Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


учительнице  Назкен  Канаевой» –  «Мен өзімнің  оқушым



Pdf көрінісі
бет107/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

учительнице
 Назкен 
Канаевой»
– 
«Мен өзімнің 
оқушым
 Назкен Қанайқызына рахмет 
айтқым келеді». 
Мұндағы өрескел қателік – түпнұсқадағы 
«учительница» деген атау аудармада «оқушы» болып кеткен. 
Сөйтіп мәтіннің мағынасы мүлдем өзгеріп шыға келген. Дұрысы: 
«Мен өзімнің мұғалімім (немесе ұстазым) Назыкен Қанайқызына 
рахмет айтқым келеді» 
деуі керек еді.
12. 
«Народ Пенджаба продемонстрировал 
редкое единство
 в 
борьбе против терроризма и отпоре провокациям»
– 
«Пенджаб 
халқы терроризмге қарсы күресте және ... арандатуларға тойтарыс 
беруде бірлікті сирек көрсетті» 
деп алыныпты. 
Бұл сөйлемді бүлдіріп тұрған – «бірлікті сирек көрсетті» 
деген тіркес. Ал шынтуайтында орысшасындағы біз астын сызған 
«редкое единство»
деген тіркес бұл арада бір «кісідей жұмылып» 
деген мағынаны білдіреді. Ал аудармадағы «бірлікті сирек 
көрсетті» деген тіркес мүлдем кері мағынада алынған. Сондықтан 
бұл сөйлем 
«Пенджаб халқы лаңкестікке қарсы күресте және 
арандатуларға тойтарыс беруде бір кісідей жұмылып топтаса 
түсті»
болуы керек.
13. 
«По пути наименьшего сопротивления»
– «Мейлінше аз 
қарсылық көрсету жолымен». 
Бұл да дәл жоғарыдағыдай қалай 
болса солай аударыла салынған нәрсе. Сәл де болса ойланған кісі 
мұны 
«жеңілдің астымен, ауырдың үстімен»
деп алған болар еді.
14. 
«Животные при благоприятной погоде содержатся на 
открытом воздухе, это очень важно для их роста»
– 
«Мал 
қолайлы
 
ауа райы жағдайында ашық ауада бағылады
, мұның өзі 
олардың өсуі үшін өте маңызды».
Тіл білмеушілік, тіл бұзарлық 
деген осындай-ақ болар, сірә. Әйтпесе қай қазақ «мал ашық ауада 
бағылады» дейді? «
Мал өріске айдалады» немесе «Мал өз аяғымен 
жайылады» 
демеуші ме еді?
15. 
«Работа над этим проектом...»
– 
«Бұл жобаның үстіндегі 
жұмыс»
. Осындай аудармаларды оқығанда не күлеріңді, не 
жыларыңды білмейсің. Мұны тілге жаны ашымаған адамның ісі 


263
деп білу керек болар, сірә. Әйтпесе, «жобаның үстіндегі» деген не 
сөз? Жай ғана 
«Бұл жобаның жұмысы...»
деген сөз емес пе? 
16. 
«Казахстан и Белоруссия ... каждая по своему героические 
республики»
– 
«Қазақстан мен Белоруссия ... әрқайсысы өзінше 
қаһарман республикалар...»
Осындағы «өзінше» сөзі басқаша бір реңк беріп тұр. Өйткені, 
ауыз-екі сөйлескенде «өзінше әлдеқандай болады» деп біртүрлі 
кекесінмен айтылады емес пе? Осы жерін «өзіндік ерекшелігі бар» 
десек, түпнұсқаға қиянат жасалмас еді.
17. 
«Мы проявляем серьезную заинтересованность» – «Елеулі 
түрде мүдделік білдіреміз» 
деп сөзбе-сөз аударылыпты. Мұны 
«Біз бұған барынша мүдделі болып отырмыз»
деп қазақшалау 
керек еді. 
18. 
«Ангола заняла ныне достойное место в рядах 
прогрессивных африканских государств»
– деген сөйлем 
«Ангола 
қазір прогресшіл Африка мемлекеттерінің қатарынан лайықты 
орын алып отыр»
деп аударылған. Африка континентін түгелдей 
прогресшіл деуге бола коймас. Бұл арада әңгіме Африканың 
прогресшіл мемлекеттеріне қатысты айтылып отыр. Сондықтан 
«Ангола қазір Африканың прогресшіл мемлекеттерінің қатарынан 
лайықты орын алып отыр»
деген жөн болар еді.
19. 
«А жизнь учит, что инициатива, обреченная на самотек, 
глохнет, замирает»
– 
«Ал самотекке ұшыраған бастаманың үні 
өшіп, құрып бітетінін өмір көрсетіп отыр».
Ал керек болса! 
«Самотекке ұшыраған» деген қандай аударма? 
«Іс бетімен 
жіберілген жерде бастаманың үні өшіп тынатынын өмір 
көрсетіп отыр»
десе бір сәрі. 
Енді қазақ тілін шұбарлайтын аудармадан бірнеше мысал 
келтірелік. Бұларды талдап, қателерін шығару, оқыған жұрт 
түсінетіндей етіп редакциялау жалпы оқырмандар үшін пайдалы 
болады әрі аударма ісімен айналысқысы келетіндердің тәжірибе 
жинақтауына көмектеседі деп ойлаймыз. Бұл мысалдар 
«Переписки семьи Ульяновых» деген кітаптан алынды:
1. 
Когда о нем говорит весь мир...
– 
Ол бүкіл дүние жүзінің 
аузында отырғанда ...
Дұрысы:
Ол туралы бүкіл әлем сөз етіп отырғанда... 
2. 
Как известно, в подзаголовке написано:
«Из искры возгорится 


264
пламя»
– 
Жұртқа мәлім, «Искра» аттың астына «Ұшқыннан 
жалын қаулайды»
деген сөз жазылған. 
Дұрысы:
Тақырыптың астына 
«Ұшқыннан жалын қаулайды»
деген сөз жазылғаны баршаға мәлім.
3.
 Недоставало топлива на Шуйские фабрики – Ильич также 
решает разбронировать находящиеся вблизи 3000 кубометров 
торфа и передать фабрикам – Шуйскідегі фабрикаларға отын 
жетпеді, сонда Ленин мұны да шешіп, таяу жердегі 3000 текше 
метр шымтезекке бронь салдырып, оны сол фабрикаларға бергізеді. 
Дұрысы:
Шуйск фабрикаларына отын жетпей қалған кезде 
Ильич таяу жердегі 3000 текше метр шымтезекке ешкімді 
тигізбей фабрикаларға жіберуді ұйғарды.
4. 
По отношению к специалистам мы не должны 
придерживаться системы мелких придирок – Мамандар жөнінде 
біз ұсақ-түйек тиісу системасын қолданбауға тиістіміз.
Дұрысы:
Біз жоқтан өзгені сылтауратып мамандарға тиісе 
бермеуіміз керек.
5. 
Однако вспомнишь, что ведь Ильичу тоже, наверное, 
частенько приходятся держать душу за крылья, и стыдно мне 
слабости своей – Бірақ та, Ильичке де, тегі жанды қанатынан 
ұстап отыратын кездер талай кездесетіні есіме түскенде өзімнің 
нашарлығымнан ұяламын.
Дұрысы:
– Алайда Ильичтің де жанын шүберекке түйіп 
отыратын кездері жиі кездесетіні есіме түскенде өзімнің 
нашарлығыма қысыламын.
6. 
У него была естественная связь только со своими товарищами 
по работе, рабочими и крестьянами, и он предпочитал отдавать 
все свое время только им – Оның тек жұмысшылар мен шаруалар 
жөніндегі ғана табиғи байланысы болды, сондықтан да өзінің бар 
уақытын тек соларға арнауды артық көретін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет