Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет202/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Кілтті сөздер:
органикалық химия, ағылшын тілі, жаратылыстану ғылымдары, ақпарат, әдіс-тәсілдер.
 
Күн өткен сайын біздің еліміз модернизацияға көбірек ұмтылуда. Заманауи 
технологиялар, инновациялық идеялар мен шешімдер адам өмірінің кез-келген саласын 
айналып өтпейтіні анық. Ал, әлеуметтік прогрестің қазіргі заманғы дамуы елдің ғылыми-
техникалық әлеуетін анықтайтын жаратылыстану ғылымдарының дамуынсыз мүмкін 
емес.Химия саласында жаңа білім алу, кез-келген басқа нақты ғылым сияқты, ақпарат 


177
алмасусыз, 
оның 
ішінде 
әртүрлі тілдерде 
сөйлейтін 
мамандардың 
арасында 
қолжетімсіз.Қоғамға тек ана тілінде ғана емес, сонымен қатар шет тілдерінде де ақпаратты 
игере алатын және оны басқара алатын ғылыми білікті кадрлар қажет екені сөзсіз. 
Сондықтан белгілі бір жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде, атап айтқанда 
«Органикалық химияның теориялық негіздері» пәні бойынша сабақтарды ұйымдастыруға 
көшу әдістерін, сондай-ақ "органикалық химия" және "ағылшын тілі"оқу пәндерін 
пәнаралық интеграциялаудың дидактикалық жағдайларын, нысандары мен әдістерін көздеу 
маңызды. Шетелдік материалды қолдану химияның шет тілімен пәнаралық байланысы үшін 
үлкен мүмкіндіктер ашады және химияны оқуға деген ынтаны арттырады. 
Қазіргі таңда оқытушылар заман талабына сай:
- Сабақты дайындауға және оны өткізуге барынша аз мөлшерде күш жұмсауға
- Тез әрі эффективті түрде студенттердің білімін тексеруге; 
-Жаңа материалдарды үйрену жолдарын максималды түрде түсінікті етіп 
құрастыруға; 
- Сабақ барысында дисциплинаны сақтауға дағдылану арқылы білім алушыларға 
оқыту процесін қызықты ете алады[1].
Модерницазияланған заманда химия пәнін, яғни «органикалық химияның теориялық 
негідері» пәнін тек қазақ топтарында ғана емес, ағылшын топтарында де барынша 
индивидуалды, құрылымды және эффективтіоқыта білудің маңызы зор.
Осы мақсатта, ағылшын топтарындағы білім алушылардың химияны оқу 
барысындағы пікірлерін «сауалнама» арқылы білуді жөн көрдік. Сауалнамаға барлығы 40 
студент (ағылшын тобы) қатысты. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, ең көп кездесетін 
(50%) қиындық топтағы білім алушылардың ағылшын тіліндегі деңдейлерінің әртүрлі 
болуында екенін анықтадық. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылардың жауаптарының 
арасында 30% дауысты сабақтардың дәстүрлі форматта өтуі, ал 10% көрсеткіш сабақтың 
едәуір бөлігі жазуға негізделгенін құраса, қалған 10%-ы практиканың жеткіліксіздігін 
құрайтынын көрсетіп отыр. 
Ағылшын топтарында химияны оқытудағы кедергілерді анықтай отырып, осы 
мәселелерді шешуге арналған бірнеше іс-әрекеттерді ұсынуды жөн көрдік. Осы тұста біз 
ағылшын топтарында «органикалық химияның теориялық негіздері» пәнін ғана оқытып 
қоймай, оған қоса ағылшын тілінің лексика-грамматикасын да қамтуды ұмытпағанымыз 
дұрыс. Осыған байланысты төменде әдістер берілген: 
 
Кесте-1.
Сабақ барысында қолдануға ұсынылатын әдістер 
№ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет