Транзистордың кіріс және шығыс сипаттамалары қандай?
Жалпы мағлұматтар. Биполярлы транзистор – екі p-n аусуы бар жартылайөткізгіштік құрал. Транзисторлардың биполяр (екі полоюсті) атану себебі – одан ток өткен кезде заряд тасымалдаушылардың екі тегі (электрондар мен кемтіктер) қатысады. Транзисторлар екі типті болады: p-n-p және n-p-n. Біршама артықшылықтары бар болғандықтан n-p-n типті транзисторлар қолданыста кеңінен таралған. Биполяр транзисторлардың схемадағы белгіленуі 17 суретте келтірілген.
17 Сурет – Транзисторлардың схемадағы белгіленуі
Бұл жердегі белгіленулер: «б» – база, «к» – коллектор, «э» – эмиттер. Транзистордың типі (п-р-п немесе р-п-р) эмиттердегі бағдарсызықтың бағытымен анықталады, ол эмиттерлік ауысу тогының бағытын көрсетеді. р-п-р типті транзистордың коллекторы қуат көзінің теріс полюсіне, ал п-р-п типті транзисторда оң полюсіне қосылады. 18 суретте п-р-п және р-п-р типті транзисторлардың электродтарындағы токтар мен кернеулер келтірілген.
18 Сурет – Әртүрлі типті транзисторлардағы токтар мен кернеулер
Кіріс сигнал көзі мен транзистордың шығыс тізбегі арасында қай электрод ортақ болуына байланысты транзисторды қосудың негізгі үш түрлі қосылу схемасы болады: ортақ эмиттермен (ОЭ), ортақ коллектормен (ОК) және ортақ базамен (ОБ). Бұлар 19 суретте келтірілген.
19 Сурет – Транзистордың түрліше қосылу схемалары.
а) – ортақ базамен; б) – ортақ эмиттермен; в) – ортақ коллектормен.
Транзистордың әртүрлі қосылу схемаларының негізгі салыстырмалы техникалық параметрлері 1 кестеде келтірілген.
1 кесте – Транзистордың әртүрлі қосылу схемаларының негізгі
салыстырмалы техникалық шамалары [6]
|
rкір
|
rшығ
|
Ku
|
Ki
|
Kp
|
Ескерту
|
ОЭ
|
Орташа
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Өте жоғары
|
Жиі қолданылады
|
ОК
|
Өте жоғары
|
Өте төмен
|
1
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жиі қолданылмайды
|
ОБ
|
Төмен
|
Өте жоғары
|
Жоғары
|
1
|
Жоғары
|
Сирек қолданылады
|
Транзистордың жалпы және көбінесе жиі қолданылатын, оны сипаттайтын көрсеткіші – эксперимент жүзінде алынған статикалық вольтамперлік сипаттамасы (ВАС).
Транзистордың статикалық сипаттамасын эксперимент жүзінде алынған, жүктемесіз режимдегі (Rж=0) транзистордың p-n ауысуындағы ағатын ток пен кернеу арасындағы қатынастарды көрсететін графиктер құрайды. Бұл сипаттамалар әр типті транзистор үшін бірегей болып табылады және олар транзистордың зауыттан шыққан төлқұжатында немесе жартылайөткізгіштік приборларға арналған анытамаларда келтіріледі [3,4].
Достарыңызбен бөлісу: |