мен
сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі.Бұл
дағдылар барлық оқу кезеңінде кез келген пәннен үлгеру үшін қажет болады. Болжамдар бойынша
STEM сегментіндегі жұмыс орындары жұмыспен қамтудың басқа секторларымен салыстырғанда,
алдағы он жылдықта екі есе қарқынмен өсуі мүмкін. Бұл дағдыларды бүгіннен бастап үйрету
балалардың болашақ кәсіби қызметке дайын болуына көмектеседі. Қазіргі уақытта ақпараттың
қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық
салаларын өзгертсе, қоғам сұранысы мен жеке тұлғаның қызығушылықтарын да өзгертіп жатыр.
Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа – бұның бәрі енді
дүниежүзінің қазіргі оқушыларын қызықтырады.
STEM идеясы мен аббревиатурасын алғаш рет 2001 жылы АҚШ Ұлттық ғылыми қорының
ғалымдары жоғары оқу орындарында заманауи инженерлер мен зерттеушілерді даярлау жүйесін
жаңарту үшін бағдар ретінде ұсынған болатын. Идеяны Үкімет, қоғамдық ұйымдар және АҚШ-тың
көптеген корпорациялары, соның ішінде Intel және Xerox сияқты
технологиялық көшбасшылар
қолдады. Нәтижесінде STEM қағидаттары көптеген американдық университеттердің білім беру
бағдарламаларын қалыптастыру үшін белсенді қолданыла бастады.Бүгінгі таңда АҚШ-тың жоғары
білім беру жүйесінде жүздеген инженерлік және ғылыми мамандықтар бар, олар бойынша оқыту
бағдарламалары STEM тұжырымдамасына сәйкес құрылған. Бұл ретте студенттің дипломдық
жұмысы технологиялық компанияда тағылымдамадан өтумен және кәсіпқойлармен қатар күрделі
технологиялық жобаларға қатысумен біріктіріледі. Осының арқасында технологиялық компаниялар
университетті бітіргеннен кейін бірден білікті мамандар алады.Кейіннен STEM тәсілін әлемнің
көптеген елдері қабылдады. Қазіргі уақытта STEM мамандарын даярлау Франция, Ұлыбритания,
Австралия, Израиль, Қытай, Канада, Түркия және басқа да бірқатар елдердің жоғары оқу
орындарында жүргізілуде.Балаларға арналған STEM-білім беру аясында робототехника
240
экономиканың жоғары технологиялық салаларды дамытуға және балалардың дизайнға деген табиғи
қызығушылығына сұраныстары сәтті сәйкес келетін сала болды. Нәтижесінде, бүгінде бүкіл әлемдегі
тәрбиешілер мен мұғалімдер роботтарды жобалау және бағдарламалау үшін өз жұмысында
жиынтықтарды белсенді қолданады. STEM ғылымы негізінен үш негізгі бағыттың екеуіне жатады:
жаратылыстану ғылымдары (биология, физика және химия) және математика,
логика және
статистика сияқты формальды ғылымдар. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар HASS
аббревиатурасымен өнермен бірге жіктеледі және топтастырылады. Алайда, психология STEM бөлігі
болып саналады. Зерттеулерге сәйкес, халықтың 1% -ын STEM мамандықтарына тарту мемлекет
экономикасына жалпы ішкі өнімнің 50 миллиард АҚШ долларына өсуіне әкеледі.
STEM арқылы студенттер негізгі дағдыларды дамытады, оның ішінде:
Мәселені шешу
шығармашылық
сыни талдау
топтық жұмыс
тәуелсіз ойлау
бастама
байланыс
цифрлық сауаттылық.
STEM-нің негізгі идеясы–бұл теориялық білім сияқты, тәжірибе өте маңызды. Яғни оқу
кезінде біз тек миымызбен ғана емес, қолымызбен де жұмыс жасауымыз керек. Сынып ішіндегі білім
жылдам өзгеріп жатқан әлемге ілесе алмай жатыр. STEM тәсілінің басты ерекшелігі–балалар әртүрлі
пәндерді ойдағыдай оқып үйрену үшін миын да, қолын да пайдаланады. Яғни алатын білімді өздері
өндіреді. STEM тәсілі–бұл оқыту әдісі ғана емес, ол ойлау тәсілі. STEM білім беру ортасында
балалар тек білім алып қоймай, оны қолдануды үйренеді. Сондықтан, олар өсіп, өмірде
проблемалармен бетпе-бет келгенде, мысалы үшін қоршаған ортаның
ластануы немесе климаттың
ғаламдық өзгеруі 9 болсын, олар мұндай күрделі мәселелерді әр түрлі бағыттағы білімге сүйеніп,
бірлесіп жұмыс жасау арқылы ғана шешуге болатындығын түсінеді. Бұл жерде тек бір ғана пәннің
біліміне сүйену жеткіліксіз. STEM оқу мен білімге басқаша қарауға үйретеді. Тәжірибелік
дағдыларды басты назарға ала отырып, оқушылар өздерінің ерік күштерін, шығармашылық
қабілеттерін, икемділіктерін дамытады және басқалармен ынтымақтастықта жұмыс жасауды
үйренеді
STEM білім берудің артықшылықтары:
-Пән бойынша емес, тақырып бойынша интеграцияланған оқыту;
- Нақты өмірдегі қолданбалы ғылыми-техникалық білім;
- Сыни тұрғыдан ойлау және есептер шығару дағдыларын дамыту;
- Өз күштеріне деген сенімділік қалыптасты;
- Белсенді қарым-қатынас және ұжымдық жұмыс;
- Техникалық пәндерге деген қызығушылық дамыды.
- Жобаларға шығармашылық және инновациялық тәсілдер;
- Әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың іс-әрекеті арқылы
техникалық шығармашылыққа
деген уәжді дамыту;
- Ерте кезеңнен кәсіптік бағдар беру;
-Балаларды өмірдің технологиялық жаңалықтарына дайындау;
-STEАM, негізгі білім беру бағдарламасының міндетті бөліміне қосымша ретінде.
Күтілетін нәтиже – оқушылардың фукционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және
кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділік. Қорытындылай келе, дәстүрлі оқыту
әдістерімен салыстырғанда, STEM тәсілі орта мектепте балаларды тәжірибе жасауға итермелейді,
модельдерді жобалау, музыка мен фильмдер жасау, өз идеяларын жүзеге асыратын соңғы өнімді
жасап шығару болып табылады. Бұл білім беру тәсілі балаларға теория мен тәжірибелік дағдыларды
тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді және ЖООна түсуді және одан әрі оқуды жеңілдетеді.
Біздің басты мақсатымыз заман ағымына қарай «Цифрлы Қазақстанда» заманауи
технологияларды қолданып, отбасымен
ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде
тәрбиелеу.
Қазіргі заманауи мұғалім балаларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері
өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс
орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Демек, STEAM-білім беру балаларға мәселені
шешу, өзара қарым-қатынас жасау, шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында