Аударма айшыќтары


ҚАСЫМ ТОҒҰЗАҚОВ – АУДАРМАШЫ



бет32/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

ҚАСЫМ ТОҒҰЗАҚОВ – АУДАРМАШЫ


Г.Қ.Қазыбек

Аударма қазақ әдебиетінің төлтума бір саласы. Сол аударма ісімен айналысып, әдеби қазынамызды ерен молайтуға үлес қосқан аудармашы – ақынның бірі Қасым Тоғұзақов.


Ол Қостанай облысы, Қазіргі Боровой ауданына қарайтын, Ломоносов ауылында дүниеге келген.
Атасының өсиеті бойынша 1920 жылы Қасымды орыс мектебіне береді. Талантты зерек бала 4 жылдық орыс мектебін ойдағыдай тәмамдайды. Баланың пысықтығына, алғырлығына сүйсінген әкесі 1926жылы Қостанайға алып барып, педтехникумға орналастырады. Техникумда оқып жүріп Қостанайдың “Ауыл” газетіне тілші болып қатынасады. Ақынның І өлеңі осы газетінің бетінде 1917 жылы жарық көреді. Содан кейін жас таланттың ынта жігері арта түседі. Қасым бір сөзінде менің ұстаздарым: “Б. Майллин, Ж. Еленов, М. Жақсықов, Қ. Өзденбаев сияқты әдебиетшілер еді. Менің ақындық болмысыма солар әсер етті”.
1930 жылы “Жедел қарт” атты фельетондар жинағы жарық көрді. 1930-1933 жылдары ақын Ленинградтың А.И.Герцен атындағы педагогикалық институтына түсіп оқиды. Мұнда атақты педагог дүние жүзіне белгілі ғалым Николай Яковлевичтен дәріс алады.
Әдебиеттің нелер асыл қазынасы, өнер дариясы осында екенін көзімен көріп, көңіліне тоқиды. Пушкин, Лермонтов, Некрасов сияқты саңлақтардың еңбектерімен танысады.
Ұлы орыс халықтарының атақты ақын-жазушыларының еңбектерімен тәнті болған Қасым Тоғұзақов аудармамен айналыссам деген ойға келеді. Талантты ақын орыстың классикалық әдебиетінің алтын қақпасын ә дегенде Лермонтов арқылы ашады. Оның бірінші аударғаны – “Бастуншы ауылы” деп аталатын поэмасы. Одан кейін “Демон”, 1934жылы екеуін жеке кітап етіп басқарады.
Ол Лермонтовпен шектеліп қоймай, орыс поэзиясының жарық жұлдызы Пушкинді де қазақша сөйлете білді. Пушкиннің “Бақшысарай фонтаны” атты белгілі поэмасын аударып оқырман қауымға ұсынды. Қасым Пушкиннің бұл шығармасын қазақ тілінде нәрлі де, сәнді аударған-ды. Бұл шығарма оқырман көңілінен шығып қазақ аудармасында өзіндік орны бар еңбек болып табылады.
Дегенмен, Қасым орыс классиктерін аудара жүріп біраз олқылықтарда жіберіп алады. Оны Лермонтовтың “70” шығармасынан көре аламыз. Егер аталған шығарманы Қасым ғана аударған болса, біз оны аңғармас та едік деп ойлаймын. Дәл осы Лермонтовтың “70” өлеңін Шамкеновтың аудармасымен салыстырғанда байқалады.
Түпнұсқа:
Прости! – мы не встретимся больше.
Друг другу руки не пожмем
Прости! – твое сердце на воле
Но счастья не сыщешь в другом.
Тоғұзақовтың аудармасы:
Бақыл боп тұр! – кездесу жоқ оралып
Көрісу жоқ қатты қысып қол алып
Бақыл боп тұр! – Азат болды жүрегің...
Басқа жаннан бақыт таппайды ол анық!
Шамкеновтың аудармасы:
Кешіре гөр! Көріспезбіз, білемін,
Енді қайтып тұрмаспыз да қол алып.
Кешіре гөр! Өз еркіңде жүрегің,
Бұл бақытың келмес енді оралып.
Бұл жерде “Бақыл бол” деген сөз бен “Прости” деген сөздің мағынасы мүлде алшақ жатыр. “Бақыл бол” деген сөз қазақта шейіт болған адамға “Қош” сөзі “кешір”, “айып етпе” деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде Шамкеновтың аудармасы сәтті шыққан. Ол да жолма-жол аударма жасаған. Бірақ Тоғұзақовқа қарағанда мағынасын дәл ашып берген.
Жалпы аударманың бірнеше түрі бар. Олар – сөзбе-сөз, балама, назира аударма т.б. Соның ішінде ақын көбінесе сөзбе-сөз және жолма-жол аудармалар жасаған. Әрине аударманың бұл түрлері сәтті шыға бермейді. Бірақ ақынды олай кіналаудың реті жоқ. Өйткені әр дәуірдің өзіндік ортасына қарай ерекшелігі де, кемшіліктері де болады. Ол өз заманындағы аудармашылардың алдынғы қатарынан орын алады.
Қ.Тоғұзақовтың аудармасынан тағы бір мысал келтірейік:
В той башне высокой и тесной
Царица Тамара жила:
Прекрасна, как ангел небесный
Как демон, коварна и зла.
Мекендепті жәйде биік, өзі тар
Қатын патша Тамара деп, аңыз бар:
Періштедей аса көркем ажары,
Әзәзілдей залым екен бәтшағар.
“Тамара” өлеңіндегі бұл шумақта мағынасын жеткізе алғанымен, әдеби тілден алшақтау сөздер қосып жіберген. Бұл ІІ шумақта көрінеді. Ал соңғы қатарындағы “Как демон, коварна и зла” ұйқасына “Әзәзілдей залым екен бәтшағар” деген аударма жасаған. Бұл да ауылы алыстау мағыналы сөздермен аударылған. Лермонтовтың мәтінінен алатын әсер Қасым Тоғұзақов шықпай қалған. Сырт қарағанда дәл аударылған сияқты, ал, бірақ шынында әріптік дәлдік. Бар да, көркемдік дәлдік жоқ.
Негізінен аударма саласына байланысты көптеген мақалалар, сыни көзқарастар айтылып жатты. Соның бірі Гогольдың мына бір қысқа да, ұтымды сөзін аудармашы әрқашан естен шығармау керек деп ойлаймын. Яғни, “аудармашы аударманы аударғанда әр сөзіне бір жүгіре бермей, автордың ойын, онымен айтқысы келген мақсатын білдіре білу керек”.
Тағы да Лермонтовтың өлеңінен мысал келтірейік. Бұл өлеңі “Описание” деп аталады. Әлбетте бұл да сөзбе-сөз аударылған. Бірақ мағынасын аша білген. Бұл аударманы оқыған адам аударманың шебер аударылғанын мойындамасқа лажы жоқ деп ойлаймыз. Мысалы :
Страшись любви: она пройдет
Она мечтой твой ум встревожит,
Так по ней тебя убьет,
Ничто воскреснуто не поможет.

Сен сексен махаббаттан: ол өтеді,


Арманы ақылыңды тербетеді.
Сағынып ойлағанда жанды қинар,
Оны ешкім тірілте алмас, әуре етеді.
Сөздікте ешбір мағыналық өзгешелік жоқ. Мысалы: “Жанды қияр” дегенді “убьет” сөзімен қандай жақсы келтірген.
Қорыта келгенде, Қасым Тоғұзақов біресе жазушы, біресе аудармашы деп жүр. Менің ойымша аудармашы адам әдебиетті, тарихты, сөз өнерін жетік білместен аудара алмайды. Бұл өнерлерді бойына жиған адамды жазушы, аудармашы болады. Қасым бойынан, менің ойымша, бұл өнерлерді көре аламыз.
Біздің пайымдауымша, Қ.Тоғұзақов әрі ақын, әрі аудармашы. Оның ақындығын “Сібір Омыр” атты жырынан біле аламыз.
М.Ю. Лермонтов пен А.С. Пушкиннің бояуларына кір келтірмей шебер аударған асыл жырлар қазақтың төл шығармасындай кең далада, ел аузында еркін айтылып жүрді.
Қасым Тоғұзақовтың қабілетті талантты, екі тілге бірдей сауатты азамат екенін ертеден тани білген Майлин мен Ғабит өздеріне көмекші, серік етіп сайлаған. Халқымыздың ардагер ұлы, азамат соғысының Батыры, жау қолынан қаза тапқан А.Иманов туралы киносценарий жазған Қасымды кеңесші етіп, қастарынан үнемі қалдырмаған.
Ақын ұзақ жылдар бойы аудармамен шұғылданды. Некрасовтың “Орыс әйелдері”, Маяковскийдің “В.И.Ленин”, Гогольдың “Үйленуін”, Чеховтың “Шағаласын”, Толстойдың “Алтын кілтін” аударды.
“Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ” дегендей қашаннан біте қайнап, бірге өскен екі халықтың әдебиет арнасынан ерекше сусындаған Қасым бұл саладағы еңбегін зерттеу ісін қолға алу керек деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет