Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет22/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Еркін (вольный) аударма
дегеннің қағидасынан аударма-
шының түп нұсқаның мазмұнын өз бетінше әңгімелеп кетуі деген 
ұғым туындайды. Түпнұсқаны аудару тәсілдерінің қатарында 
аталып жүргенімен еркін аудармаға бой ұрып жүрген аудармашылар 
жоқтың қасы десе де болады. Еркін аударманы пайдаланған 
аудармашы түпнұсқаның мағынасы мен рухына қаныға отырып, 
оларды өз формасына түрлендіреді.
Аударма ежелден келе жатқан адамның іс-әрекеті. Адамзаттың 
дамуы (нақты айтқанда, білім, ғылым, техниканың дамуы) 
ұлтаралық, мемлекетаралық қатынастардың (сауда, шаруашылық, 


43
құрылыс, ғылым салаларындағы қызметтестік) нығайып терең-
деуіне алып келеді. Соның нәтижесінде аударма пайда болып, 
халықтардың бір-бірімен тіл табысуына зор үлес қосып келеді. 
Адамның атқаратын іс-әрекеттері түрленіп, байыған сайын, 
аударма да түрленіп, дамып келеді. Қазіргі аударматануда 
аударма келесі топтарға бөлініп, жіктеледі. Орындалу амалына 
қарай аударма жазбаша немесе ауызша түрлеріне бөлінеді. 
Жазбаша аударма
арнайы және көркем аудармадан құрылады. 
Көркем аударманың нысаны көркем әдебиет, көркем сөз болса, 
арнайы аударма ресми құжаттарды аудару, ғылыми мәтіндерді 
аудару, техникалық нұсқау, оқу құралдарын аударуды қамтиды. 
Публицистикалық шығармаларды аудару өзінің коммуникативтік, 
стильдік ерекшеліктеріне байланысты көркем аудармаға 
жақынырақ келеді. Арнайы аударма әрекеттің мақсатына қарай 
мәліметті аударма
мен 
реферативті аудармаға
бөлінеді. 
Мәліметті аударма түпнұсқаның мазмұнын неғұрлым толық беруге 
бейімделсе, реферативті аударма тек қана маңызды мәліметтерді 
аударуға арналған. Жазбаша аударма ауызшаға қарағанда көбірек 
зерттелсе де, көкейкесті мәселелері әлі аз емес, әсіресе көркем 
аударманың. Оның түбі – көркем әдебиеттің шығармашылық іс-
әрекеті болып табылып, жазушының жеке шеберлігінде.
Ауызша аударма
ілеспе немесе кезекті болуы мүмкін. Кезекті 
аударманың ерекшелігі сөйлеуші (түпнұсқаның авторы) мен 
аудармашының тығыз байланыста болуында. Тіпті сөйлеуші 
аудармашыға сөйлеу кезегін беріп, өзі үндемей тұрады. Екеуі 
тыңдаушылардың алдында бірге тұрып, біртұтас қызметкер сияқты 
көрінеді. Кезекті аударма ойдағыдай болу үшін әңгімелейтін 
тақырыпты алдын ала белгілеп, ең маңызды да күрделі 
пайымдаулармен аудармашыны таныстыру қажет. Ол белгіленген 
саладағы көкейкесті мәселелер туралы хабардар болып, қажетті 
лексиканы, терминдерді даярлап қояды. 
Ал ілеспе аударма аударманың басқа түрлерінен едәуір 
кейін пайда болғаны анық, себебі ол техникалық құралдармен 
жабдықталуы керек. Аудармашы аударылатын сөйлемдерді 
құлаққап арқылы естіп, микрофон арқылы аудармасын айтып 
отырады. Сөйлеуші (түпнұсқаның авторы) аудармашының 
қызметінде шаруасы жоқ, ол үлгеріп жатыр ма, айтқан сөзін 


44
түсінбей, аудара алмай жатыр ма, ешбір хабары жоқ. Кезекті 
аудармашы сөйлеушіден түсінбеген жерлерін (мысалы, сандарды, 
мекемелердің атауларын т.б.) қайта сұрап анықтап алуы мүмкін 
болса, ілеспе аудармашының ондай мүмкіндігі болмайды. (Ілеспе 
аударманың тарихы, оның ерекшеліктері туралы төменде кеңінен 
баяндалады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет