Аударма айшыќтары



бет28/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

МАҒЫНАЛЫҚ АУДАРМА ҰҒЫМДЫ
ҮНЕМІ ДӘЛ БЕРЕ АЛА МА?


Б. Исхан

Еліміздің бүкіл орта және жоғары оқу орындарында қазақ бөлімдері ашылып, қазақ тілінде сапалы білім беру мәселесі заман талабына айналғаннан бері, қазақша оқулық, оқу құралдарының жетіспейтіндігі айқын сезілді. Ең әуелі шәкірттер игергелі жатқан ғылым мен пәннің оқулығы түсінікті, сапалы болуы үшін, ғылым тілі қажет екен. Міне, содан бері әр түрлі пәндердің сөздігі құрастырыла бастады. Осы бағытта тындырған шаруаларымыз да аз емес, бірақ әлі күнге шейін қазақшасы бұрын болмай келген қыруар ғылыми ұғымдардың көпшілігіне қазақша атау беру бір ізге түспей келе жатыр. Біздің ойымызша, бұның бір себебі, салалық ғылымдардың атау сөздерін жасаушылардың зат пен ұғым және оған қойылатын атау арасындағы қарым-қатынасты, байланысты дұрыс парықтамауында жатқан секілді.


Зат пен ұғым және олардың атаулары арасында жалпы байланыс болғанменен, ешқандай табиғи, тікелей байланыс жоқ. Көпшілікке, әсіресе тілші-әдебиетшілерге (филологтарға) мәлім, атау-зат пен ұғымға қойылатын шартты таңба ғана. Ал зат жанды-жансыз, деректі-дерексіз, шартты-шартсыз, жалпы-жалқы болсын, бүкіл дүниежүзінің кез-келген ұлтына, ұлысына ортақ нәрсе (материя) және олар туралы ұғым да сондай. Тек соларға қойылатын атау ғана әр ұлттың тілінде өзінше бейнеленеді.
Бір қарағанда, жаратылыстағы сан алуан заттар мен құбылыстардың, ұғымдардың түрі, сыр-сипаты, мән-мазмұны, қадір-қасиеті т.б жақтары туралы таным-түсінік барша ұлт пен ұлысқа ортақ болғандықтан, оларға телінетін атаулар да бірдей болу керек сияқты. Бірақ бұл-қате түсінік.
Біз (біз ғана емес-ау басқа жұрт та) өзімізге беймәлім немесе алғаш көрген, таныған естіген, оқып-білген зат пен ұғымға, құбылысқа ат қоярда олардың бәрімізге бірден байқалатын, аңғарылатын сыртқы-ішкі көптеген белгі-сипаттарын санамызға қабылдай отырып, өзіміздің таным-түсінігімізге лайық, жан-дүниемізге ең жақын басты белгісін ғана атауға негіз етіп аламыз және таңдалып алынатын бұл белгі әр ұлтта әр қилы болып келеді.
Ат қоюға негіз болатын осы бір себеп (мотивация) салалық ғылымдардың атаулар сөздігін құрастырушыларды әбден шатастырып бітті. Олар қазақтың тұрмыс-тіршілігіне жаңадан енген зат пен ұғымға атау қояр кезде, олардың басқа тілдегі атауларына негіз болған түрткіні (себеп-мотивті) ғана ескеріп, соны қазақша жаңа атаудың бойынан іздеп, не оған сіңірмек болып әуре болады. Қандайлық бір себепке негізделіп қойылғанына қарамастан, кез-келген атау-әр ұлттың төл дыбыстық жүйесіндегі дыбыстардың табиғи қалыптасқан өзіндік тіркесіміне сай жасалынатын шартты таңба, яғни ұғымның сыртқы жамылғышы екендігін қаперге алмай жатады. Сөйтіп, көбінесе тура аудармаға бой алдырып, соны өз пайымдауынша дұрыс деп санап, әр түрлі келеңсіздікке ұрынады. Осы орайда орыстың көрнекті ғалымы ф.ғ.д., профессор Л.А.Новиковтың таңба мен мағынаның, ұғым мен заттың бір-бірлерімен қарым-қатынасы жайында айтқаны еске түседі.
Ол өзінің «Сөз өнері» деген еңбегінде былай дейді: «Зат пен таңбаның арасында тікелей байланыс жоқ. Олар өзара мағына арқылы байланысады.Қандай да болсын бір затқа атау беру үшін, оны ең әуелі белгілі мөлшерде пайымдап алу керек. Міне, сол себептен бәрімізге ортақ зат немесе нәрсе әр түрлі тілде түрліше аталады. Мысалы: орыстың «подснежник» (қар астында өсетін гүл) деген сөзі ағылшынша «Showdop» (қарға тамған тамшы), французша «Perse-nege» (қар түсетін гүл), немісше «Schneeglockchen» (қар қоңырауы) деп аталады» (Аударма мақала авторынікі. Л.А.Новиков Искусство слова. Москва: Педагогика. 1991. 11-стр.).
Ғалымның бұл мысалынан кез-келген зат және ол туралы ұғым мен оның белгілері барша тілге ортақ болатынын жақсы аңғарамыз. Мысалға келтірілген зат та бізге таныс. Ол туралы ұғымымыз да олардікінен бәлендей алшақ емес. Бірақ бұл сол затқа ат қоярда оның біздің өлкеге тән қасиетін білдіретін белгіні ескергенбіз. Сондықтан ол-тілімізде «бәйшешек» (алғашқы гүл) деп аталады.
Адам алғаш көрген нәрсесіне ат қоярда өзінің өмір бойы жинақтаған дүниетанымдық біліміне сүйене отырып, оны жан-жақты зерттеп-тексеріп, өзіндегі бұрынғы мәліметтер негізінде санасында бейнелейді. Сосын барып ат қояды. Мәселен ата-бабамыз орысша «страус» аталатын құсты тұңғыш көргенде оның құс екендігіне көңіл аударған және құс болғанда орасан үлкен екендігіне мән берген. Өзі танып-білген өміріндегі ең үлкен жануар түйе болған соң, соған ұқсатып, екеуінің бейнесін астастырып, «түйеқұс» деп атаған.
Ал зат немесе ұғым бұрын бейтаныс болып, тұрмыс-тіршілікке басқа елден бөтен тілдік атаумен келсе, оларды ұлттық тіл өзінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына бағындырып қабылдайды. Себебі, олар жат дыбыстардан тұрады, әрі олардың бір-бірімен тіркесімі де бөгде. Әлбетте, бөтен тілдік атаулар да шартты таңба, бірақ оларды сол қалпында пайдалануға болмайды. Өйткені, олар біздің тілге жат. Сол себептен араб тіліндегі ''fil'' (слон) қазақ тіліне «піл»болып енген. Егер оны сол қалпында қалдырсақ, айтуға тіліміз келмей, жазу жағы одан да қиын болар еді.
Бұдан шығатын қорытынды, тұрмыс-тіршілігімізге еніп, тілімізде аталуға, айтылуға тиісті жаңа зат-ұғымдарға дер кезінде қазақша атау берілуі керек, олай болмай, затпен бірге оның атауы қатар еніп, кең қолданысқа түсіп кетсе, бөгде тілдік атауларға зат пен ұғымға тікелей қатысы жоқ шартты таңба ретінде қарап, тек дыбысталуын ғана қазақшалау қажет. Мысалы, «Туберкулез»-медициналық ғылыми атау, ұғымы- «Дүние жүзіне кең тараған жұқпалы ауру. Арнайы қоздырғышы бар. Ол-кох таяқшасы деп аталады. Бұл аурумен, көбінесе денесі шынықпаған, жиі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын, тазалық сақтамайтын адамдар ауырады. Туберкулез таяқшасы, көбінесе өкпені мекендейді т.б.» осы ұғымды білдіретін «туберкулез» деген атауға қазақша жаңадан «құрт ауруы» деп атау қойған дұрыс па әлде сол ұғымды бойына сіңірген, төл дыбыстарымыздың жиынтығынан және олардың өзіндік тіркесімінен тұратын, ұлттық тәрбие көрген, ана тілінде оқып, білім алған қазақ айтып, жаза алатын «түберкілез» сөз-таңбасын қалдырған жөн бе? Біздің ойымызша, екінші ұстаным (принцип) әлдеқайда орынды.
Әрине, зат пен ұғымды дәл бейнелеп бере алатын қазақша сөз табылып жатса, әңгіме басқа, керісінше тілімізде бұрыннан бір зат пен ұғымға атау болған тілдік материалдар негізінде жасалған жаңа атау әуелгі ұғымына жетелеп, шәкіртті шатастырса ше?
Мәселен «науқас» сөзі «бір жері сырқаттанып жүрген адамдардан басқа да, дәрігерге қаралушы, медициналық тексеруден өтуші, сондай-ақ бұрын науқастанып, жазылып кеткен, бірақ емделген жерінде тіркеуде тұратын адам т.б.» деген ұғымды бойына жинақтаған «пациент» сөзін ауыстыра ала ма? Қайсысын айтқанда келтірілген ұғымды көз алдымызға елестете аламыз? Орыстардың өзі латын тіліндегі «patient» сөзінің мағынасын «больной» сөзі толық бере алмайтын болған соң, түпнұсқаны өз тілдерінің дыбысталуына икемдеп, «пациент» деп қалдырған.
Сондықтан, дыбыстық жағы өзгертуге көнетін (демек бәрін бірдей емес) шет тілдік атауларды тіліміздің айтылым-емле (орфоэпия-орфография) ережелеріне сәйкестендіріп, сәл-пәл түзеп, пайдалана салу әлдеқайда жеңіл. Ол үшін алдымен қазақ әліпбиін жат тілдік дыбыстардан арылтып, сосын шет тілдік сөздерді қазақша қалай жазу ұстанымын бір ыңғайға келтіріп алу керек. Сонда ғана тіліміздің сөздік құрамын басқа тілдік сөздердің есебінен байыта аламыз. Жаңадан сөз жасау машақатынан құтылып, жас шәкірттердің түсінігіне жеңіл, сапалы оқу құралдарын жазуға қол жеткіземіз. Біз үлгі тұтып жүрген орыс тілі, міне осы бағытты ұстанып, дамып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет