Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет391/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
Сутектің алынуы 
Қажетті-құрал жабдықтар мен реактивтер
: металл тұрғы, спирт шамы, газ шығаратын 
түтікшесі бар тығын, сынауықтар, шыны пластинка (30L60), мырыш түйіршіктері (немесе 
мырышталған темір) 20% күкірт қышқылы (немесе тұз қышқылы (1:5)) мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы.
 
1.Металдарға қышқылдармен әсер ету арқылы сутек алу

3 а-суретте көрсетілгендей қондырғы жинаңдар.
2-сурет. 
Мыс 
оксидінің 
сутекпен 
тотықсыздануы 
Хлоркальцийлі түтіктің кеңейтілген жеріне 0,3-0,5 
г мыс оксидін салыңыздар. Құтыға (сыйымдылығы 
250 мл) 40-50 г мырыш түйіршіктерін салыңыздар 
да, құтының түбіне дейін түсірілген құйғы арқылы 
100-150 мл 20% H
2
SO
4
ерітіндісін құйыңыздар. 
Сутектің тазалығына көз жеткізгеннен кейін ғана 
құрылғыны қыздыруға болады! Құрылғының сутек
шығатын


325
3-сурет. Сутекті алу, оны жинау және “тазалығын” 
тексеру
Сынауыққа мырыштың бірнеше түйірін 
салып, 5 мл 20% күкірт қышқылын 
құйыңыздар да, сынауықтың саңылауын 
ұшы жоғары қарай бағытталған газ 
шығаратын 
түтігі 
бар 
тығынмен 
жабыңыздар (3 б сурет). Сутектің 
“тазалығын” тексеріңіздер. Бұл үшін 
ішінде сутек бар 
сынауықты жаймен көтеріп, саусақпен жаба отырып (3 в сурет) түбін жоғары 
қаратып сынауықты көлденең бағытта ұстап тұрып, спирт шамына жақындатып, аузын 
ашыңыздар (3 г сурет). Сутектің тазалығына көз жеткізгеннен кейін (оқытушының 
қатысында), оны түтікшенің аузында жанған шыбықпен жағып көруге болады. Таза сутек 
жанғанда әлсіз дауыс естіледі. Сутек жалынының үстіне суық құйғы немесе шыны пластинка 
ұстаңыздар. Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Нені байқауға болады? Сутек алудың реакция теңдеуін молекулалық және ионды-
электрондық түрде жазыңыздар. 
2. Лаборатория жағдайында сутек алу үшін басқа қандай металл және қышқылды 
ұсынуға болады? Сутек алу үшін концентрлі күкірт қышқылын қолдануға бола ма? 
Жауаптарыңызды дәлелдеңіздер. Сутектің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет