Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың ішінде жүргізген жұмыстарының мәліметі



Дата03.12.2016
өлшемі122,76 Kb.
#3016
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2012 жылдың ішінде жүргізген жұмыстарының мәліметі


  1. Негізгі көрсеткіштері

2012 жылы 1670 мәдение-көпшілік шара өтіп, 220000 адам қамтылды. Тақырыптық кештер 554, көркемөнерпаздар концерті ,спектакль саны 600, байқау 56, жастар кеші 460 . Ақылы қызмет 2604,7 теңгеге орындалады. Үйірме саны 135, 1397 мүшесі.

Кітапхана бойынша : кітап қоры 139656 оның 81767 қазақша оқырман саны 8289, берілген басылым саны 143949, келушілер саны 72021,жаңадан түскен әдебиеттер саны 4489.



  1. Мәдени-көпшілік шаралар.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Өңірлік Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жасаған жоспары негізінде жұмыстар жүргізді.

«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» облыстық тіл фестивалі аясында ауданда Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен оны дамыту , өскелең ұрпаққа эстетикалық , рухани тәрбие беру және шығармашылық қабілетін дамыту,тілін, мәдениетін құрметтеу , Отанына және туған жеріне сүйіспеншілігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беруде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірнеше мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырды.

2012 жылға 468 (төрт жүз алпыс сегіз) мың теңге қаралды.

«Самал боп ескен сағым - жыр» атты Серғали Қоблашевтің шығармашылық кеші өтті. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан аудандық байқауы болды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз антымызды орындадық» ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті .

«Оралхан Бөкей- тіл шебері» аудандық байқауы ұйымдастырылып өтті. Аудандық байқаудың жеңімпазы Қуанышбаева Гүлсезім облыстық тіл фестиваліне жолдама алып байқауға қатысты. «Мақсұтым– тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты аудандық АБАЙ оқулары байқауы өтті.

«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» облыстық тіл фестивалі аясында «Тілдарын– 2012» аудандық олимпиадасы өтті. Аудандық байқаудың жеңімпазы Баймурзина Гүлбану Өтегенқызы облыстық тіл фестиваліне қатысып жүлделі 2 орынға ие болды.

« Тіл болашағы – балабақшада» аудандық байқауына «Балапан», «Балдырған» , «Аққайың» балабақшасының 15 бүлдіршіні қатысты. Байқаудың мақсаты: Балабақшалардағы мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылығын ояту, тіл мәдениетін көтеру , көрем әдебиетті насихаттауды жандандыру , халық арасынан талапты , талантты жастарды іздеп табу.

«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» атты аудандық байқауға әрбір селолық округтен құрылған командалар қатысады. Байқауға қатысушыларды клуб мекемесінің мәдени жұмысты ұйымдастырушылары басқарып ,5 шарттан тұратын талаптарды орындауға міндетті: өзі тұрған ауылының тарихы,мәдениеті,ұлы тұлғалары,мемлекет қайраткерлері жөнінде мәлімет; мемлекеттік тілде басқару жұмысы мен іс жүргізуде атқарылып жатқан жұмыстар туралы көрніс; орыс тіліндегі терминдердің қазақша баламаларын айту; қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірінің дайындалу ерекшеліктері туралы баяндау; «өнертаным» ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмді насихаттайтын қара сөз, монолог,өлең,ән орындау.Бұл шараны өткізудің негізгі мақсаты : Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту,тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, жастар мен жасөспірімдерді ұлт тарихын зерттеп білуге ынталандыру, тарихи шежіремізді,мәдени құндылықтарымызды қадірлей білетін отаншылдық сезімге баулу.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен

«Өнер,өмір – егіз ғұмыр» термеші,әнші,актер- Бердалиев Ратбектің шығармашылық кеші 2012 жылдың 19 қазан күні «Арай» мәдениет үйінде өтті. Сахна төріне «Өнер,өмір – егіз ғұмыр» термеші,әнші,актер -Бердалиев Ратбектің шығармашылық кеші деп жазылған және суреті салынған баннер ілінді. Түрлі түсті шарлармен әсемделді.

Ратбектің – терме жанырында : Бұқар жырау,Ақтамберді, Базар, Шернияз, Майлықожа жыраудың термелерін нақышына келтіріп орындайды. Оның репертуарында Шалкиіз жыраудың, Шораяқтың Омарының,Ақтан Керейұлының, Мақтымқұлының , Шал ақын (Тілеулес Құлекеұлын) Нұрым Шыршығұлұлының терме, толғау,өсиет, арнаулары бар екендігімен таныстырды. 1 .Майлықожа -1835 жылы туған. Жоқшылық-мұқтаждықты көп көрген, бірақ талапты жас өлең өнерін ерте бастайды. Майлықожа-аштық жылдардағы қазақ шаруашылығының күйзелісін , би-болыстардың жемқорлығын ,махаббат бостандығын, жалпы адам мінездерін түзетуді, еңбекке елге деген шексіз сүйіспеншілікті, егіншілік кәсіпті жырлайды. Ақынның бұл шығармаларында терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық та айқын көрініп отырады. Майлықожаның термесі- «Жақсы бір адам қартайса»

2.Шернияз Жарылғасыұлы-1807 жылы туып 1867 жылы қайтыс болған.Қазақ әдебиетіне Шернияздың әкелген бір жаңалығы ,ол ертеден келе жатқан импровизация өнерін кемелдендіре ,жетілдіре түсіп ,оны өзіне қарсыласушылардың мін-кемістіктерін, оған мінездерін көрсетуге ажуа шебер пайдалана білген мысқылшы. Шернияз Жарылғасұлының термесі- « Сөз сөйлеймін,бөлмелеп»

3.Базар Жырау- ақындықты он алты жасынан бастаған, бар өмірін, ықыласын өнерпаздық жолға бағыштайды. Халық қамқорын көксеп жырлаған. Шығармаларының мазмұны мен тақырыбы қазақ өмірінің шындығынан туған. Тілі шешен,түсінікті, замандастарымен салыстырғанда мұнда діншілдік аздау.

Базар Жыраудың термесі- «Сөйле десең сөйлейін» - Мақтымқұлының өсиеті

Бүгінгі кеште термеші - Ратбек Бердалиевтің өнерін насихаттай отырып, Аға буын өнері мен жас талапкерлер арсындағы шығармашылық байланысты нығайтуда , нақыл сөз, мақам саздарын халық алдына шығарып, бабалар мұрасын қайта жаңғырту мақсатында термешілер байқауына : Имантаева Нұргүл, Әбдірахманов Ғалым, Есмурзин Ербол. Марат Серік қатысты.

Қойылатын талаптар әр талапкер 1 термеден орындайды, негізінен термеден әртүрлі мектептердің дәстүрін сақтау, орындаушылық шеберлігі мен сахна мәдениетін сақтау, домбырамен сүйемелдеу шеберлігін танытып, дәстүрлі қағыстарды насихаттауына баса назар аударылады.

Байқау арасында М.Әуезов «Еңлік-Кебек» спектаклінен көрніс « Жапал» ролінде Ратбек Бердалиев өнерін көрсетті.

Актерлік өнерінде С.Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр» спектаклінде Дөкей ролін, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінде Жапал ролін,Қ.Шаңғытбаевтың «Беу қыздар-ай» спектаклінде Әбдіқадір, С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал» спектаклінде Бөпіш, Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» спектаклінде Естемесов ролін, Қ.Ысқақовтың «Арыстанбайдың Мұқышы, Дайрабай, Құрымбай және басқалары» спектаклінде Құрымбай ролін сомдағанын, сахнада интермедияда ойнауда түрлі ролдерді нақышына келтіре, халыққа жағымды, жағымсыз көріністерді өз деңгейінде жеткізе орындайтын актер. Жарас Әбдірашев «Түспен тәуба», Мұхтар Шерім «Саңырауға сәлем берсең»

Итермедиясы орындалды .Кеш арасында : Мырзалин Айбат «Ауылым алтын бесігім» өлеңін Мағзұм Нұрталап оқыды,қазақ биі «Тойбастар» Қуаныш Фарида биледі. Ә.Темірханов «Ана,Әке » әнін Бердалиев Мирамбек, Пірманова Сұлушаш «Әкешім-анашым» , «Әжеме» өлеңін Мағзұм Нұрталап, «Ұйғыр биі» Қуаныш Фарида биледі.

Кеште. Әншілік өнерде - халық әндері ,Мұхиттың әні, М.Шахановтың,Кенен Әзірбаев, Әсет Бесеуовтің, Шәмші Қалдаяқов, М.Омаров,Н.Тілендиевтің әндерін орындайтындығы айтылып, сахнаға Ратбек Бердалиевті Халық әні «Шымыр» әнімен , Кенен Әзірбаев «Жас кезеңдері»,Балқы Базардың термесі «Жиырма бес» М.Омаровтың «Ағаларым», Әсет Бесеуовтің «Армандастар» әнін орындады.

« Өмірі-өнер,өнері- өнеге» атты дәстүрлі әнді орындаушы, Республикалық эстрада әндері байқауының лауреаты Рахметов Серіктің шығармашылық кеші 2012 жылдың 8 желтоқсан күні өтті.

Шығармашылық кештің алғашқы ашылу сәтінде сөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы ,осы кешті ұйымдастырушы Сарина Әлияға берілді.

Рахметов Серіктің қысқаша өмірбаяны айтылды. « Өмірі-өнер,өнері- өнеге» атты дәстүрлі әнді орындаушы, Республикалық эстрада әндері байқауының лауреаты Рахметов Серік халық әні «Құралай» әнін, «Ана-әке», «Тырналар», «Жас қалам» , « Мен саған ғашық едім» әндері айтылды.

Бүгінгі кештің негізгі мақсаты дәстүрлі әнді насихаттау Халықтың асыл қазынасын өзі қастарленгені мен бірге оның қадір қасиетін өзгелерге де ұғындыру үшін еңбектеніп,мақсат ұлттық нақыштағы әндеріміз ұмытылып кетпеу үшін концерттерде жиі орындап,дәстүрлі әндерді дәріптейтін шәкірт тәрбиелеу.

« Өмірі-өнер,өнері- өнеге» атты шығармашылық кешінің дәстүрлі әнді орындаушы қасиетті ұлы дала үнінен қуат алып,әсем әндерімен тыңдарман жұртына шуақ берген Рахметов Серіктің шығармашылығы ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс. Серіктің -дәстүрлі ән жанырында : Абайдын әндері – «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның Онегинге хаты», Алтынбек Қоразбаев «Шаш –баулым», Кенен Әзірбаев «Арнау» , Б.Тәжібаев «Туған ел», «Ақбұлақ». т.б әндері бар.

Дәстүрлі әнді орындаушы Рахметов Серік халық әні «Керімай-айдай» әнін және Т.Әбуова «Немерем», Т.Әбуова «Кейбір келін» , «Нақыл сөз», Шал Күлекей «Жігіттерге өсиет» әндері айтылды.

Осы шығармашылық кеште киелі мұраны кеңінен,тереңінен насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу,талантты жастарымызды өнердің кәусәр бұлағынан нәр алғызып,шеберлігін шыңдауға ықпал ету, сонымен бірге дәстүрлі әндерді орындаушылырмен байқау өткізу жоспарланды.

Байқауға – қазақ композиторларының әндерін домбыра,қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын өнерпаздар қатыса алады.

Байқауға – қазақ композиторларының әндерін домбыра,қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын өнерпаздар шақырылды.

Сахнада дәстүрлі әнді орындаушы Сымайылова Орынкулді , Кадешов Аманбек, Картанов Әмірбек ән айтты.

Кеште жас әнші Рахметов Жубаныш Серікұлы италия әнін орындады.

Кешті Республикалық эстрада әндері байқауының лауреаты Рахметов Серік «Аяла». «Сұлу қыз» , «Есіңе ал» , «Өкінбе сен», «Ақ ерке –ақжайық», «Еркеледің сен» әндерін орындады .

Аудандық кітапханада қоғамдық саяси өмірді насихаттау мақсатында «Қазақстанның жаңа биіктерге өрлеуі» атты ашық есік күні ұйымдастырылған көрмеге еліміздің биік мақсаттарға жету жолындағы еңбектері, елбасының кітаптары тағы басқа да деректі кітаптар оқырман қауымға ұсынылды.

«XXI ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры» атты кітап Мемлекет басшысы, өз елінің патриоты, халқының кемел көшбасшысы Н.Назарбаевтың кестелі сөздері мен орамды ой-тұжырымдары туралы оқырмандарымыз жақынырақ оқып танысты. «Береке барар жолда», «Киелі Тәуелсіздік», «Тұлға туралы толғамдар», «Алаштың ардағы», «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет», бұл кітаптар жастар мен жасөспірімдердің бойына биік ұлттық рух қалыптастыра алады.Еліміздің жүрегі Астана күніне орай «Армандай асқақ Астанам!» ашық көрме өз оқырмандарына қызмет етті. «Әнім сенсің Астанам!» атты папка да өз оқырмандарының игіліктеріне жарады.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:» жалпыға ортақ еңбек қадамына қарай 20 қадам» атты слайд жасалып,оқырмандар арасында насихат жұмыстары аудандық кітапханада, Тәуіп селолық кітапханасында өткізілді.

«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы аясында елді таяудағы 30 жыл ішінде дамытудың мерзімді стратегиялық жоспарын насихаттау мақсатында жасөспірім оқырмандар арасында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен

« Мен-2030 жылы...» атты блиц турнир өткізілді.. Бұл іс арқылы оқырмандарымыздың болашаққа деген сенімі мен үміт арманы туралы өз ойларын білу мақсатында ұйымдастырған шара болды.Ойынға қатысқан әрбір оқырман Қазақстанның болашағы-экономикасын,әлеуметтік дамуын ұлттық қауіпсіздігін ойша көз алдарына елестете білді.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қадамына қарай 20 қадам» атты естелік шығарылды.Барлық кітапханаларда 19 тамыз- спорт күнінде жастар мен жасөспірімдер арасында бүгінгі күні Қазақстандық спортшылар ұлт мақтанышы екенін,олимпиядашыларымыздың табыстары салауатты өмір салтын қалыптастыруға спортты дамытуға бағыттылған сындарлы мемлекеттік саясаттың нәтижесі екені насихатталды.Индустриялды-иновациялық дамуын насихаттау мақсатында «Тәуелсіздік кепілі-жасампаздық жұмыс,еселі еңбек» атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр Қазақстандықтарға қамқорлық көрсету мақсатында «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» ел болашағына арналған тапсырмалар жөнінде баспасөз беттеріне алынған және Н.Назарбаевтың кітаптары қойылды. «2020 Жаңа әлеуметтік бағыт: «Қазақстанның модернизациялық бағдарламасы туралы» библиографиялық шолу жасалды.

Халқымыздың біртуар перзенті, аты дүние жүзіне мәлім,мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 100 жасқа толу құрметіне «Ұлтымыздың рухани ұстазы еді» атты портрет кеші кең көлемде мәдениет үйінде өтті.Отан сүйгіштікке, адалдыққа,білімдікке шақыра отырып, республиканың қалай өсіп-өркендегенімен таныстырып баяндалды.Д.А. Қонаевтың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Отаншыл жас ұрпақты тәрбиелеуде жастар мен жасөспірімдер арасында «Рәміздермен рухтан,Жас ұрпақ!» атты естелік, жарнама ақпараттық естелік аудандық кітапханада кітапхана оқырмандарына таратылды.Барлық кітапханаларда «Мемлекеттік Рәміздер-20: Отан деп соқсын жүрегің , Қазақстан сенің өз елің» атты кітап көрмесі жасақталып қызмет етуде.Көрмеден жасөспірім оқырман Е.Шаймерденовтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты Алматыдан «Балауса» баспасынан «Қазақ елінің рәміздері» атты кітаптарды алып оқуда.Мемлекеттік рәміздерді насихаттауда Ұлттық зердемізге, ой-санамызға бойтұмар болар қасиетті рәміздерді жақсы білу баршамыздың соның ішінде жасөспірім ұрпақтың парызы. Аудандық кітапханада «Мемлекеттік Рәміздер-20:» «Отан деп соқсын жүрегің,Қазақстан сенің өз елің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Рәмізің мен рухтан, жас ұрпақ!» атты жарнама естелік шығарылды. «Арманнан туған рәміздер» атты блиц турнир өткізілді. «Ұлттық рәміздер еліміздің айбаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ғасырлар қолтаңбасы немесе Рәміздік таным» атты дөңгелек стол аудандық «Жас қыран» жастар бірлестігімен бірлесе өткізілді. «Отанның бойтұмар белгілері» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға ұлттық құндылықтарымыз рәміздер туралы көптеген кітаптар қойылды. «Биік тұғыр,өшпес рух!»атты шолу сағаты жасөспірім оқырмандардың Отанға деген патриоттық сезімдерін оятты.

30 тамыз Конститутция күніне орай «Конститутция Тәуелсіз елдің жарқын белгісі» атты дөңгелек стол өтті. «Ата заң мемлекеттілігінің арқауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Аудандық кітапхананың оқу залында «Қазақстан Республикасының Конституция туралы заңы» атты тақырыпта сабақ өткізілді. Сабақты заң маманы Е.Назарбаев жүргізді. Сонымен қатар «Біз құқықтық мемлекетпіз» атты іскерлік ойын өткізілді. «Заң.Уақыт.Заман» тақырыбында библиографиялық шолу өткізіліп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңнан көптеген мағлұмат алып заң тармақтарымен танысты. «Құқықтық білім баршаға» атты оқу сабағы өткізілді. «Заң талабы-заман талабы» атты көрме қараша айында ұйымдастырылып, «Заң-құқықтың қайнар көзі» тақырыбында библиографиялық шолу өткізілді. «Жемқорлық індет,жою міндет» атты дөңгелек стол, «Адам.Сана.Тойымсыздық» атты ақпаратты шолу жас мамандар арасында өткізді.

2012 жылы «Оқитын өлке» акциясы аясында ақын Мұхтар Құрманалиннің «Жұлдызды жорық» кітабы насихатталуда. «Өлке Акциясы-2012: М.Құрманалин «Жұлдызды жорық» атты кітабы жарнама ақпараттық естеліктер шығарылды.

«Дипломмен ауылға» мидиа жоспары бойынша «жеке тұлға: Асыл қасиет Астары» атты дөңгелек стол Нұра селолық кітапханасында өтті. Жас мамандар Тоқабаева Гүлбану мен Елеусізұлы Досжан шақырылды. Дөңгелек столға жасөспірімдер қатысты. Жас мамандар әңгімесін тыңдаған жасөспірім Айымгүл мен Әсем-ай Туған жер, Отан туралы әндер шырқады.

Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Тәуіп селолық округінде Тәуіп селолық кітапханасының Жаңа үлгідегі кітапханасы ашылды. Жаңа үлгідегі кітапхананың ашылу тақырыбы «Кітапхана-мәдениет пен ақпараттың жалпыға бірдей орталығы»деп аталады.

Рухани құндылықтарымыз мәдени мұраның жастарға берері көп. Осы орайда кітапханаларда «Мәдени мұра-көнеден жеткен жәдігер» атты кітап көрмесі жасақталып оқырманға қызмет етуде. Көрмеге 25 кітап қойылды. «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен шығып жатқан томдық әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Ақтөбе жауһарлары» атты кітап көрмесінің тұсаукесері болды. «Адырна» ежелгі жыраулар, Н.Байғаниннің өлеңдері мен дастандары,Ж.Төлепбергенұлының повестері мен әңгімелері,сатиралық суреттері,Б.Күлеевтің таңдамалы туындылары, Ғ.Ахметов, Т.Ахтанов,Қ.Шаңғытбаев сынды тағы да басқа өңірлік ақын-жазушылардың тақырыбындағы кітаптары таныстырылды.

Қазақстанның экономикасын дамытуда бағдарламалармен жұмыс жасап отырған кәсіпкерлер өз жұмысын дамытуда мемлекеттік бағдарламаға сүйенуде.Соның бірі кәсіпкер, өлкетанушы,кітапхананың белсенді оқырманы Ералы Тұрабаевпен «Ерен еңбек үлгі» сыр-сұхбат өтті.Сұхбатқа Ы.Алтынсарин атындағы мектеп бітіруші түлектер қатысты. «Парасатпен нұрлы болашаққа» кітап көрмесі, Қазақстан экономикасын насихаттау мақсатында «Ерен еңбек үлгісі» атты бейне слайд оқырман назарына ұсынылды.

Салт-дәстүр, имандылықты насихаттау мақсатында аудандық кітапханада «Өмір де ана-бұлақ,ана, пана өмірді өрнектетер ана ғана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, мерекелік «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты әдеби қонақжай кеші өтті. Барлық кітапханада кітап көрмелері жасалып оқырманға қызмет етті.Ырғыз аудандық кітапханасымен барлық селолық кітапханаларда жастар мен жасөспірімдер арасында «Оразаң қабыл болсын ұстаған жан» атты кітап көрмесі мен оқырмандар арасында библиографиялық шолу өткізілді.Қадір түннің қасиеті жайлы оқырманға естелік жасалып,жасөспірім оқырмандарға таратылды.Салт-дәстүр әдет-ғұрыптарды насихаттау мақсатында «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты әдеби қонақжай кеш өткізілді.Бұл кешке ардақты аналар мен зейнеткерлер,қонақтар шақырылды.

Ақтөбе облысының 80 жылдығы аясында «Өркенді өңірдің шежіресі» атты блиц турнир кітапхананың оқу залында өткізілді.Тарихи оқиғалардың куәсі болған Ақтөбе облысының мерей тойына орай «Ақтөбе облысының құрылғанына-80 жыл атты папка жасақталып,өңірдің тарихы мен шежіресі, ерен еңбегі мен халықтың мақтанышына айналған азаматтар мен азаматшалар туралы толық мәліметтер қамтылған.Оқу залында «Ақтөбе құт береке асыраған» атты көрме оқырмандар назарына ұсынылды.Көрмеге анықтамалық басылымдар мен Ақтөбе іңірі туралы кітаптар туған өлкемізден шыққан азаматтардың жеке шығармашылығына арнап 30 кітап қойылды. «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері қойылды.

Аудандық кітапхана,Тәуіп,Қызылжар,Құмтоғай селолық кітапханалары «Қазақстан: Бүгінен нұрлы ертеңгі» атты сыр-сұхбат өткізді. Сыр-сұхбатқа жасөспірімдер қатысты ...9 мамыр Ұлы Жеңістің 67 жылдығына орай кітап көрмелері ұйымдастырылып, биб.шолу жасалды. Құтикөл селолық кітапханасында «Отан деп соқсын жүрегің,Қазақстан сенің өз елің» атты библиографиялық шолу өткізілді.Нұра селеолық кітапханасында «Жүрегімде Отаным» атты дөңгелек стол өткізілді.Дөңгелек столға еңбек иелері, жасөспірімдер қатысты.Патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында 23-тамыз күні Кеңес Одағының батыры М.Мәмбетованың туғанына 90 жылдығына орай «Батырлықты паш еткен, Мәншүк!» атты көрме қойылды.Көрменің мақсаты: жастарды отансүйгіштікке,елін құрметтей білуге тәрбиелеу батырларымыздың ерлігін ұмытпай, оларды әрқашан ұлықтауға шақыру. Көрмеге 11 кітап қойылып, мерзімді басылымдарға жарияланған М.Мәмбетова туралы мақалар қойылды..



Бөлім бастығының

міндетін атқарушы: Ә.Сарина
Каталог: sites -> default -> files -> Node 5701
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
Node 5701 -> Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылға жасаған жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет