Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет106/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

установили
строители»
– 
«Құрылысшылар жаңа еңбек рекордын орнатты»
деп аударылған. 
Сөз мағынасы тұрғысынан алғанда рекорд орнатылмайды, рекорд 
жасалады. Сондықтан бұл сөйлем 
«Құрылысшылар еңбекте жаңа 
рекорд жасады»
деп аударылуы керек.
2. 
«В этом некогда богом забытом краю»
деген сөйлемді 
аудармашы мән-мағынасын түсінбегендіктен, 
«Осынау бағзы бір 
кезде құдайдың да назарына ілікпеген өлкеде» 
деп жіберіпті. Бұл 
арада әңгіме жан баспаған құла дүз, қу медиен жайында болып 
отыр ғой. Ендеше ол 
«Адам аяғы баспаған құла дүз» 
немесе 
«Жан 
баспаған қу медиен»
, т.т. болуы керек еді.
3. 
«В первую очередь следует навести порядок в области 
землепользования, покончить с фактами разбазаривания и 
хищнического отношения к земле» 
– 
«Ең алдымен жерді пайдалану 
саласында тәртіп орнатып, жерді талан-таражға салу және 
жерді аздыру фактыларын біржола жою керек». 
Бұл сөйлемде «жерді» деген сөз үш рет қайталанады, сонан соң 
жерді аздыру деп емес, тоздыру деп алу керек. Өйткені адам азады, 
жер тозады деп айтылады емес пе?
4. 
«Потрясенная до глубины души, девушка сначала написала 
об этом страстную статью и отправила в Индию»
– 
«Жанының 
тереңіне дейін тітіркенген қыз бұл туралы алдымен жан ұшыра 
мақала жазып, оны Индияға жіберді».
Бұл сөйлем қай жағынан алғанда да (мағыналық, стилистикалық 
жағынан) дұрыс аударылмаған. Бұл – бір. Екіншіден, Индияның 


261
Үндістан деп жазылатыны баршаға белгілі. Сол себептен де 
мұны 
«Жаны қатты күйзелген қыз алдымен бұл жайында жүрек 
тебірентер мақала жазып, оны Үндістанға жіберді»
десек әрі 
жатық әрі қазақша болып шығар еді. 
5. 
«Лишь по счастливой случайности» – «Бақытты 
кездейсоқтыққа байланысты ғана...»
Мұндағы көзге ұрып тұрған орашолақтық айтпаса да түсінікті. 
«Бақытты кездейсоқтығы» несі? Қазақ мұндай жағдайды 
«Сабақты ине сәтімен дегендей»
немесе 
«Істің сәтін салайын 
десе» 
деп айтады ғой.
6. 
«Пожар в системе электроснабжения»
– 
«Электрмен 
жабдықтау дүниесінде болған өрт».
Мұндағы «жүйесінде» деп 
алынуы керек сөз «дүниесінде» болып кеткен. 
7. 
«Он с детства свободно владеет русским, немецким и 
казахским языками» 
– 
«Ол орыс, неміс және қазақ тілдерін бала 
жасынан бастап толық меңгерді». 
Осындағы «свободно владеет» деген тіркес «толық меңгерді» 
деп қате аударылған және «бала жасынан бастап» деген тіркесті 
сәтті алынған деу қиын. Дұрысы: 
«Ол жастайынан орыс, неміс 
және қазақ тілдерінде еркін сөйлейді»
болу керек.
8. 
«Вдвойне дорога для него эта книга»
– 
«Бұл кітап ол үшін 
екінші жағынан да қымбат»
деп аударылған. 
«Бұл кітаптың оған 
аса қымбат болатын жағы да бар» 
десе жатықтау шықпас па еді?
9. 
«Еще в школе состоялась первое знакомство с произведениями 
известного поэта в подлиннике, как в прочем и со стихами 
Пушкина и Гете»
– 
«Белгілі ақынның қазақ тілінде жазылған 
өлеңдерімен мектепте оқып жүрген кезінің өзінде-ақ алғаш рет 
танысқан болатын. Сондай-ақ Пушкин және Гете өлеңдерімен де 
осы тілде танысты».
Мүлдем қате аударылған әрі шұбалаңқы болып шыққан. Әңгіме 
бір белгілі ақынның шығармаларын, сондай-ақ Пушкиннің, 
Гетенің өлеңдерін алғаш түпнұсқадан оқып танысқаны жайында 
болып отыр. Сондықтан 
«Белгілі ақынның шығармаларымен, 
сондай-ақ Пушкин мен Гетенің өлеңдерімен түпнұсқасынан алғаш 
мектепте жүріп танысқан болатын»
десе түсінікті болар еді. 
10. 
«В старших классах почувствовал увлечение к чтению 
национальной литературы» 
– 
«Аға кластарда оқи жүріп, ұлт 
әдебиеттерін оқуға құныққанымды сезе бастадым».


262
Осындағы «аға кластар» дегені «жоғарғы сыныптар», ал 
«ұлт әдебиеттері» – «ұлттық әдебиет» емес пе? Сондықтан бұл 
арада дұрысы 
«Жоғарғы сыныптарда ұлттық әдебиетті оқуға 
құмарлығын сезінді»
болуы керек.
11. 
«Мне хочется сказать спасибо своей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет