Аударма айшыќтары



бет27/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

АУДЫРМАЙ АУДАРЫЛҒАН
АНТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР


З. Исламбаева

Ұлттық әдебиет саласында елеулі еңбегімен танылған Мүсілім Базарбаевтың аудармаға да қосқан үлесі зор. Көпшілік қауым ғалымның аудармасы арқылы батыс-орыс жазушыларының шығармаларын оқып-білуге мүмкіндік алып отыр. Бұған “Алғашқы махаббат” (1960, 1968) деген атпен жарыққа шыққан И.С.Тургеневтің төрт повесі (“Первая любовь”, “Вешние воды”, “Ася”, “Постоялый двор”) мен Аристофанның “Лисистрата”, “Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер”, М. Ибрагимбековтың “Мезозей тарихы” деп аталатын пьесалары және т.б. дәлел.


Қазақ оқырмандары антикалық дәуір шығармаларында көтерілген проблемалар мен сол кезеңнің авторлық стилін, сахналық спецификасын, әрекет дамуы мен шарықтау сатыларын өз тілінде танып білді. М.Базарбаев өзі аударған барлық шығармалардың мәтін мазмұнын өзгертпей, стильдік қалпын сақтаған.
Батыс тарихына үңілсек, б.з.б. VIII-VI ғасырларда Грецияда полистер (өз алдына мемлекет болған қалалар) арасында экономикалық-саяси дағдарыстарға байланысты көтерілістер жиі болып тұрған. Афины мен Коринфтың сауда жолындағы тартысы және Афины мен Спартаның Грециядағы үстемдікке таласы Пелопоннес соғысына (б.з.б. 431-404) әкеп соқты. Б.з.б. 395 жылы Спарта тұтандырған Коринф соғысы басталды. Тағы да басқа осындай қоғамдық залалы зор шайқастардың қайталана беруі сол кезеңнің авторларына әдебиет (проза, поэзия) пен драматургияның (трагедия, комедия) түрлі жанрларында шығармалар жазуға түрткі болды. Мәселен, Гомердің “Илиада”, “Одиссей”, эпостық жырларының, Эсхилдің “Орестея” трилогиясының, “Фивыға қарсы жетеу”, “Парсылар”, Софоклдың “Эдип патша”, “Филоктет”, “Антигона”, Еврипидтің “Медея”, “Ипполит”, “Геракл” деп аталатын пьесаларының сюжеттік желісі осы соғыстардың төңірегінде өрбиді.
Ф.Энгельс тұжырымында “Комедия атасы” деп танылған Аристофанның “Лисистрата” пьесасының негізгі идеясы – соғысты тоқтату, елде бейбітшілік орнату. Автор өзінің бұл ойын әйелдер бейнесі арқылы жүзеге асырған. Пьесада бас кейіпкердің характер ерекшелігі нақты ашылған. Жеңіс жолында ештеңеден жасқанбайтын Лисистрата – бейбітшілік символы. Автор елдерге қарсы бүкіл қала әйелдерін алып шығуда оған қажымас күш-жігер беріпті. Ол:
“... Когда всех стран соединятся женщины:
Коринфянки, спартанки, беотиянки
И мы, - так вместе мы поможем эллинам”
“... Әйел біткен жиналса Беотия, Пелопоннес
Бәрінен құтқарамыз Элладаны
Баршамыз боп жұп жазбай”,-
деп Беотия, Коринф, Пелопоннес, т.б. қалалардың барлық әйелдерін жинап, бітіспес дауға қарсы әрекет етуге үндейді. Автор оқиғаның өрістеу барысында күдік тудырған әйелдерге:
“Вот в этом-то и сила и спасение,
В шафрановых платочках, в полутуфельках,
В духах, в румянах и в кисейных платьицах”
“Керегі сол, үмітім бар, құтқарып бізді соңында
Тап сол қырмызы мен жұпар иісі аңқыған,
Қызыл ерін, селдір хитон мына үстіңе жамылған”
Немесе соғыста жеңгеннен кейін:
“Чего ж ты ждал? Иль встретить ты надеялся
Рабынь пугливых? Иль не знал, что яростной
И женщина бывает?”
“Енді қалай деп едің?
Күңдерге шаптым деп пе едің?
Білерсің бе сен, сірә,
Әйелдердің жүрегі ызаға толы екенін”деген Лисистратаның сөзімен оның батыл да жаужүрек характерін танытады. Және бұнан М.Базарбаевтың шығарманың поэтикалық үнін, ұйқастық сарынын нақты бергенін байқау қиын емес. Аудармада сол дәуірдегі әр кейіпкердің психологиясы, бітім-болмысы айқын сезіледі. Мәселен, Кинесий – соғыстан титықтаған ежелгі грек ерлерінің типтік бейнесі. Қызуқанды, аңғал Кинесийдің әрекеті, соғысты тоқтатуға берген уәдесі автор тұжырымында Лисистратаның үндеу-ұранын одан әрі ұштай түседі.
Кейіпкерлер әрекеті күнделікті тұрмыспен, диалогтары әзілмен байланысқан пьесадағы әйелдер мен ерлер арасындағы тартыстың қоғамдық-әлеуметтік мәні зор. Аристофанның типтік-символдық кейіпкері Лисистратаның батыл әрекеті ертедегі шығыс халықтары әйелдерінің соғысты ақ жаулықтарымен тоқтататын дәстүріне жақын. Яғни, бұл-мемлекеттік дәстүрлердің параллельдік үндестігі.
Прологтан (сол кезеңнен жеткен пьесалардың барлығы прологтан басталған) басталатын шығармада антика дәуірі драматургиясының ережесі толығымен сақталған. Пародтағы еркектермен шайқаста әйелдердің жеңіп шығу көрінісі – пьесаның шарықтау шегі. Ал, эксодта (финалда) Спарта елшісі және афиндықтар мен лакондықтар бітімге келіп, ән салып, би билеп, бейбітшілікті паш етеді. Комедиядағы екі желі: Лисистрата мен әйелдердің, Лисистрата мен ерлердің диалогтары автордың идеялық мақсатын нақты ашқан.
Аристофан б.з.д. 411 жылы қойылған «Лисистрата» комедиясында көрерменге күлкілі болу үшін бірде-бір сәтті, бірде-бір жағдайды қалт жібермей шексіз еркіндік пен тапқырлықты кеңінен пайдаланады. «Ештеңеден қорықпайтын адамның өзі күлкіден қорқады» деген Н.В.Гоголь тұжырымы антикалық комедиографтың соғысты тоқтату жолындағы тапқыр идеясына шынайы үндескен.
Аристофан кейбір шығармаларында өз заманының трагик ақындарын сынап отырған. Солардың ішінде Еврипид пен Агафонды сынаған пьесалары –«Бақалар», «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер». Соңғы комедиясында Еврипидтің әйелдердің теріс істерін әшкерелеген пьесалары үшін жазаланудан қашып, атасы Мнесилохты өзінің орына жіберу оқиғасы баяндалады.
Бұл пьесадағы автор идеясы – тұрмыстық-отбасылық тірліктің беріктігін сақтау, ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Бұл жерде Аристофан Еврипидтің «Эол», «Алкеста», «Елена», «Андромеда» тәрізді пьесаларын (оның ішінде бізге дейін жеткені де, жетпегені де бар) негізге ала отырып, дәстүрлі фесмофор мейрамында әйелдердің құпия істерін ашады. Бірақ әйел киіміндегі аңғал Мнесилохтың қолға түсіру төңірегінде өрбитін күлкілі оқиғалар Скифтің Еврипидпен бірге қашып кеткен оны таба алмай орхестрде (сахна) әрі-бері жүгірумен аяқталады.
Мұнда да М.Базарбаев аударма желісінде рифмалық (ұйқастық) жүйеге ерекше мән берген. Мәселен, прологта қызметшінің:
«Он строгает трагедии остов крутой.
Он сгибает упругие обручи слов.
Он их клейстером клеит, сверлит буравом,
Он, как олово, льет их и лепит, как воск,
Он горит вдохновленьем...»

«Даяр отыр көруге трагедия желісін,


Өлең жолын қайрап, жонып, тармақтарын бекітет.
Толғау толғап, теңеулерін теріп ап.
Балауызша қорытып ой, дөңгелентіп төгілтед.
Қалыпқа сап жұмырлантып келтіред...»деген V ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген трагик ақын Агафонның трагедия жазу ерекшелігін суреттейтін монологы осының айғағы. Сондай-ақ, Мнесилохтың:
«Нет, видят боги! Клятву дай
Сперва»
«Аполлон! Қозғалман орнымнан,
Ант бермесең сен маған...»
немесе Еврипидтің өз орнына Мнесилохты жіберген хабарын әйелдерге айтып келген Клисфеннің:
«...Что я-душой вам близок. Друг и сродник я
Для женщин. Слышал я на рынке только что
К вам относящееся дело важное...»
«...Табынамын өздеріңе, қорғандарыңмын мен әрі
Хабармен келдім асығыс: қатысы бар сендерге...» деген сөзіндегі ұйқастық М.Базарбаевтың сөз қолданудағы тапқыр әдісін байқатады.
Аудармашы мәтін мазмұны мен мағынасының сақталуын және пьеса құрылысының бүгінгі күнге сол күйінде жетуін көздеген. Прологтан басталатын комедия парод, парабаса арқылы өрбиді. Бірақ бұл комедияда «Лисистратадағыдай» агон немесе қарсы эпирремалар жоқ. Аристофанның бұл пьесалары сол кезеңнің өзекті проблемасына ғана арналып жазылғандықтан автор есімі кейінгі ғасырларға тек грек театры тарихында тұңғыш комедиограф ретінде қалды. Оның шығармаларындағы оқиғалар өз кезеңіндегі шындықпен тығыз байланыста болды. Аристофан түсінігіндегі сол кездің астарлы ұғымдары өз құнын жоғалтқандықтан кейінгі ұрпаққа қызығушылық тудырмады. Сондықтан кейінгі ғасырларда Аристофан комедияларын сахналау, оған көркемдік сипат беру мүмкін болмады. Тек XVII ғасырда ғана Германия мен Францияда Аристофанға деген қызығушылық пайда болып, Расин оның «Аралар» пьесасының негізінде «Дауқұмарлар» («Сутяги») комедиясын жазды. Дегенмен, Аристофанға деген қызығушылықтың ерекше туындаған уақыты – XVII ғасыр. Англияда оның шығармашылығын Свифт пен Фильдинг қайта рухтандырды. Германияда Гете оның «Құстар» комедиясын қайта өңдесе, Гейне, Гауптман және т.б. шығармаларынан Аристофанның әсері байқалып тұрды. Ал, ХІХ ғасырда Аристофанның аты әлеуметтік сатириктер үшін теңеуге айналды.
Жалпы осындай әлемдік қызығушылық нәтижесінде түрлі тілдерге аударылған антикалық шығармалардың тарихи маңызы зор. Ежелгі грек елінен бастау алып, кейіпкерлері құдайдан құралған мифологиялық туындылардың дүниеге келуі мен даму жолы дүниежүзілік театр өнерін кәсіби әрі көркемдік шығармашылық деңгейге жеткізіп отыр. Ұлттық әдебиетімізбен параллель жүретін батыс, шығыс, орыс халықтары туындыларының мәдени-рухани байлығымызға қосар үлесі зор. Дегенмен, сол елдердің прозалық, поэзиялық және драматургиялық шығармаларын ұлттық тілге аудару ісі әлі де болса кемшін түсіп жатыр. Осы негізде М.Базарбаевтың аударма саласын назардан тыс қалдырмауын ғалымның шығармашылығының бір қыры десек, кейінгі ұрпақтың осы жолда одан әрі жалғастыратынына күмән жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет