Аудармалары



бет2/14
Дата23.11.2016
өлшемі3,95 Mb.
#2396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«АРШЫН – МАЛ - АЛАН »

4 перделі музыкалық комедия


Қатысушылар:

Аскер – дәулетті жас көпес.

Жаһан – оның апасы, жесір әйел.

Сүлеймен – Аскердің жолдасы.

Уәли – Аскердің қызметшісі.

Сұлтанбек – орта жастағы, дәулеті шағындалған дворян.

Гүлшаһра – оның қызы.

Әсиә - Сұлтанбектің жиені.

Телли – Сұлтанбек үйіндегі қызметші қыз.

Гүлшаһраның жолдас қыздары.

Уақиғаның болған уақыты – біздің дәуір, Октябрь революциясынан бұрын.

Уақиғаның болған жері – Азербайжанның кішілеу бір қаласы.



Бірінші перде
Жаз айының ыстық күні. Аскердің үйінің ашық верандасы., қымбатты кілемдер төселген, сәнді мебелдер қойылған.

Қаланың бір бөлігі көрінеді, алыста таулар.

Сахнада Аскер, Жаһан және Уәли.
Музыкалы кіріспе №1
Аскер ойға батып тұр. Жаһан ерінген күйде, сылбыр іс істеп отыр. Еш нәрседен қаперсіз есік жақта Уәли отыр. Ол саусағымен бал ашып әуреленуде.
Аскердің ариясы №2

Аскер.


Жарқыраған жаз күні,

Жібітпейді жүректі.

Мендей сорлы мұңлыны

Сары уайым жүдетті.

Көңілімде қайғы, көзде жас,

Күлкі орнына уайым.

Жас өмірге басқа ел мас,

Зарланам, шермен жылайым.


Аскер. Әй, апа-ай, не қылған ұқпайтын адамсың өзің. Саған қалай түсіндіруге болады енді, а? Түсінесің... Түсінесің ғой енді... айналама көз салсам... маған бір нәрсе жетпейді де тұрады.

Жаһан. Ал, сонда не нәрсе жетпейді. Егер өзіңе нәрсе керек болса, Уәлиді дүкенге жібермеймісің, ол саған жаның сүйген нәрсенің бәрін де сатып әкеледі... Уәли.

Уәли. Құп!

Аскер. /мазасызданып/ Әй, апа-ай, сен тағы да түсінбедің. Мен сенен біздің өмірдің қызығы неде деп сұрап тұрмын ғой. Неде деймін? Мен сенімен өзімнің ішкі сезімім жөнінде сөйлесіп тұр емеспін бе. Ондай сезімнің менде болуы керек қой? Оны сен ұғасың ба? Айтайық, менде ақша көп, табар мол, бірақ олар жеткіліксіз ғой, әлі де бірдеме керек қой. Сен соны ұғасың ба, апа? Кейбір адамдар бар, оларда ешбір байлық жоқ, ал бірақ, ана байлық бар ғой... әлгі менің қиял ететінім, оларда үйір-үйірмен.

Жаһан. Е... үйір-үйірмен де. Сен көпес емеспісің, саған үйірлеген мал не керек?

Уәлиді күлкі қысып тұрады. Аскер күдер үзген күйде қолын сілтейді. Шыбын қағумен алданып отырған Уәли, Жаһанға жаратпаған пішінмен қолын сілтейді.

Аскер. Апа, сен онан да маған мынаны айтшы, біздің өміріміз осы бүгінгідей күйде өте берсе, оның ақыры не болмақ?

Жаһан. Сен немене осы көп сөйлеп кеттің, менің миыма да кіріп шықпайды, тіпті түсінбеймін.

Уәли сабырсызданады.

Аскер. Апа, мен сенен сұрап тұрмын ғой, егер біздің өміріміз осы бүгінгідей күйде өте берсе...

Уәли. /сөзін бөліп/ Оның ақыры не болмақ, құп!

Аскер. /Уәлидің қытығына тиіп/ Құп! Уәли де соны білуге құмар.

Жаһан. Ал, соншама біздің өмірімізге не бопты!

Аскер. Міне, құдайға шүкір, біз ер жеттік, байыдық оған да мың шүкір, бірақ, менің көңілім әлі де көншімейді. Әлі де бірдеме тілейді, әлі де...

Уәли. Әлі де... Құп!

Аскер. Дұрыс айтасың, Уәли - әлі де, әлі де, әлі де. Дұрыс емес пе, апа?

Жаһан. Әрине дұрыс айтасың, бірақ Аскер, сенің әлі де не тілейтініңді мен түсінбеймін.

Емі қайда қайғының,

Жетпейді әлім шыдауға.

Жігітке салған қай күнің,

Мұңайып, шерлі жылауға?

Жылауға,


Жылауға...

Байшешек жапқан жер жүзін,

Шаттықта барлық табиғат.

Қайғымен солды ақ жүзім,

Қызықтың бәрі маған жат.

Ыстық жүрек махаббат,

Табам ба тез өмірден?

Жалғыздық, қайғы қат-қабат,

Көңілден,

Көңілден,

Уайым кетпес көңілден,

Көңілден.


Жаһан. Әнің соншама зарлы ғой, Аскер. /Есінейді/ Тіпті менің жүрегімді жандырып жіберді.

Аскер. Сенің жүрегіңнің жанғаны жаныма қатты-ақ батып тұр, апатай!

Жаһан. /бейхабар/ Не деп тұрғаныңды түсіне алмадым.

Аскер. Оған сенуге болады.

Жаһан. Түсінбеймін тіпті...

Уәли. Құп, құп, құп! Мырзаға не керегін мен білдім.

Жаһан. /Уәлиге/ Сен немене мәз бола қалдың... білсең айтсаңшы.

Уәли. Мырза, саған керегі...

Аяғын айтпай күліп шығып кетеді.

Жаһан. Анау есінен адасқан. Қарағым Аскер, маған түсіндірші не тілейсің сен?

Аскер. Ал апа, сенің жүрегің енді шынымен жарылады.

Жаһан. Созбашы енді, азапқа салмашы мені.

Аскер. Апа, айтшы, осы менің жасым нешеде?

Жаһан. Саған не болған, өзіңнің жасыңды білмейсің бе? Міне осы ораза өтеді...

Аскер. Тағы ораза жетеді.

Жаһан. Алдағы оразаның алғашқы күні сен дәл 28-ге толасың. Несіне сасасың? Сен әлі сәбисің.

Аскер. И...я. Уәли «Құп» дер еді-ау.

Жаһан. Құдайым сені жүз жасауға жазсын.

Аскер. Бірақ мен өз аяғымды өзім нық баса аламын-ау деймін.

Уәли кіріп, есік жаққа отырады.

Жаһан. Құдайға шүкір, сен мықты жігітсің.

Аскер. Ал, ондай мықты жігіт не істеу керек? Іштей жеп, ұйықтау ма? /Өкінішіті пішінмен/ Сауда жұмысына көп қайраттың қажеті шамалы.

Жаһан. /мазасызданып/ Аскер, құдай үшін, сен менімен жабайы жалпақ тілмен сөйлесші. Мен өзім қарапайым әйелмін, тіпті сенің жұмбақтап айтқаныңнан түк те түсінбеймін.

Аскер. /өз-өзіне/ Мен осыдан несіне ұялып тұрмын? Ол не қылған ұят. /Жаһанға/ Апа, білгің келсе, маған керегі... /Айғай салып/ Үйлену, үйлену, үйлену!

Уәли. Құп. Міне мен таптым, таптым, таптым.

Ішек сілесі қатып күледі. Бәрі де көңілді.

Жаһан. /Аскерге/ Бағанадан солай десең болмайма құрғырды, тіпті бір сағат созып сонша.

Аскер. /бекініп/ Ал ендеше, біліп қой, үйленгім келеді.

Жаһан. /қуанышты/ Тіпті жақсы, қарағым. Қатын ал, Аскер, қатын ал деп мен саған әлдеқашан айттым емес пе. Сен онымды тыңдамай қойдың ғой. /қиялға шомып/ Өзіңнің үйің болады, балаларың...

Аскер. Сиырың, ешкің жана...

Жаһан. Дұшпан көре алмай, іші күйіп, жарылып кететіндей етіп той жасаймыз. /Уәли күрсініп қояды/ ... Достарымыз шаттанады, қуанады. Сенің тойыңда билейтін күн тез туса екен. Ой билейміз келіп.

Қалай билейтінін көрсетеді. Уәли оған еліктеп, бірге билеп кетеді.

Аскер. Тоқта апа, тоқтай тұр, билеуге әлі ертерек.

Жаһан. Мен саған қалыңдықты дәл бүгін іздеймін.

Уәли. /таңырқап/ Құп!

Жаһан. /күрсініп/ Өлген апам марқұм ақырғы деміне шейін: «Жаһан, Аскерімді саған тапсырдым, оны жалғызсыратпа. /жылайды/ Әйел әпер Аскеріме» деп еді... Қалай ғана мен саған қалыңдық таппайын.

Уәли де күрсінеді.

Аскер. Бұның не, апа. Біресе билеп, біресе жылап, өлген адамды еске алатын уақыт тапқан екенсің. Онан да шаруаның жайын сөйлесейік те. Үйлену деген оп-оңай жұмыс емес.

Жаһан. Әйел алу бір шыны суды жұта салғанмен бірдей, тәйірі. Тіпті оп-оңай. Сенің ақшаң, дүниең бар. Өзің жассың, сұлусың. Саған тіпті патша да қызын береді. Бүгін саған қалыңдық іздеймін.

Аскер. Жоқ, жоқ, апа, асықпа.

Жаһан. Ал ендеше, өзің-ақ айт, қай көпестің, не қай бектің қызын таңдайсың. Мен барып құдалық сөйлесем.

Аскер. Біреуін де көргенім жоқ. Кімнің қызының ұнайтынын мен қайдан білейін.

Жаһан. Мені соқыр ғой деймісің. Өзім саяхаттап жүріп, көргенде ғашық болып, есіңнен танатын сұлуды табам.

Аскер. Қатын аларда естен тандырып қайтесің. Апа, сен онан да мынаны айт: маған қалыңдықты қалай іздеп табасың?

Жаһан. Ендеше міне тыңда.
Жаһанның куплеті №3

Ақ шадыра жамылып,

Қасымды бояп аламын.

Міне, қазір Аскерге,

Қалыңдық іздей барамын.

Хан мен бекті арылтып,

Аралап тегіс аламын.

Ерте болсын, кеш болсын,

Қалыңдық саған табамын.

Ұлы тойда бір серуен,

Ойға түсіп жас дәурен.

Сыбызғы-сырнай сазымен,

Билеуге шығам алдымен.
Аскер. /күліп/ Жоқ апа, ол болмайды. Қалыңдығымды ең алдымен өзім көріп, сонан соң үйленуім керек.

Жаһан. Сен еркексің ғой. Кім саған қызын көрсетеді.

Аскер. Сондықтан таңертеңнен бері мен сенің құлағыңа құйып жатыр емеспін бе, мәселе осында. Қатын алам деу оңай-ақ. Бірақ, кімді аласың? Мен ешкімді де көргенім жоқ қой.

Уәли. /ақырып/ Мен де көре алмадым.

Аскер. Көре алмаймын да.

Жаһан. Қалқам, ең абзалы сен әйелді ата-бабаңның ғұрпы бойынша ал. Қалыңдықты саған өзім тауып беремін, ал егер жаман болып шықса, күнәсін мен-ақ көтерейін.

Аскер. Сен ондай күнәні көтере аласың, мен оған сенем. Бірақ, мен он тиындық ситеаны да көрмей алмаймын. Ал, мына мәселе менің жеке меншігімде болатын қатын туралы ғой. Оны сатып жібере алмайсың. Жоқ, мен өйтіп үйлене алмаймын. Апа сен онан да маған жақсы қыздарды қалай көрудің жолын, әдісін айт.

Жаһан. Қыздарды қайдан іздеп, қайдан тауып, қалай көре алатыныңды қайдан білейін. Оның әдісін де, жолын да айта алмаймын.

Аскер. Қалайша осы бір реті келмейді енді? /Жаһан үндемейді/ Ендеше маған қатын алуды жазбаған екен ғой!

Уәли күрсінеді.

Сүлеймен келеді.

Сүлеймен. Сәтті күні жақсы үйге келу қандай көңілді. Сәләматсыздар ма? Жаһан жеңгей, күйлімісіз? Уәли сен қалайсың? /Аскерге/ Ия, саған не болған, бұның қалай? А...


Сүлейменнің куплеті №4

Айтшы досым тезірек,

Жүректе қандай сырың бар?

Шерге толы көкірек,

Әлде қандай мұңың бар?

Сырыңды айтшы тез маған,

Досым, нені тілейсің.

Байланды қайдан шер саған,

Мұңайып сонша жүдейсің?

ІІ. Болса қандай дерт пен шер,

Емі де бірге берліген.

Дертіңе дауа іздеп көр,

Сыр сынына көнуден.

Таба алмасаң дертіңе ем,

Онда досым, маған сен.

Дертіңнің тез дауасын.

Табады досың Сүлеймен.

Аскер. Осындай жабырқаңқы күйдің үстінде жарқын жүзді, шат көңілді адамды көру қандай жақсы десеңші.

Сүлеймен. Ә, досымның көңілін көтеру керек кезін мен біліп келдім.

Аскер. Қалай білдің?

Сүлеймен. Аскер көңілсіз күйде деп маған жел айтты. Сенің қасіретіңнен теңіз де тебіренеді.

Уәли. Құп!

Аскер. Мына Жаһан апам менің көңіл күйімді түсінбейді.

Сүлеймен. /қулана/ Жоқ, сен онысына сенбе, әйелдің бәрі де айлакер, қу.

Аскер. Бұл апам ғой!

Сүлеймен. Ең алдымен бұл - әйел, ал сонан соң апаң. Дұрыс айтпаймын ба, Жаһан жеңгей.

Жаһан. /қутыңдап/ Әрине, мен әйелмін.

Уәли. Құп!

Аскер. Сүлеймен, осы сені ел ақылды адам дейді.

Сүлеймен. Сен сенбеймісің? Уәли, берші бермен салмақтылау бірдемені, мен бұны...

Уәли. Құп!

Аскер. Ойбай, сенем, сенем, бірақ...

Сүлеймен. Ия, бірақ?

Аскер. Сен жақсы ақыл берсең...

Сүлеймен. Ақыл?

Аскер. Ия, ақыл. Мен онда сенің анық ақылды адам деп, бұдан гөрі сеніңкірер едім.

Уәли. /шыдамсызданып/ Қане, қане!

Аскер. Немене, тағы қане?

Сүлеймен. Құп – Уәли!

Аскер. Мәселе мынада, Сүлеймен. Менің ойлайтыным үнемі осындай жабырқау-жадаулық, күңгірт-көңілсіздік баса берсе, біздің өміріміздің ақыры не болмақ...

Сүлеймен. /сөзін бөліп/ Жетеді! Саған не керегін мен ұқтым. Егер мен өмірдің ақыры өліммен бітеді деп жауап берген болсам, сені әрине, қанағаттандырмас еді.

Аскер. Саған осыны да жел айтты ма... теңіз тебіренді ме?

Сүлеймен. Жоқ, желсіз-ақ, сусыз-ақ, сенің әйел алғың келетінін мен білемін.

Барлығы да таңырқайды.

Уәли. Құп!

Аскер. Шынында да, құп! Сен қайдан білдің?

Сүлеймен. Сенің ойлаған ойыңды, арман тілегіңді маған бұлбұл құс сайрап жеткізді. Ол шыншыл, ашық, адал құс. Солай емес пе, Жаһан жеңгей?

Жаһан. Әрине, солай.

Сүлеймен. /Аскерге/ Менің ақылды екеніме енді көзің жетті ме?

Аскер. Әлі де болса, аз-маз күдігім бар.

Сүлеймен. Ә, әлі де күдіктенесің бе?

Аскер. Егер де сондайлық қиын, аса бір шетін мәселені шешуге маған көмектесе алсаң, тіпті асқан ақылды адам болар едің.

Сүлеймен. Қане, айт.

Аскер. Сен айтшы, мен осы қалыңдықты қалай таңдап алуым керек? Қалыңдық таңдап алу деген товар сатып алу сияқты ғой. Ал, товардың жақсысы да, жаманы да болады...

Сүлеймен. /сөзін бөліп/ Ұқтым. Сен әуелі қызды көріп, біліп, сонан соң алмақсың ғой.

Аскер. Сен менің ойымды қайдан біле қойдың? Оны да бұлбұл сайрап берді ме?

Сүлеймен. Қарға қарқылдап берді... Барлық құс атаулы, дүние жүзіндегі аңдар да сенің басыңа түскен ауыр халыңа жәрдем еткісі келеді. Солай емес пе жеңгей?

Жаһан. Әрине солай.

Сүлеймен. Уәли, сен не айтасың?

Уәли. Мырза, осы айтқаның түп-түгел хақиқат сөз.

Сүлеймен. Міне, менің ақылды адам екеніме енді көзің әбден жетті ғой?

Аскер. Өзің де білесің ғой енді... Әлі де болса осы аз-маз ғана күдігім бар.

Сүлеймен. /басын шайқап/ Мұндай кері адамға ақылдың өзі зая. Тіпті сенімен қарсыласқым келмейді.

Аскер. Ерегеспей-ақ жеңілейін. Бас иейін. Бірақ, әйтеуір бастаған соң, сөзіңді аяқта енді.

Сүлеймен. Сен сөзіңді бастамай жатып аяқтайсың.

Аскер. Ал, осы мен қызды қалай көре аламын, өзіме тең қалыңдықты қалай таңдай аламын? Әке-шешелері қыздарын маған көрсетпейді ғой.

Сүлеймен. Ең оңай жол мынау /Барлығы ынтыға тыңдайды/ Киіміңді ауыстырып, жұпыналау киін. Тауар арқала да, қолыңа аршын ал. Әр үйді аралап: «Аршын Мал Алан» деп сал айғайды. Қай жерде товар мен көпес болса, сол жерге әйелдер, қыздар, жесір қатындар, тіпті кемпірлерге шейін жиналады.

Аскер. /қуанышты/ Міне ақыл! Міне жол! Апа, Уәли... естідіңдер ме?

Жаһан. Тапқан ақыл!

Уәли. Табылған-ақ ақыл!

Сүлеймен. Міне, саған жол. Оңай да, түсінікті, ақыл жол. Солай емес пе жеңгей?

Жаһан. Әрине солай.

Сүлеймен. Уәли, сен не айтасың?

Уәли. Дәл осылай, мырза.

Сүлеймен. Қане, енді сендің бе, менің ақылдылығыма?

Аскер. Сендім досым, сендім. Енді сенің осы ақылыңмен болам.

Жаһан. Не айтатыны бар, тамаша ақыл... Сүлеймен, сен өзің неге осы ақылыңмен қалыңдық таңдап қатын алмайсың?

Сүлеймен. Ой, жеңгеше-ай. Осы ақылыма да күдіктенгің келеді-ау сенің. Егер Аскер әйел ала алмаса, теңіз суалғандай болса, оны мен көз жасыммен толтырмаймын ба. Жел тынып қалғандай болса, желкенді аузыммен үрлемеймін бе. Сонан соң өзім де қатын алам. Осы айтқанымның бәрін қандай ептілікпен іске асырғанымды әлі өзің де сезбей қаласың. Сенесің бе маған жеңеше?

Жаһан. Сенің ішіңде бар ғой, құдай білмейді-ау осы шайтан отыр, сен өзің де шайтансың. /күрсінеді/.

Сүлеймен. Неменеге күрсінесің, /Аскерге/ әй, осы жеңешеме бір бай іздемеймін бе? А!...

Жаһан. О не дегенің, ақылдым-ау, қой әрі. Қазір менің байға тиетін кезім бе? Уақыт өткен... Кеш айттың.

Сүлеймен. Сені осы бар ғой, ертеңнен қалдырмай күйеуге береміз. Жетеді енді, өмір бойы байсыз өтемісің. Әлі де болса, қадір-қасиетіңнің бар кезінде байға тиіп алу керек. /Уәлиге/ Сен немене мойныңды ішіңе тығып алғаның? Әлде жасың әкетпей тұр ма? Немесе сен де жеңгең сияқты, уақыт өтіп кетті деймісің? Ал, Аскер, көтер басыңды. Мен қазір үш адамға түскен балды жорамалдап тұрмын. Басын өзім бастаған соң, аяғын да өзім аяқтаймын.

Аскер. Олай болса, «Аршын Мал Алан» ғой.

Сүлеймен. Әрине солай. Солай емес пе жеңеше?

Жаһан. Солай, қарағым, солай.

Сүлеймен. Уәли сен не дейсің?

Уәли. Құп!

Сүлеймен. Құп дегеннен артық не болушы еді! Ал енді, бәрің де бері таман келіңдер.


№5
Сүлеймен. -І-

Барлық елді арылт сен,

Осылай шешті Сүлеймен.

Жабайы кеңес, жардымды,

Бар есік ашық, бар да ен.
Барлығы:

Үйлен сен!

Осы жөн,

Осы жөн,

Осы жөн

Бізді де



Шығарма,

Есігіңнен,

Есігіңнен!
Жаһан: -ІІ-

Көзің нұрлы, күлкің бал,

Шиедей қызыл ернің бар.

Сұңқардай сұлу келбетің

Қыз көңілін аударар.
Барлығы:

Үйлен сен!

Осы жөн,

Осы жөн,

Осы жөн

Бізді де



Шығарма,

Есігіңнен,

Есігіңнен!

Уәли: -ІІІ-

Қане, бізге сен жол аш,

Тез үйлен, Аскер, байымда.

Мына тұрған кәрі, жас

Әркімнің бар ойында.


Барлығы:

Үйлен сен!

Осы жөн,

Осы жөн,

Осы жөн

Бізді де



Шығарма,

Есігіңнен,

Есігіңнен!

Ш ы м ы л д ы қ .



ЕКІНШІ ПЕРДЕ
Сұлтанбектің үйінің қорасы. Орталықта сахнаның төрінен үйге кіретін есік алды көрініп тұр. Оң және сол жақта биік құйма. Құйма бойы тоғай, көк шөп, қораның ортасында, есіктің қарсы алдында түрлі түсті өскен гүлдер. Сол жақта көшеге шығатын жол бар.

Гүлшаһра, Әсия, Телли есік алдында іс істеп отыр.


Гүлшаһраның өлеңі №6
Сарғайтқан мені сарылтый,

Ұзақ сар күн өшпейді.} 2

Қайғыдан біраз арылтып,

Қоңыр кеш баяу әлпештейді.} 2


Сарғайған күнде сағынып,

Ғашық жар келер болар ма?

Тілегенім шабылып,

Шаттыққа жүрек шолар ма


Көзімнің күндей жанары,

Тартады дейді барлық ел.

Қанжардай өткір қарауы,

Жүрекке дейді салар шер.


Орнына келмей жас тілек,

Көзімнен аққан ыстық жас.

Жалындады жас жүрек,

Қайғыға түсіп ғазиз бас,

Сарғайдым міне мен жүдей.
Кел жарым!

Кел жарым!

Кел жарым!
Әсия. /Күрсініп/ Уһ, Гүлшаһра-ай, сенің жырың жанымды жабырқатып жіберді-ау тіпті.

Гүлшаһра. Немене, менің жырым саған ұнамай ма?

Әсия. Неге ұнамасын, ұнайды. Тіпті кісіні уайымға батырып жіберді.

Гүлшаһра. Әсия, осы біздің өміріміздің өзі бір ғана уайым ғой.

Әсия. Ия, тек қана уайым, қайғы...

Телли. О не дегендерің, шырақтарым-ау. Сендер неменеге уайымдайсыңдар?/қасақана/ Бүгін болмаса, ертең Сұлтанбек сендерді күйеуге береді. /қиялдана/ Бір үйге ие боласыңдар, балаларың болады, ана боласыңдар. Уайым, қайғы деген қолмен жұлып тастағандай жоқ болады.

Гүлшаһра. Біздің қазіргі әдет-ғұрып бойынша күйеуге шыққаннан да байға тимегеннің өзі артық.

Телли. Неге олай дейсің?

Гүлшаһра. Мен шынын айтам. Күйеуге шығасың, ал байыңның кім екенін де білмейсің, жас па, кәрі ме, таз-тазша ма, әлде бір қаһар ма...

Әсия. /Сөзін бөліп/ Сеңінше тіпті байға тимей, үйде отыра беру керек пе?

Телли. Құдай-ай, сақтай гөр!

Гүлшаһра. Жоқ, менен алдымен тиетін куйеуімді өз көзіммен көріп, сонан соң барып тигім келеді. Әуелі көріп, білу керек, содан кейін тию керек.

Әсия. /күліп/ Сен тіпті майға қуырып қойған тауық күлетіндей сөз айттың-ау. Мына төрт қабырғаның ішінде отырып, кімді көре аласың, кімді анықтап біле аласың? Әй, Гүлшаһра-ай, сен баланың сөзін сөйлейсің.

Гүлшаһра. Онда мүлдем байға тимей, үйде-ақ отыра беру керек.

Телли. Ойбай-ау, сендерді көруге тек қана мырзалар көнсе, мен сендерге бай табам ғой. Үй-жайын, дүние-мүлкін өзім көріп, біліп, сонан соң барлығын сендерге айтып берем.

Гүлшаһра мен Әсия күледі.

Гүлшаһра. Сеңінше, біздің күйеуімізді сен көрсең болғаны ғой, біздің көруіміздің қажеті жоқ қой. Солай ма?

Телли. Ия, солай, әуелі мен көрейін де, сонан соң сендер көресіңдер.

Әсия. Жарайды Телли, сенің айтқаныңша-ақ болсыншы. Тек бізді тезірек байға берсе екен осы.

Гүлшаһра. Жоқ, жоқ, мен оған көнбеймін. Тиетін күйеуімді көрмей, оны ұнатып, сүймей тұрып, мен байға бармаймын.

Телли. Ханшам! Сен мені тыңдашы /Гүлшаһраға жақындай түсіп/ Қандай адам екенін көрмей, білмей, күйеуге шығудың өзі қандай қызық. Ең әуелі күйеуіңді көріп алып байға тиюдің ешбір қызығы болмайды.
Телли жыры № 6
Махаббатты көз қарасың,

Әркімді де жас қылар.

Мағандағы мұң мен зарың,

Батар бейне зәрлі ызғар.


Терең сырлы қарасыңда

Қара түндей қайғы, мұң бар,

Мағандағы мұң мен зарың

Батар бейне зарлы ызғар.


Көзден ақса ыстық жасың,

Улы уайым мен шер шығар,

Мағандағы мұң мен зарың

Батар бейне зәрлі ызғар.


Ал, баратын күйеуіңнің кім екенін білмесең, құштарланып, жүрегің алас ұрады... Сені сән-салтанатпен киіндіреді, аяғыңа әкеп қой бауыздайды, сонан соң оңаша үйге кіргізеді, сонан соң...шымылдықтың ішіне отырғызады. Сол кезде жүрегің дүрс-дүрс соғады... Күтесің де отырасың. Бір мезгілде есік ашылып, күйеуің кіріп келе жатады...

Сұлтанбектің даусы естіледі: Телли!


Жөтеліп Сұлтанбек кіреді, қыздар оған шошына қарасады.
Телли. /Өз-өзіне/ Құдай мынандай күйеу бермесін.

Сұлтанбек. Телли, мен саған мың мәртебе айттым емес пе: дем алуға жатқанда мені қымтап, бүркей кет деп. Бүркеусіз жатып ұйықтап кетіппін, белімді тағы да суық ұстап қалған секілді.

Телли. Ия, мырза, сіз үш күннен бері ұйқыдасыз.

Сұлтанбек. Қалайша мен түк айтпастан үш күн ұйықтадым? /Есінейді/ Шіркін. Сонашым да тірі болмады. Жоқ, құрысын жалғыз көрген күнің.

Гүлшаһра. әке-ау, мені жаба салыңдар десең, біз жабатын едік қой.

Әсия. /Өз-өзіне/ Енді біраз ғана келмей, тұра тұрса етті.

Сұлтанбек. /Айғайлап/ Бұл не қылған қылжақ? Үйдің иесі кім осы? Жабатын едік. Мен бұларға бүркеп қымтауды айтсам, бұлар жабу деген сұмдықты айтады. /Есінейді/ Кіріңдер үйге... Мен қалаға барам. Үйге сақ болыңдар.

Қыздар кетеді.

Әй маған осы жалғыздықтың пайдасы болмай тұр-ау. Міне бес жыл болды, күннен күн асқан сайын құлдырап барам. Осыдан үш күн бұрын Мырза Құсайын дәрігерге барып, науқасымның жайын айтып едім, бетіме қарады да, жүрегімді тыңдап көрді, тілің құрғақ, жүрегің орнында деп, қарнымды бір дүрс еткізіп, бір қойып қалып: «Қатын ал!»-дейді. Қолайлы қатыны құрғырды қайдан табам. Жас болса, келіп қалды, оның үстіне ақша жағы да шамалы. Жас қызын маған кім бере қояды. Ұлы думан той жасап жатудың да жөні жоқ. Маған өзіме лайық қана бір жесір қатын болса да жарар еді. Бір молла, үш сом ақша және бір бас қант-сонымен шаруасы бітер еді. /қиялданып/ Қатыным кешке жатарда арқамды сипап, мәпелеп, сонан соң қымтай салар еді. Ұйықтаған уақытымда салқын да тимеген болар еді. Қой, базар жаққа барып, не болып жатқанын көріп қайтайын.

Кетеді.
Сахна сыртынан Аскердің жыры естіледі.№7


Аршын мал алан,

Аршын мал алан,

Аршын мал алан!

Тафта,парча,жібек!


Ей!

Аскер шығады. Көше саудагерлерінше киінген, Аршын-малшы. Иығында көтерген нәрселері бар, қолына кез ұстаған.

Аскер. Үш күн болды, кірмеген қорам жоқ. Іздегенімді кездестіре алмадым. Бүгін не болар екен? Ия, тәңірім, жәрдем ете гөр. /Өлең айтады/
Аршын мал алан,

Аршын мал алан,

Аршын мал алан!

Тәсмә, бахрама, парша!

Ей!
Тым-тырыс. Кетуге бет алады. Осы кезде жан-жағынан бірнеше қыз жүгіре-жүгіре шығады, олардан соң Гүлшаһра, Әсия, Теллилер шығады.

Қыздар. /Аскердің артынан айғайлайды/


Аршын-малшы,

Аршын-малшы,

Аршын-малшы!
Аскер. /Қыздарды көріп/ Ойбой-ой, өздері де бір үйір екен. Көрейік қандай екенін /қыздарға/ Перизаттар, не тілейсіңдер: ситса ма, жібек пе, бархыт па, тағы басқа не керек-бәрі де бар.
Қыздар хоры №8
Аршын малшы келе кет,

Жібегің бар ма, ал көрсет-

Жасқанбай сөйле бізбенен,

Біздің де өмір қайғы-дерт.


Тоқымалы ақ шарпы,

Тамаша неткен анасы,

Не болады бұл нарқы,

Келсе ала аламыз бағасы.


Неменең бар тағы да,

Өңі ашық жеңіл шадыра.

Шадырасыз болсмайды.

Аламыз біз оны да.


Көздің жауын алады,

Нәрсесі неткен бағалы!

Шағы, дүрия, орамал,

Қарашы, әне, ананы.


Нәрсеңнің бір де міні жоқ,

Кел келіссең қолын соқ,

Қыздарда аұша болады аз,

Ақша орнына бізде бар

Жастың қызық, қалжың-наз (әзіл)
Гүлшаһра. Мына бір байламыңды шешші.

Аскер. Қазір, бикешім /Түйіншегін шешіп жатып, қыздардың бәріне көз жүгіртіп келіп, Гүлшаһраға тесіле қарап қалады/.

Әсия. Қандай сұлу жігіт өзі.

Аскер. /Гүлшаһрадан көзін алмай/ Көріңіз, бикешім, көріңіз, не керегіңіздің бәрін табасыз /өз-өзіне/ Қыз жаман емес.

Телли. (Нәрселерді қарап жатып) Шіркін-ай, қандай тамаша көйлек болар еді.

Әсия. Түу, осы да көйлекке лайық па екен.

Гүлшаһра. Саған лайық болмаса да, Теллиге жарайды.

Аскер. Дұрыс айтасың, бикешім /өз-өзіне/ Қыз жаман емес. Неше кез өлшеуге бұйырасыз?

Гүлшаһра. Кезі қаншадан?

Аскер. Тіпті су тегін деуге болады: он екі-ақ тиын, сізге он тиыннан беруге болады.

Гүлшаһра. Бұндай ситсаны біз үнемі сегіз тиыннан алатынбыз, ал бұл... егер риза болсаң, сегіз тиыннан он кез өлшей ғой.

Аскер. Бикешім, сіз үшін тіпті сегіз тиыннан да болады. /кездей өлшей бастайды/ Бір, екі /өз-өзіне/ іздегенім табылған сияқты... үш, төрт /өз-өзіне/ құдай біледі-ау нағыз сұлу... бес, алты, жеті... Менің қалыңдығым дәл осы болар-ау... сегіз, тоғыз...он, он бір, он екі...

Гүлшаһра. Жетті, жетті...

Аскер. Ә, мен ұмытып кетіппін ғой, сізге он кез керек екен ғой. /Бар түйіншектерін Гүлшаһраға бере салады/ Міне, осындағының барлығының өзі он кез.

Әсия. Бізге лайықтысы жоқ па?

Аскер. Сіздерге лайықтысы да бар, бірақ үйде қалды. Сіздерге тағы да әкелермін, бикеш. /Гүлшаһра ақшасын береді/. Рахмет, бикешім, сенің құтты қолың маған тек бақыт әкеледі.

Гүлшаһра. Сен мені бақытты деп ойлаймысың?

Аскер. Жүрегім сені бақытты деп тұр./өз-өзіне/ Мынау менің іздеп жүргенімнің өзі... Бикешім! Осы үй Сұлтанбектің үйі емес пе?

Гүлшаһра. Ия, сол кісінің үйі.

Аскер. Сіздердің қайсыңыз Сұлтанбектің қызы боласыз?

Әсия. /Гүлшаһраны нұсқап/ Мынау.

Аскер. Алла тағалам өміріңізді ұзақ қылсын. /өз-өзіне/ Шіркін сұлу-ақ екен.

Әсия. Гүлшаһра, жүр енді үйге барайық, апам ұрсып жүрер.

Қыздар кетеді.

Аскер. Сау сәлемет болыңыздар!

Гүлшаһра. Өзің де сау бол!

Аскер жалғыз.

Аскер. Бұдан асқан аруды өңім түгіл түсімде де көрген емеспін, сірә көре де алмаспын. Аңсаған арманым, бақыт құсым-жан жарым осы ғой менің. Сұлтанбек өзімді білмесе де, мен туралы естіген болар-ау. Мен егер шынында, жай бір көше саудагері-аршын малшы болсам, осы қыз маған тиерме еді... Қызды кім біледі, ал Сұлтанбек өлсе де бере қоймас... Шіркінай, тағы да бір көріп, сөйлесер ме едім /тыңдай/ шығып келе жатқан сияқты. Жасырына қояцын /тығылады/.

Гүлшаһра шығады.

Гүлшаһра. Әсия дұрыс айтады, аршын малшы сұлу жігіт. Бірақ, ол маған тең бе? Меңінше осы аршын малшы да жаман кәсіп емес... Бірі бір бұл да көпес сияқты емес пе. Егер әкем көнсе осыған-ақ тиер едім. Өз көзіммен көрдім емес пе? Көрдім. Кемтар емес қой, кемтар емес, соқыр ма, жоқ соқыр емес... Өңі де ұнайды маған /қиялдана/ «Сенің қолың маған бақыт әкеледі» деді емес пе. Маған, тіпті менен басқа ешкімді көрмеген адамдай қадалып қарады... Шіркін-ай, өзін тағы да бір көріп сөйлесер ме едім... Ойбай-ау, мен не айтып тұрмын. Мүмкін оның қатыны, балалары бар шығар.

Аскер келеді.

Аскер. Ғафу етіңіз, бикеш:

Гүлшаһра. /Шошып қалып/ Аһ!

Аскер. Қорықпаңыз, бикешім... мен осында кезімді ұмытып кеттім ау деймін.

Қолындағы кезін жасырады.

Гүлшаһра. Ұмытсаңыз, осында бір жерде қалған болар.

Екеуі де іздеп жүреді.

Аскер. Әуре болмай ақ қойыңыз, бикеш. Үйде тағы кезім бар.

Гүлшаһра. /өз-өзіне/ Неге бұл маған осынша қарайды?

Аскер. /абыржыған күйде/ Бикеш... Дәл өзің сияқты Сұлтанбектің он екі қызы болса дер едім.

Гүлшаһра. Онымен не айтқың келеді?

Аскер. Онда ол-бір қызын бекке, екінші қызын-ханға, үшінші қызын-көпеске, төртіншісін-моллаға, бесінші қызын-тағы біреуге, қалғандарын тағы да басқа біреулерге, ең соңғысын маған берген болар еді.

Гүлшаһра. Бұл не деген сөз...

Аскер. Жоқ... маған бермейді ғой. Ол-бек, дворян, ал менші мен жай бір аршын малшы /ойға шомғандай/ Ол өзі риза болса да, қызы көнбейді ғой.

Гүлшаһра. Әйелің бар ма өзіңнің?

Аскер. О не дегенің, бикешім, жоқ, әйелім жоқ. Құдайға шүкір, хал-жайым да жаман емес.

Гүлшаһра. Осы күнге шейін нағып қатын алмай жүрсің?

Аскер. Қайтіп қатын ала алам, бикешім-ау, өзім көрмеген қызды алғым келмейді. Өз көзіммен көріп ұнатқан, көңілім сүйген бір ғана қыз бар-ол маған тимейді.

Гүлшаһра. Оны қайдан білдің? Қыздың өзінен сұрасаң болмай ма?

Аскер. Олай болса-сен маған тиемісің?

Гүлшаһра. /шошынып/ Кім? Мен бе?

Аскер. Ия, сүйген қызым бар дегенім-ол сен.

Гүлшаһра. Мен басқа біреу екен десем. Қалай сен мені бір көргеннен сүйе қалдың?

Аскер. Көзім көрді-көңілім сүйді.

Гүлшаһра. /өз-өзіне/ Дәл мен сияқты.
№9
Аскер.

Көп іздедім өмірден.

Тағдыр жазған жарымды

Дедім сені көруден:

Іздеген жарым табылды.
Болдым ғашық,

Мен шын саған,

Ақ көңілмен сүйем мен

Сенсіз өмір жай маған.

Гүлшаһра.
Мен де көптен мұңлы едім,

Жаз өтіп ед, болып дерт.

Махаббатты көзің сенің,

Жүрегіме салды өрт.


Болдым ғашық,

Мен шын саған

Құшағымды жаямын-

Сенсіз өмір жай маған.

Екеуі.
Міне екі дос қостық көңіл,

Бірге өмір сүреміз.

Алда жарқын күн төкті нұр

Біз де күндей күлеміз.

Аскер.

Болдым ғашық,



Болдым ғашық мен саған,

Сүйдім сені шын жүрекпен,

Сенсіз өмір жай маған.
Гүлшаһра.
Болдым ғашық,

Болдым ғашық мен саған,

Қареп аламын құшақ ашып,

Сенсіз өмір жай маған.

Екеуі:

Бақыт табам сенімен.



Аскер.

Мен саған тең емеспін.

Гүлшаһра. Мен сені шын жүрегіммен сүйемін.

Аскер. Бикешім...

Гүлшаһра. Менің атым-Гүлшаһра.

Аскер. Гүлшаһра – есімің қандай тамаша! Әкең сені маған беру үшін не істеуіміз керек.

Гүлшаһра. Құдалық сөйлесу керек. Әкем саған берсе жақсы, бермесе басқа ешбір адамға тимеймін.

Аскер. /өз-өзіне/ Міне тамаша /Гүлшаһраға/ Әкең зорлап беріп жіберер.

Гүлшаһра. Мен бармаймын.

Аскер. Ұрлап, алып қашып кетеді ғой.

Гүлшаһра. Онда асылып өлем.

Аскер. Қой жаным, олай деме. Мүмкін басқа бір амалын табармыз. Ойланып көрейікші.

Гүлшаһра. Ойланайық.

Аскер. Әзірше. Үйіңе бара тұршы, жаным, біреу-міреу көріп қояр. Қош, сәулем.

Гүлшаһра. Қош жаным.

Кетеді. Аскер жалғыз.

Аскер. Біреуі үшін біреуі жаралғандай жандар болады-ау. Байғұс қыз маған ғашық болды. Менің бай көпес екенімді де білмейді. Мені сынау үшін әдейі айтпаймын... Өте тамаша болды. Мені енді жайбарақат, рахаттанып үйге қайтам да, апамды жіберем – көрсін таңдап тапқан қалыңдығымды.

Кетеді. Гүлшаһра шығады.

Гүлшаһра. Мен не істедім. Қайдағы бір танымайтын еркекке әлде немелерді айттым? Қызға ылайық іс емес, ұят, масқара. Қайдан келе қалып еді. Сөзі қандай майда, өзі қандай сұлу. Жоқ, мен оны ұмыта алмаймын. Уһ, қалай ғана шыдармын.
№10

Көзің нұрлы жұлдыздай,

Сымбатты сұлу сұңқарым.

Сенсің маған-күн мен ай,

Бір өзің менің іңкәрім.
Уайым басты көңілді,

Ішім жалын, сыртым сау.

Көзімнің жасы төгілді,

Қайдасың сүйген, сәулем-ау!


Естимісің, ғашық жар,

Менің мұңлы зарымды.

Сенсіз маған дүние тар,

Жандырдың-ау жанымды.


Күндей күліп келер ме,

Асыға күткен асылым,

Тілегімді берер ме,

Жаным сүйген ғашығым.



Әсия мен Телли келеді №11

Әсия. Таң ертеңнен қайғыдасың, Гүлшаһра.

Телли. Неге сонша қайғырасың, Гүлшаһра?

Әсия. Бұның қалай, сырыңды айтшы, жан апа?

Телли. Не болды саған, Гүлшаһра?

Әсия. Кеше бұндай емес едің, Гүлшаһра.

Телли. Не болды саған, Гүлшаһра?

Екеуі.


Қинамашы өзіңді,

Төкпеші көзден жасыңды.

Аяшы қара көзіңді,

Қайғыға салма басыңды.

Асия. Жеңді ме сені махаббат, Гүлшаһра?

Екеуі. Жасырма, бізге сырыңды айт, Гүлшаһра!

Әсия мен Телли Гүлшаһраны қолтықтап үйге алып кетеді. Аскермен жадыра жамылған Жаһан келеді.

Аскер. Міне, апа, қыздың үйі осы. Аршын малшы жіберіп еді деп, мына барқытты ал да кір. Өзің кімсің десе, Аршын малшының апасы болам де.

Жаһан. Түсіндім.

Үйге кіріп кетеді.

Аскер. Міне қай кезде түсіндің сен мені... Махаббат құдіреті ес-ақылымды алып, ғашық оты барған сайын қаулап, жандырып барады. Осы дәл бүгін құдалыққа Сүлейменді жіберемін. Іздегенімді таптым ау ақырында... Мынау үй, мына жасыл жапырақты тоғай, жайнап тұрған гүлдер-бәрі де жанымды жадыратып, маған күлімсіреп қарап тұрғандай.
№12

Шамшырағы өмірімнің,

Сен екенсің жайнаған.

Бақыт құсы көңілімнің-

Бұлбұлысың сайраған!

Тағдырым да, бақытым да,

Бір өзіңннің қолыңда.

Ғашық жарым, ынтызарым,

Жаным пида жолыңда!

Сенсіз маған қызық бар ма,

Бұл өмірде, жалғанда.

Көңіл қосып сүйген жарға,

Жетермін бе арманға.

Күндей күліп, келші маған,

Айналайын, асылым,

Қызыл гүлім, Гүлшаһра жан,

Сүйген жарым, ғашығым.

Кетеді. Сұлтанбек келеді.

Сұлтанбек. Елдің бәрі де дәл өзімнің айтқанымды айтады. Тек бір сарқарын жесір қатынды ғана тауып алу, ал ар жағы-бір молла, үш сом ақша, бір бас қант. Сонымен бар жұмыс бітеді де қояды. /далаға айғайлап/ Қайдасың, қатын-ау, келсеңші!

Есік алдына Жаһан шығады.

Сұлтанбек. /Таңырқай/ Бұл не елес... Жо...қ Мынау кәдімгі тірі қатын секілді ғой, өзі тіпті менің үйімнен шыққан сияқты... Әлде мен адасып, басқа бір үйге келіп қалдым ба? Уа, кімсің сен, менің уйімде неғып жүрсің?

Жаһан. /Шадырасын бүркеңкіреп/ Қыздарға қажет нәрселер әкеліп жүрмін.

Сұлтанбек. /Теріс қарап/ Дәл осының қатын екені күмәнсіз. Өзінің бетін көрсе де болар еді. /Жаһанға/ Әйел киімін киіп алған еркек емеспісің өзің?

Жаһан. О не дегенің!

Сұлтанбек. Ә, олай болса мен күдіксіз болайын, бетіңді кішкене ашшы... Жарайды... Тағы кішкене, тағы.

Жаһан. /Ақырындап барып, бетін түгел ашып/ Ал немене, менің әйел екеніме енді сендің бе?

Сұлтанбек. Ия сендік. /Теріс қарап/ Әйел, әйел болғанда, дәл өзімнің іздеген әйелім... /Жаһанға/ Ал енді айтшы, кімсің өзің?

Жаһан. Мен аршын малшының апасымын. Өзімде сауда істеймін.

Сұлтанбек. Кімнің қатынысың?

Жаһан. Мен делдалдың кәсібін істеймін. Кербалай Насырдың жамағаты болам. Ол кісіні білетін шығарсың?

Сұлтанбек. Жоқ, білмеймін. Менің ондай делдалмен байланысым жоқ. Байың делдалдық істейді де, өзің сауда істейді екенсің ғой.

Жаһан. Ия, күйеуім сондай кәсіп істеген адам.

Сұлтанбек. Делдалдық істеген? Ал, осы күні ол не істейді?

Жаһан. Осы күні не істейтінін бір алла ғана біледі. Ол өлгелі биыл он екі жыл.

Сұлтанбек. /қуанып/ Е...Байың өлген, олай болса, өзің жесірсің ғой?

Жаһан. Иә, жесірмін.

Сұлтанбек. Бағанадан бері солай демеймісің. /қақырынып, түзеліп/ Байың өлгелі он екі жыл болған, сен байғұс жесір қалған екенсің ғой? Бұл өте тамаша... Ал, енді біз не істеуіміз керек?

Жаһан. Не істегені несі?

Сұлтанбек. /айырылғысы келмей/ Айтайын дегенім, менің де қатыным өлгелі бес жыл... Адам жалғыз қалған соң, не істерін де білмейді екен /теріс қарап/ Торға түскен торғайдай қолыма түстің, енді сенен қайтсем де айрылмаспын. /Жаһан кете береді. Сұлтанбек соңынан жүгіріп/ Тоқта, тоқтай тұр, қайда асығып барасың?

Жаһан. Асығыспын, жұмысым көп.

Сұлтанбек. Осы қазіргі өзіміздің мына жұмыстан артық қандай жұмыс болушы еді? Сен байсыз жесір қатынсың, мен қатыны жоқ еркекпін. Қанеки, енді сырласып сөйлесейік... Сен өзің жесір әйелмін деймісің?

Жаһан. Айттым ғой енді, байым өлген деп.

Сұлтанбек. Менің де қатыным өлген деп, қатынсызбын, мәселе сонда.

Жаһан. Оны қайт дейсің, жалғыз сен ғой деймісің ондай қасіретті тартып жүрген.

Сұлтанбек. Білем ғой оны.

Жаһан. Ал енді, нені білмейсің?

Сұлтанбек. Қой, кел онан да шаруа жайын сөйлеселік.

Жаһан. Қандай шаруа?

Сұлтанбек. Мәселе мынада, бұдан былай сен жесірлікті, байсыз жүруді тоқтат, мен де қатынсыз босқа жүруді доғарайын.

Жаһан. Оны қалай істеу керек?

Сұлтанбек. Бір молла, үш сом ақша, бір бас қант.

Жаһан. Түк түсінсемші.

Сұлтанбек. Түсінбейсің бе? Не қылған түсінбейтін қатынсың өзің. Олай болса, қане тыңда.

Саусақтарын алақынына сыртылдатып билеп, өлеңдетеді.


№13
-І-

Жел маядай жүйрікпен,

Жердің жүзін шарлаған,

Жердің жүзін шарлаған,

Бұл әлемде көре алмағам.

Көре алмағам сендей жан.


-ІІ-

Жан сәулем-ау көзің сенің,

Бейне түнгі нұрлы аспан,

Бейне түнгі нұрлы аспан,

Үнің бұлбұл, бойың зифа,

Талшыбықтай бойың зифа.

Берген алла тағалам.
-ІІІ-

Ел біледі Сұлтанбекті,

Мен атақты ірі адам,

Мен атақты ірі адам.

Хақ тағалам берді саған,

Қатын болсаң сен маған,

Қатын болсаң сен маған.
Аскер келеді. Ол аң-таң.

Аскер. Ым... апамыз да тапқан екен. /Билеп, өлеңдетіп жүрген Сұлтанбекке/ Бек!... Бек!... Бек!... /айғайлап/ Тоқтат, мынауың масқара ғой: білмейтін бір әйелге махаббат жырын жырлап, желіккенің...

Сұлтанбек. /сасып қалып/ Сен кім едің? Сенің онда жұмысың не?

Аскер. Жұмысың несі қалай? Бұл менің апам ғой.

Сұлтанбек. /Таңғалып/ Сенің апаң? Ендеше сен аршын малшысың ғой?

Аскер. Иә, аршын малшымын.

Сұлтанбек. Ей, сен бері қарашы, аршын малшы, не қылған ұятсызсың өзің.

Аскер. Не дейсің?

Сұлтанбек. Сен мына байғұс қатынды бақандай он екі жыл қамауда ұстап, байға бермейсің.

Аскер. Қайтейін, жақсы адамды кездестіре алмай жүрмін.

Сұлтанбек. Жақсы адам – ол мына мен. Қанеки енді жақын болайық!

Аскер. /теріс қарап/ Міне, істің сәті түсті. /Сұлтанбекке/ Бек, шының ба, жоқ әлде қалжыңдап тұрмысың?

Сұлтанбек. /ашуланып/ Қалжыңдайтын сен немене, менің теңімбісің? Шынымды айтып тұрғам жоқ па.

Аскер. Жақсы ендеше. Мен саған апамды берем, сен оның орнына маған не бермексің?

Сұлтанбек. Апаң біздің үйден жылы орнын табады, сен мен сияқты бекпен жақын болғаныңа қуанасың, ал мен құдай сүйер іс істегеніме риза боламын. Бұдан артық не керек саған?

Аскер. Жоқ, бек, олай болмайды.

Сұлтанбек. Ал, енді қалай болады?

Аскер. Менімен нағыз жақын болғың келсе /екі саусағын көрсетіп/ екі жақтан бірдей болсын.

Сұлтанбек. Екі жағы қалай?

Аскер. Ол былай, бек: мен саған апамды берем, сен маған қызыңды бересің.

Сұлтанбек. /Ашуланып, қанжарына жармасып/ Ақымақ не деп түрсың маған? Мен қызымды қайдағы бір аршын малшыға берем, ә? Тайып тұр қазір, апа-мапаңмен қоса. Ұятсыз... Жағыңды уатып, аузыңды бұзып, тісіңді тіліңмен қоса артыңа жіберем мен сенің. Өшір қараңды, жоғал көз алдымнан!

Аскер. /саспай/ Қой, апа, кеттік. /кетіп бара жатып/ Бұл қызын аршын малшыға бергісі келмей тұр ғой. Онда көпес Аскерге берер.

Кетеді.

Сұлтанбек. /Аскердің соңынан айғайлап/ Жоғалыңдар! Арсыз, ұятсыздар... /қанжарын суырып алып, Аскердің соңынан жүгіріп/ Өлтірем сұмырай... Жоқ... жоқ... бақыт құсым менің... Көктен түскендей бір қатын тап болып еді, қатын болғанда, нақ өзімнің іздеп жүрген қатыным. Бір молла, үш сом ақша, бір бас қант... Сәті түсіп-ақ еді. Қайдан пайда бола қалды әлгі бір сайтанның баласы, келді де бәрін бүлдіріп, астан-кестен қылды да кетті... Келсеңші ойбай, қатын-ау, қайдасың!


Ш ы м ы л д ы қ .


ҮШІНШІ ПЕРДЕ
Сұлтанбектің үйінің бір бөлмесі
№ 14
Гүлшаһра.

Зарығамын, сағынамын,

Айырылғалы мен сенен.

Жайнаған жаз, гүлді бағы,

Бейне мағанқыспен тең, -

Жүректі шер кернеген.


Гүл бақшада, тоғайында,

Сайрағанда сандуғаш,

Баттым қайғы, уайымға,

Көңіл қаяу, көзде жас (2)

Қосылсам тек бір өзіңмен,

Сонда бақыт табамын мен(2)

Қайдасың сәулем, сүйген жар,

Сенсіз маған дүние тар (2)


Құлпырады кең дала,

Қалың кілем жайғандай,

Бәрінен маған сен сұлу,

Сенің нұрлы көзіңе,

Тең келмес жұлдыз, аспанда ай.

Сағындым сені, кел жарым,

Күтемін сені мен жаным!
Әсия креді. Білдіртпей Гүлшаһраға жақындайды.
Әсия. Осы кейінгі кезде тіпті жабырқай, жүдеп кеттің, саған не болды, Гүлшаһра?

Гүлшаһра. Не болғанын өзім де білмеймін, тегі денім сау емес қой деймін.

Әсия. Дені сау емес адамның бір жері ауырмаушы ма еді, сенің еш жерің ауырмайды ғой?

Гүлшаһра. Әсия саған не болған, немене мені тексерейін деп пе едің? Қойшы, мазамды алмашы.

Әсия. Білдім... Біреуді сүйген, соның қайғысы.

Гүлшаһра. Кімді сүйе қойғандай болып едім?

Әсия. Қызарып кетті. Шынында ғашық болғансың (өз-өзіне). Бірақ кімге? Бізге аршын малшыдан басқа ешкім келген жоқ. Сен осы сол бір еркексымаққа ғашық болдың-ау тегі?

Гүлшаһра. Еркексымағы несі?

Әсия. Ә, әрине, сен сол аршын малшыға ғашық болғансың. Гүлшаһра-ау, саған сол тең бе? Өзің дворян, бектің қызы бола тұрып қайдағы бір көшенің бақалшысын сүйесің. Неге? Несі бар сол неменің, жылтыраған беті ме? Құдай біледі-ау, тіпті оттай жайнап тұрса да мен оны көзіме де ілмеген болар едім.

Гүлшаһра. Мен не болғанымды тіпті білмей барамын (жылайды)

Әсия. Шығар басыңнан ондай жаман ойды, базардың шолақ етек бақалшы саудагері сенің теңің емес. Ғашық болуға тұратын адамға ғашық болсаңшы. Тіпті ғашық болу дегеннің өзі қыздарға масқара емес пе. Мен де сен сияқты қызбын ғой, осы ғашық болып көргенім бар ма? Құдай сақтасын, мына сұмдықты әкең естісе, сені кескілей өлтірер.

Гүлшаһра. Естісін әкем, білсін, өлтірсін мені. Қайғы-қасіретімнің ақыры сонымен тынар.

Әсия. Қой әрі, жоқты сөйлеме. Жүрші мен бір қызық айтайын.
Кетеді. Сұлтанбек кіреді.

Сұлтанбек. Әлгі сайтанның апасы, ғайыптан-ақ қолға түскен қатын еді, айырылдым да қалдым. Несін айтасың, кездестіре алмай жүрген нағыз саркідір қатынның өзі-ақ еді. Бір молла, үш сом ақша, бір бас қант бітті шаруа. Бақытың жанбаса, қайтерсің... Ой арсыз алабай. Жесір апасының айырбасына менің айдай сұлу қызымды сұрайды, ақымақ. Базардың қаңғыбас бақалшысына беретін, мен дәл бір қызымнан безе алмай отырмын-ау, сірә. Мен кіммін – мен атақты Сұлтанбекпін. Тіпті анау – мынау хандарды да менсініп, олармен де табақтас бола бермейтін адаммын мен. Ойда жоқ жерден аршын малшы деген немесі маған күйеу бала бола қоймақ... Мен оның апасын алам дегенде, апасына аңсам ауып, көңілім сүйген соң алмақпын ғой... Шіркін-ай, тілегім оң болып, құдай айдап өз аяғымен келген-ақ қатын еді. Не керек, әлгі бір шайтанның баласы астын-үстіне келтірді де кетті. Қой барып бір аз жантайып, тағы да шонданайым сырқырап, ауыра бастады-ау.

Кетеді. Телли кіреді.
Телли. Мырзамыз тағы да дем алуға кетті. Әбден мазамды алып, қажытты өзі. «Ей, Телли, бері кеп, бүркей, қымтап сал мені!- деп, әлі-ақ айғай салар.

Сұлтанбектің дауысы. Әй, Телли, қайдасың, бері келіп, бүркей сал мені!

Телли. Ой, кәрі сайтан!

Сұлтанбектің дауысы. Телли!

Телли. (құп алған пішінмен) Барайын, барайын.

Кетеді. Әсия кіреді.

Әсия. Қанша жұбатып көрсем де, түк шықпады. Өзі оын емес, шын-ақ ғашық болған-ау деймін, көз жасы бұршақтап кеп жылайды. Ғашық болған, байғұс, аяймын өзін. Қайдан ғана келе қалды, аршын малшысы құрғыр? Белгілі бір адамның баласы болса бір басқа (терезеден қарай). Біреу келе жатыр.Ойпырмай, қандай жап-жас, сұлу жігіт еді. Міне, нағыз мырза. Ғашық болсаң, осындай адамға ғашық бол... Бұл мұнда неге келе жатыр екен... Тура біздікіне келеді. Келсін, жасырынбай-ақ қоям тіпті.

Есік қағылады. Әсия шілтір орамалын(шарфасын) шала-мала бүркеніп, есік ашады. Сүлеймен кіреді.

Сүлеймен. Сұлтанбек үйде ме?

Әсия. Үйде. Отыра тұрыңыз, қазір шақырайын.

Кетеді.

Сүлеймен. Дәу де болса, Сұлтанбектің қызы осы-ау. Қандай сұлу. Жарайсың Аскер, жігітсің, сұлуды таңдауды білесің... Сұлтанбектің дәл мынадай қызы барын білмей қалғанымды қарашы, білгенде өзіме құдалық сөйлесетін едім. Тамаша қыз екен, қап, қап. Қателестім-ау, өзім алатын қыз ақ екен. Ал енді міне, Аскерге әперуге құдалық сөйлесуге келіп отырғаным мынау (ойланып) Құрып қалсын. Өзіме деп құдалық сөйлессем қайтеді... Жоқ, ол жолдастық емес. Аскер маған сенді ғой, оның қызға шын ғашық... Анық дос – адал болу керек. Аман болсам, мен де өз бақытымды табармын.



Үстінде үй киімі, Сұлтанбек келеді.
Сұлтанбек. О-о-о! Хал-ахуал қалай, нендей жаңалық әкелдің, отыр, сөйле, не боп жатыр дүниеде.

Сүлеймен. Бәрі жақсы, бәрі аманшылықта.

Сұлтанбек. Қандай жаңалықтар бар, айта отыр. Базар жаққа бармағалы да көп болды. Еш нәрседен хабарсызбын.

Сүлеймен. Дүние жағдайының өзі біреудің біреуге жақсылық етуін, қамқорлығын қажет қылатын сияқты ғой, сондай бір мәселемен келген жайым бар еді... Өмірдің өзі қызық қой, кейде бір білмейтін адамыңмен танысып, білісіп, тіпті жақын болып кетесің. Мәселе құр ғана жақын болуда ғана емес. Адам сияқты адаммен, белгілі, дәулетті адаммен жақын болуда ғой. Мысалы, ана өзіміздің жас көпес Аскерді айтамын.

Сұлтанбек. (таңырқап) Ол кім?

Сүлеймен. Сен оны білмейсің, бірақ оның әкесі есіңде болуы керек. Кезінде жақсы адамның бірі болған, марқұм Мүрсала көпесті айтам.

Сұлтанбек. Иә, иә оны неге білмейін, жақсы білем. Шынында жақсы-ақ адам еді, марқұм.

Сүлеймен. Менің әлгі Аскер деп отырғаным соның баласы. Тура аумаған әкесі марқұм сияқты, өте ақылды, төрт құбыласы сай, бозбала жігіт. Дүние байлығы дүрілдей тұрған адамның өзі.

Сұлтанбек. Ал сонда, Аскер не тілейді?

Сүлеймен. Аскер не тілеуші еді, сенімен жақын болғысы келеді.

Сұлтанбек. Қызым әлі бала ғой.

Сүлеймен. Қызыңды бала деуге болмайды ау деймін. Аскер деген табылмайтын адам. Саған онымен жақын болу бар жағынан пайдалы болар еді.

Сұлтанбек. Бір есептен сенікі де дұрыс, Сүлеймен, өзім де көпестерді қатты құрметтейтін адаммын. Ал, ана бір енженер-менженер, доктор-мақтор, адвокат-мадвакат, учитель-мучитель дегендеріңді жаным сүймейді-ақ. Мен әбден білем, Аскердің әкесі деген әрі бай көпес, әрі жақсы адам еді, марқұм. Бірақ, жақсы әкеден жаман бала да туа беруші еді.

Сүлеймен. Маған сенбейсің бе? Егер ол жаман адам болатын болса, мен сенің қызыңа құдалық сөйлеуге келмеген болар едім.

Сұлтанбек. Олай болса, бақыттарын ашып, жолдарын қылсын. Ризамын, мен көндім.

Сүлеймен. (қуанып) Е, бәсе, құдай бұйырса, бала-шағаларымен өздері де бақытты болады, еншалла.

Сұлтанбек. Еншалла, жүр, Сүлеймен, енді іше отырып әңгімелесейік.

Екінші бөолмеге кетеді. Әсия келеді.


Әсия. Өмірімде бұдан артық жігіттің сұлуын көрген емеспін. Тағы да анықтый қарайыншы (екінші бөлменің есігінен сығалай) Мен шын ғашық болып қалдым-ау деймін... Е, несі бар? Гүлшаһра қайдағы бір қаңғыбасқа ғашық болғанда, мен неге дворянның баласына ғашық болмаймын. Жарайды ғашық болдым... Махаббаттың жалыны жүрегімді жандырып барады.
№ 15

Әсияның жыры


Көңілім ауды, көрді көзім,

Сұлу жігіт маған тең.

Бай болар ма, білсе өзін,

Сүйдім сені, Сүлеймен.

Тоты құстай толықсып,

Билесем-ау өзімен.

Ашық мінез, жарқын жүзді,

Дәл өзіме ұқсаған.

Шын махаббат қосса бізді,

Болмас еді-ау еш арман!


№ 16 билейді. Кетіп қалады. Телли кіреді.
Телли. Қонақ келгені мұндай жақсы болар ма, әлгінің азабынан құтқарды ғой, тілеуің бергір. Ол келмегенде: әне жерімді бүрке, мына жерімді қымта, міне жерімді сипа, мына арамды қасы деп әбден әуре қылатын еді. Бұндай қатыншыл қақпасты көрмессің... Дүние-ай, мені алатын да бір қолайлы еркек табылып, мына азаптан мүлде құтқарар ма еді десеңші. Қайда маған ондай адам? (Есік қағылады) Бұл кім екен? Әлде, тағдырдың жазуымен, құдай айдап, маған келген біреу болмасын!

Есікті ашады. Уәли кіреді. Жан-жағына қарайды.


Уәли. Сұлтанбектің үйі, осы үй болады ғой?

Телли. Саған не керек?

Уәли. Осында бір қонақ адам болуы керек.

Телли. Иә, бар. Өзіңе не керек?

Уәли. Сен немене маған айғайлайсың?

Телли. Мен айғайлап тұрғаным жоқ. Кімсің өзің?

Уәли. Мен келерменмін. (өз-өзіне) Жаман қатын емес сияқты. Сен осындағы қызметшімісің, кімсің?

Телли. Сенің келерменің не, кімсің өзің?

Уәли. Әуелі сен айт, өзің кімсің?

Телли. Мен осындағы қызметші Теллимін.

Уәли. Мен андағы қызметші, Уәлимін.

Телли. Андағысы қалай?

Уәли. Иә солай – андағы.

Телли. Бір әумесер ғой.

Уәли. Әумесерің не, сұлуым.

Телли. (қылмыңдай) Мен сұлу емеспін.

Уәли. Маған сен перизаттай сұлусың. Өмір бойы қиял еткен сұлуым сенсің.
№17. Уәли мен Теллидің дуэті.
Үйленетін жетті уақыт,

Сүйдім сені, сәулетайым,

Бір сенімен табам бақыт,

Сенсің менің- күн мен айым.

Сүйген жарсыз күңгірт өмір,

Қызығы жоқ, Телли жан,

Сеніменен қоссам көңіл,

Болмас еді ау еш арман.

Телли. Ақшаң бар ма, сүйген жар?

Уәли. Перизатым, бар, бар.

Телли. Сүйдім сені, ауды көңіл.

Уәли. Сен тұрғанда көңілді өмір.

Телли. Сендім саған, қалқатайым!

Уәли. Қосылайық, күн мен айым!

Телли. Ақшаң бар ма, сүйген жар?

Уәли. Перизатым, бар, бар.


(Екеуі) Жақсылықтың шегі жоқ,

Келешекке сенеміз.

Аскер тапты сүйгенін,

Бойдақ боп қалай жүреміз.

Қол ұстасып дос болып,

Бірге өмір сүреміз.


Би.

Телли. Ал айт енді, не керек өзіңе?

Уәли. Сен керексің... құп!

Телли. Ол несі тағы?

Уәли. Қарашығым, барып қонағыңа айтшы, бір сұлу жігіт іздеп келді де. (Телли кете береді) Баршы, бара ғой, перизатым.

Уәли тахтаға отырады.

Уәли. Тамаша қатын! Мырзамыз қызын-ақ алсын, мен дәл әлгіні алам, тойды бір күн жасаймыз.
Сүлеймен, Сұлтанбек келеді. Уәли оларға құрмет көрсетіп, тағзым етеді.
Сүлеймен. Сенбісің, Уәли? Маған келдің бе? Ал, қане жүр... Қош сау бол, бек!

Сұлтанбек. Қош, Сүлеймен, сау-сәламат бол!

Сұлтанбек Сүлейменді шығарып салуға кетеді. Уәли Теллимен жолығу үшін кіреберісте кідіріп қалады. Сұлтанбек үйге қайта кіре берген кезде Уәлимен қақтығысып қалады, Уәли жүгіріп шыға жөнеледі.

Сұлтанбек. Телли, әй, Телли, Гүлшаһра мен Әсияны мында жіберші. Қуанышты хабар естіртем оларға... Міне енді, өмірде қандай қызық уақиғалар болады десеңізші. Ой... біз де жас болдық қой. (Әсия, Гүлшаһра, Телли кіреді) Отырыңдар! (Сыпайы сөйлеп) Гүлшаһра жан, кірбеңдеусің бе, қалай? Немене, әлде сырқаттысың?

Гүлшаһра. Жоқ әке, саумын.

Сұлтанбек. Бәрекелді, балам. Қызым, мен саған қандай жаңалық айтқалы тұрғанымды білемісің?

Гүлшаһра. Мен қайдан білейін, әке!

Сұлтанбек. Мен сені күйеуге беретін болдым.

Гүлшаһра шошынады.

Әсия. (өз-өзіне) Енді қайттым, айырылдым-ау әлгі жігіттен!...

Гүлшаһра. Әке-ау, қазір менің күйеуге баратын уақытым ба?

Сұлтанбек. Уақытың болғанда қандай. Бала емессің. Бәрін білесің. Өзі жап-жас, әп-әдемі, әрі бай жігітке берем, қарағым.

Гүлшаһра. Әке, бірақ ашуланба, менің күйеуге шыққым келмейді.

Сұлтанбек. (сабырлы сөйлеп) Бос сөз қой, қарағым. Мен құдалық сөйлесе келген адаммен сөз байласып қойдым.

Әсия. (қуанып) Ия құдай, әлгі жігіт тек құдалық сөйлесе келген екен ғой.

Гүлшаһра. Жоқ әке, менің тіпті күйеуге шыққым келмейді.

Сұлтанбек. Қой қызым, шалқалама. Ішіңнен қуанып отырғаныңды сезем, балам.

Гүлшаһра. Әке, мен шын айтам. Мені өлтірсең өлтір, бірақ байға берме.

Сұлтанбек. О не дегенің? Бұл не қылған ақымақтық? Кәрі қыз боп, үйде отырып қалмақпысың?

Гүлшаһра. (жылай) Байға бармаймын.

Сұлтанбек. (ашулы) Шалқалайтын дәнеме де жоқ. Қалайша көнбейсің! Көнесің! Әкең байға береді екен, сен баруың керек.

Әсия. Әрине, сен әкеңді тыңдауың керек. Әкең байға береді екен, сен баруға тиіссің.

Гүлшаһра. Әкем мені өлтірем десе өлтірсін, бірақ байға бермесін.

Әсия. Қарсылық жасауға қандай қақың бар!

Сұлтанбек. Саған айтам, қызым, ақымақтанба деймін! Сені бергенде, өзіне ешбір пенде тең келмейтін адамға бермекпін... Енді не керек, саған.

Гүлшаһра. Оған Әсия ақ тисін, соны бер, мен үйде-ақ қалам.

Сұлтанбек. Бұл не қылған ақымақтылық. Әсияны сұраса, Әсияны берген болар едім, саған құда түсіп отыр ғой, барасың!

Әсия. Әлбәттә, солай.

Телли. Әрине, егер маған түскен болса, мені де байға берген болар еді!

Гүлшаһра. Байға тигім келмейді.

Сұлтанбек. Ол сенің жұмысың емес!... Қалайша сен қарсы боласың. Әкең бұйырады саған. Егер де қарсылық білдіретін болсаң, екі құлағыңнан шегелеп, қабырғаға қағып тастармын.

Гүлшаһра жылайды.Сұлтанбек ашулы, үйді ерсілі-қарсылы кезіп жүреді.

Сұлтанбек. /Еркелетіп/ Қызым, мен сені бір жаман адамға береді екен деп ойлама. Патшаның баласы сияқты ер жігітке берем, қарағым. Күйеудің өзі жас, өзі сұлу, өзі бай... Көзімнің ағы мен қарасындай жалғыз қызымсың. Мен саған жамандық ойлаймын ба? /қызын сүйіп/ Балалық қылма, жаным, тыңда кәрі әкеңді.

Гүлшаһра. Шыным әке, күйеуге шыққым келмейді, мені қинама енді.

Сұлтанбек. Әкеңнің тілін ал, өйтіп шалқалай берме, балам, егер әкеңнің тілін алмасаң, құдайым бақытсыз қылады. Мен сөз байласып қойдым, айтқаным айтқан, сөзімді енді қайтып ала алмаймын. Құдай бұйырса, бүгін болмаса, ертең ойын-тойың болады. Күйеуіңе барасың. Күйеуің жақсы адам, өзі асқан бай, сен бақытты боласың. Бала-шағалы болып, дәулеттерің тасиды. Әкең қартайған шағында тыным алып, рахаттанып, жайлы өмір сүреді.

Гүлшаһра. Әке сен мені шынымен күйеуге бергің келсе, өзім сүйген адамыма бер.

Сұлтанбек. /таңырқап/ Кімге тигің келеді сонда.

Гүлшаһра аршын малшыны сүйетінін сездіріп, өлең айтады.


№18

-І-


Ләззәтті әнің салған,

Бойымды билеп алған.

Аршын мал-алан.

Үніңнен самал ескен,

Көңілім шалқып өскен,

Лебізің кетепейді естен.

Аршын мал-алан.
-ІІ-
Шалқыған әнің сенің,

Сүйгенім сенсің менің,

Аршын мал-алан.
-ІІІ-

Құлақтан кетпейді үнің,

Бір сенсің – айым күнім.

Аршын мал-алан,

Аршын мал-алан.
Сұлтанбек. /ашулы/ Қызым, сен кімді сағынып, сарнап тұрсың? /өз-өзіне/ Апырмау, бұл қалай ғана аршын малшыны сүйді, ә?

Гүлшаһра. Иә, тек қана соған, соған тиюге ризамын.

Сұлтанбек. Не деп тұрсың сен ақымақ! Көшенің қаңғыған саудагеріне тимекпісің? Сен ақылыңнан танғансың. Ант етем, отыз тісіңді опырып, жұтқызып жіберемін. Сұлтанбектің қызы сайда саны, құмда ізі жоқ бір қаңғыбасты сүйген. Енді білдім мен неге сенің байға барғың келмейтінін. Әкем Мұстафаның аруағы атсын, айтқаныңнан қайтпасың, ұп деуге ғана шамаң келер, бірақ бақ еткізем сені. Сен менің абыройымды төгейін деген екенсің. Қайтып қана сол бір сұмырай – Аршын малшының бетіне қарауға арың барады. Сол сұмпайы менің көзіме көрінсінші, жалғыз оқпен жалпасынан түсіріп, күлін көкке ұшырайын. Сен менің Сұлтанбек екенімді ұмытпа. Мен арсыздыққа бара алмаймын. Өлтірем... Сені де өлтірем... Оны да өлтірем.

Гүлшаһра. /жылап/ Әке өлтір мені, тез өлтір, жоғалт көзімді.

Сұлтанбек. /Дауысын онан сайын көтеріп/ Өлтірем! Енді Аршын малшыны аузыңа алсаң, жер бетінде адам болып жүрмей-ақ қояйын. Мен сенің күлпаршаңды шығарып кескілермін. Ойпырмау, не қылған сұмдық, неткен масқара... Менің қызым көшенің қаңғырған кезбе жалаңаяғына ғашық болған. /жер тепкілеп/ Жоғал көз алдымнан... Кет бұл жерден... Өшір қараңды, бақытсыз-бейбақ!

Телли мен Әсия Гүлшаһраны сүйемелдеп алып шығып кетеді.

Сұлтанбек. /Айғайлап/ Әсия, Телли.

Әсия мен Телли келеді.

Сұлтанбек. Аршын малшы мұнда қай кезде келіп жүр?

Әсия, Телли. /абыржып, жарыса сөйлеп/ Құдай біледі, білмеймін...

Сұлтанбек. /Ақырып/ Қалайша білмейсіңдер? Менен жасырып тұрсыңдар ғой, ә? Жоғалыңдар, әрман!

Қыздар қаша жөнеледі.

Сұлтанбек. Міне саған керек болса!... Тіміскіген бір ит менің қорама келеді, менің қызым оған ғашық болады... Масқара! Апасының айырбасына менің қызымды сұрағанын, міне енді түсіндім, апа-мапасымен жаһаннамға кеткір. Қызым ақылынан адасқан болу керек... Тезірек байына беріп, жайластыру керек, әйтпесе, істің бәрі шатаққа айналғалы тұр. Қолма-қол Сүлейменді тауып алып, Аскер қызды күшпен алып қашып әкетсін деу керек... Байқауымша, қызымның жөншілікпен баратын түрі жоқ сияқты. Қаһарым түсіп кетіп, сеспей қатыруым мүмкін. /Айғайлап/ Әсия, Телли! /Есіктен Әсия, Телли көрінеді/ Бері келіңдер. Мен қазір қалаға кетем. Сендер ана ақымақты ақылына түсіруге тырысыңдар, болмаса, алла атымен ант етем, бәріңді қырып салам.

Кетеді.


Әсия. /ашулы/ Біз байғұстың жазығымыз не, Гүшаһраның Аршын малшы деген немені сүйгеніне жазықтымыз ба. Бар, шақырып келші өзін /Телли кетеді/. Өзі не қылған жүрек жұтқан десеңші. Тіпті әкесіне бадырайтып отырып, Аршын малшыны сүйем дейді. Мүлдем есінен адасқан.
№19 Трио
Гүлшаһра, Телли келеді. Гүлшаһра креслоға құлай кетеді.

Әсия, Телли. Тағы да баттық мұңға,

Жылама, бізді тыңда.

Тағы да баттық мұңға,

Жылама, бізді тыңда.
Неге сен күйінесің,

Неге сен егілесің,

Білмейтін бір адамға

Сен неге берілесің.


Гүлшаһра. Аршын мал-алан,

Аршын мал-алан,

Сүйдім сол бір адамды.

Аршын мал-алан,

Аршын мал-алан,

Онсыз өмір қараңғы.

Аршын мал-алан,

Аршын мал-алан.


Оның нұрлы көзінсіз,

Оның шәрбәт сөзінсіз.

Көңілім менің қараңғы,

Жас жүрегім бейне мұз.


Сүйгенім сол өмірімде,

Бір ғана сол көңілімде,

Сол ғана сүйген адамым,

Сонымен бақыт табамын.


Әсия, Телли. Тағы да баттық мұңға,

Жылама, бізді тыңда.

Неге сен күйінесің,

Неге сен егілесің,

Білмейтін бір адамға

Сен неге берілесің.


Ш ы м ы л д ы қ .



ТӨРТІНШІ ПЕРДЕ
Аскердің үйінің бір бөлмесі. Аскер айна алдында жөнделіп-түзеліп отырады.

Аскер. Әй, байғұс, Гүлшаһра! Қандай сынға, қандай азапқа салдым бишараны. Ол өзін менен басқа бір адамға береді деп сенген, сорлы. Ойпырмай, мінезі қандай еді өзінің: Өз еркімен басқа ешкімге де барғысы келмейді. Ал мен, әкесінің өтініші бойынша, Гүлшаһраны зорлап, алып қашып келуге кісі жібердім. Ештеңе де етпейді. Қазір біраздан соң, менің әдейі қалжыңдай істеп жүрген ісімнің сыры ашылады. Сонда ол да, мен де, әкесі де, басқалар да қызық қуанышқа батамыз. /сағатына қарап/ Гүлшаһра жанды тез ғана көріп, қалқатайымды қайғы-қасіреттен арылтып, қуантсам екен. Дегенмен мен жаман істегем жоқ... Үйленудің дұрыс жолын табуға қанша уақытым кетті, ақыры қайырлы болып, өз көңілімдегі қызға тап келдім... Қыз таңдай алудың нағыз дұрыс жолын тауып берген, жігітсің сен Сүлеймен. Мен енді сүйкімдімін де, сүйіктімін. Қой, апамыз не даярлап жасап жатыр екен байқап келейін.

Кетеді. Сыртта айғай-шу естіледі. Екі жігіт Гүлшаһраны күштеп әкеліп, үйге кіргізіп, жібереді. Гүлшаһра есікке ұмтылады, есікті сырттан бекітіп кеткен. Гүлшаһра жылайды.

Гүлшаһра. Не үшін бұндай азапқа түстім? Сүйген жарымнан айырды. Сүймейтін адамға зорлап беріп отыр. /Үйдің ішін айнала қарап/ Маған бұл байлықтың, бұндай сән-салтанаттың түкке де керегі жоқ. Тек бір ғана тілегім...

Жылап өлең айтады.

№20

Тағы да қайғы қасірет,

Жәбір-жапа – ауыр дерт.

Торға түстім, мен сорлы,

Жазығым не, құдірет.
Ей... хұда рахым ет,

Ей... хұда рахым ет.

Мәдіт бер, я рәбмән...

Сорлыңа рахым ет...

Ей хұда рахым ет...

Мәдіт бер, я рәбмән...

Сорлыңа рахым ет.
Жоқ қой үміт өмірден,

Жоқ қой үміт өмірден,

Өлім артық қапастан.

Әй хұда, рахым ет...

Бүйткенше буынып өлейін, мына қайғы-қасірет сонымен бітсін.

Шадырасын шешіп, мойнына салып, өзін-өзі буындырмақ болады. Осы кезде сахна сыртынан: «Аршын мал алан» деген өлең естіледі. Гүлшаһра таңырқай, тыңдай қалады да, үйден шығуға әбігерленеді.

Аскер кіреді.

Гүлшаһра. /таңырқап/ Кімсің сен? Сенбісің, өзге біреумісің?

Аскер. Менмін, менмін, қымбаттым, сабыр етші, бұл мен, менің өзім!

Гүлшаһра. /жылап/ Көрдің бе мені қандай күйге салғандарын? Енді біраз кешіксең менің өліп жатқанымды ғана көрер едің. Мұнда қалай келдің? Көрініп қойса, өлтіреді ғой сені... жүр тез кетейік, қашайық.

Аскерді есікке қарай сүйрейді.

Аскер. /күліп/ Өз үйімізден өзіміз неге қашамыз?

Гүлшаһра. Не деп тұрсың, бұл кімнің үйі өзі?

Аскер. Менің үйім, ал енді сенің де үйің осы үй болады.

Гүлшаһра. Ештеңені де түсініп тұрғаным жоқ. Мені осында алып қашып келген кім осы?

Аскер. Біздің адамдар ғой.

Гүлшаһра. Мен әлгі, әкемнің мені бермек болған күйеуі-көпестің адамдары екен дедім емес пе.

Аскер. Әрине солай.

Гүлшаһра. /түсінбей/ Түгін де түсінбедім!... Айтшы, құдай үшін, осы не болды өзі.

Аскер. /күліп/ Ендеше тыңда, айналайын, айтайын. Өзіңді сүйген Аршын малшы-мына менмін. Ал әкеңнің сені зорлап беріп отырған көпесі де менмін. Мен өзім сүйетін қалыңдығымды өз көзіммен көріп, біліп алу үшін әдейі Аршын малшы болдым, сондағы тапқаным, сүйгенім сенсің. Әкең де риза, ол бірақ, менің әрі Аршын малшы, әрі өз ризалығымен қызын беріп отырған көпесінің өзі де мен екенімді білмейді.

Гүлшаһра. Аллай, не қылған ұятсызсың. Ең болмағанда мені де аямадың-ау. Қандай азап шектім. Әкем мені өлтіріп тастай жаздаған жоқ па. Өзімді-өзім буындырып өлтіре жаздадым емес пе!

Аскер. Ештеңе етпейді, жаным. біздің бүгінгі қуанышымыз соның бәрін де ұмыттырып жібермей ме. Солай емес пе?

Гүлшаһра. Иә, солай енді.

Аскер. Жүр, біздің үйлерді көрейік.

Кетеді. Сұлтанбек келеді.

Сұлтанбек. Әй, әке байғұсқа да ауыр тиіп тұр-ау... Құдай-ай, сақтай гөр, қызым өзін-өзі бірдеме етіп тастамаса игі еді... Өздері қайда кеткен, құдай-ау? Балалар қайдасыңдар?

Аскер келеді.

Аскер. Ассалаумағалейкөм, Сұлтеке, қош келіпсіз.

Сұлтанбек. /әуелі көңілді, күлімсіреп қолын созады да, қарап алып, тез өзгеріп тымырайып/ Сенбісің? ... Осы сен Аскердің өзімісің?

Аскер. Иә, қажы Мұрсаланың ұлы, Аскер мен болам.

Сұлтанбек. Солай болуы керек. Менің көз алдымда әлгі бір жалаңаяқ қу тұрған сияқты болып кетті емес пе?

Аскер. Қандай жалаңаяқ?

Сұлтанбек. Е, әлгі бір Аршын малшыны айтам.

Аскер. Ә, білем. Ол әлгі апасын сен алмақ болып, апасының орнына сенің қызыңды сұрайтын Аршын малшы ғой?

Сұлтанбек. /таңырқап/ Иә, иә. Апырмау, бұның бәрін сен қайдан біле қойдың?

Аскер. Сол айтып тұрған Аршын малшың мына менің өзім болған соң, қалайша білмеймін.

Сұлтанбек. Сол сен өзің?

Аскер. Иә, мен өзім. Үйленетін қызды өз көзіммен көріп барып, алу үшін әдейі солай істегем.

Сұлтанбек. Ойпырмай, шын айтып тұрмысың осы?

Аскер. Өзіңнің Гүлшаһраң айтсын.

Гүлшаһра келеді. Қуанышты. Әкесінің мойнына асыла кетеді.

Гүлшаһра. Әке, міне енді сенің де, менің де тілегім орындалды, ал бәріміздің әуреге түсуімізге кінәлі мына Аскер.

Сұлтанбек. Ұқтым қызы, ұқтым, бәрін де біліп тұрмын. Сенің тілегің орындалуын орындалды ғой, ал менің тілегім орнына келмей тұр-ау... Аскер, сен осындай ма едің... Әкең марқұм тіпті бұндай адам емес еді... Ал, өзің аман-жақсымысың /қолын береді/. Хал-жайларың қалай? Денің сау ғой? /қызына бұрылып, маңдайынан сүйеді/ Ал, қызым... міне тамаша. Әй Аскер, сен не қылған қусың өзің... /бір нәрсе есіне түсіп/ Е... Е... айтпақшы осы әлгі сенің апаң қайда, соны айтшы? Соның өзі анық сенің апаң ба, жоқ әлде ол да бір қулығың ба?

Аскер. Атамаңыз, ешбір қулық емес, анық апам.

Сұлтанбек. Жесір ғой өзі?

Аскер. Иә, жесір.

Сұлтанбек. Ойбай-ау, онда жылдамырақ шақырсаңшы өзін.

Аскер. Жақсы, Гүлшаһра, апамды мында шақырып келе қойшы.

Гүлшаһра кетеді.

Сұлтанбек. Тезірек келсінші, мен оны аламын. Ол да жесір, менде де қатын жоқ. Дәрігерлер де маған ылғи қатын алу керек дейді... Оған да дәрігерлер байға тию керек дейтін шығар-ау, құдай біледі.

Аскер. Апама үйлен, енді екі жақтан бірдей жақын боламыз. Енді түсінген шығарсың, екі жақтан жақын болу дегеннің не екенін.

Сұлтанбек. /күліп/ Түсіндім, түсіндім, сондай қусың-ау өзің. Енді екі жақ түгіл, тіпті төрт жақтан жақын болайық десең де дайынмын.

Гүлшаһра мен Жаһан келеді.

Сұлтанбек. Е... міне, ал, кел, кел, келсеңші берірек. Ойпырмай, мына бауырың қандай қу еді, бұған не айтасың? Бір молла, үш сом ақша, бір бас қант – сонымен бәрі орнына келеді емес пе. Жоқ, меніңше тіпті, Аскер мен біздің тойымызды бір-ақ өткізсе де болады-ау, ә?

Жаһан. /сабырлы болғансынып/ Несі бар, тек құдай жарылғасын...

Сұлтанбек. Түу, әлде қашан солай болу керек еді ғой... Тіпті есімнен шығып кетіпті. Әлгі қыздары құрғыр үйде өздері ғана қалып еді, мені іздеп отыр-ау /Аскерге/ Сен бір қызметшіңді жібере қойшы, Әсия мен Теллиді ертіп әкеле қойсын.

Аскер. Жақсы, қазір.

Сұлтанбек. Қуанғанымнан тіпті жасарып кеткен сияқтымын... бірақ осы оншама кәрі де емеспін-ау. Бірталай жастарыңнан кем түспейміз әлі.

Сүлеймен келеді.

Сүлеймен. Ассалаумағалейкөм. Е, Сұлтанбек, сен де осындамысың?

Сұлтанбек. Уағалейкөм ассалам, Сүлеймен, ой сенің мына досың не қылған қу еді өзі.

Сүлеймен. Иә, бұл асқан қудың өзі, бірақ, білмеймін, бұндай қулықты кімнен үйреніп жүргенін.

Аскер. Кімненің қалай? Осының бәрін ойлап, шығарып жүрген сен емеспісің. Мына апам да біледі.

Жаһан. Иә, осының бәрі Сүлейменнің шығарып жүрген қулығы.

Сұлтанбек. Әй, Сүлеймен, мен сені бұндай деп ойлаған жоқ едім /қалжыңдап құлағынан алып/ Әй, сен... ондайды қайдан таптың...

Сүлеймен. /тәкәппарлығансып/ Мына өз басымнан... /Гүлшаһраға қарап/ Тұра тұр, мынау Гүлшаһра ма осы?

Аскер. Иә, немене?

Сүлеймен. Менің көргенім бұған мүлдем ұқсамайды.

Сұлтанбек. Бұл тегі Әсияны көрген болар.

Сүлеймен. Әсиясы кім?

Сұлтанбек. Әсия – менің жиенім.

Сүлеймен. /қуанып/ Солай де. Онда мен не қарап тұрмын... Маған да той жасау керек болды ғой.

Сұлтанбек. Сүлеймен, сен шын айтып тұрмысың?

Сүлеймен. Әрине, шын айтам!

Сұлтанбек. Мен де ризамын /Сүлейменге қолын береді/.

Бәрі. Міне, тамаша!

Сүлеймен. /өз-өзіне/ Міне, адал достықтың сыйы осы да.

Әсия, Телли және Уәли келеді.

Сұлтанбек. Міне, бұлар да келді. Әсия, келші бері. Мен сені мына жігітке күйеуге берем. Ризасың ба?

Әсия. /ұялғансып/ Ризамын!

Сұлтанбек. Жарайсың Әсия, сен Гүлшаһрадан көрі ақылдырақ болып шықтың... бәрі жақсы... Өте тамаша...

Уәли қатты күрсінеді. Бәрі оған қарап қалады.

Сұлтанбек. Бұл не күрсіну? Сен неге күрсінесің, мына елдің бәрі мәз-майрам болып тұрғанда.

Аскер. Ол түсінікті. Сен маған Гүлшаһраны бердің, Сүлейменге Әсияны бердің, ал өзің менің апамды алдың. Ал енді, мына Уәлиге Теллиді бермеймісің.

Бәрі. Дұрыс, дұрыс!

Сүлеймен. /Уәлиге/ Уәли, мен саған даярлана бер деп бекер айтпаған екем.

Сұлтанбек. Әй, Телли, сен бері келші... Сен мына Уәлиге тиюге ризамысың?

Телли. Ризамын!

Сұлтанбек. /Уәлиге/ Әй, сен бері таман келші... Атың кім өзіңнің?

Уәли. Уәли.

Сұлтанбек. Мына Теллиді әйел етіп алғың келе ме сенің?

Уәли. /қылымсыған болып, артынан қолма-қол/ Мен бе? Енді қалай? Алам.

Сұлтанбек. Міне, тамаша. Ал енді бұлардың тойы қашан?

Бәрі. Осы қазір-ақ болсын!

Сұлтанбек. Ал, олай болса, бастайық тойды.
№21

Әйелдер, жігіттер, оркестранттар келеді. Музыка. Барлығы билей жөнеледі.


Ш м ы л д ы қ .

Баку – Москва 1938 жыл.

Ежи Юрандот



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет