Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет66/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

түпнұсқа
сөзі ісқағаздар 
тілінде белгілі бір құжаттың алғашқы нұсқасы, негізгі варианты 
деген ұғымды бере алады.
Құжат жоғалған кезде қолға берілетін, құжаттың түпнұсқасымен 
күші бірдей көшірмесі 
дубликат
деп аталады. Оқу құралдарында 
дубликат – төлқұжат
деп аударылып жүр. 
Төлқұжат
жоғарыда 
айтылғандай 
паспорттың
аудармасы ретінде бекітіліп, қолданысқа 
еніп кеткендіктен және 
төл
деген сөз ең алғашқы, өзіне ғана тән 
деген ұғымдарды беретіндіктен 
дубликат 
сөзінің орнына жүре 
алмайды. Қазір ісқағаздар тілінде 
дубликаттың 
баламасы ретінде 
телқұжат, телнұсқа
терминдері қолданылып жүр. 
Оригиналды


159
түпнұсқа
деп қалыптастырсақ 
дубликатты
телнұсқа
деп 
қалыптастыруға әбден болар еді. 
«Протокол» терминінің аудармасы ретінде осы уақытқа 
дейін 
мәжілісхат, хаттама
сөздері қатар қолданылып келді. 
Мәжілісхат
терминінің 
мәжілістің мәжілісхаты
сияқты 
қолданыстардағы үйлесімсіздігіне байланысты соңғы уақытта 
хаттама
сөзі термин ретінде көп қолданылып, қалыптаса 
бастады. Бірақ 
хаттама 
термині мекеменің, ұйымның жиналысы 
мен мәжілістерінде қаралған, қорытындыланған мәселелерді 
көрсететін, тіркейтін құжат атауына сәтті табылған балама 
болғанымен, «дипломатиялық акт тәртібін реттейтін ережелер мен 
дәстүрлер жиынтығы» ұғымында қолданылатын 
дипломатический 
протокол,
Протокольная служба президента
сияқты тіркестерде 
қолданысқа жарай алмай тұр. 
Хаттаманың қолға берілетін белгілі бөлігін (выписка из 
протокола) осыған дейін 
хаттамадан көшірме
деп атап келдік. 
Енді осындағы 
көшірме
сөзі 
копия
сөзінің аудармасы және оның 
мағынасын дәл беретіндіктен және 
копия
мен 
выписканы
бір-бірімен 
шатастырмас үшін 
хаттамадан көшірме
емес, 
хаттаммадан 
үзінді
деген қолданыс дұрыс. Біріншіден, екі терминді бір сөзбен 
атағанша, әрқайсысының өз атауы болғаны дұрыс, екіншіден, 
копия 
мен 
выписка 
бір нәрсе емес, үшіншіден, 
үзінді
сөзі 
хаттамадан 
үзінді
(выписка из протокола) деп аталатын құжаттың мағынасын 
көшірмеге
қарағанда дәл ашады. 
Хаттамадан көшірме
деп 
аталатын құжат хаттаманың бүкіл мазмұнының көшірмесі емес
тек қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін 
нұсқасы. Кез келген құжаттың үзіндісі құжаттың толық мәтіні 
қажет болмаған жағдайда, құжатта жазылған бірнеше мәселенің 
ішінен біреуі ғана қажет болғанда немесе құжаттың толық 
мазмұнын құпия ұстау қажет болған жағдайда дайындалады. 
Құжат үзіндісінде жазылған мәліметтің растығын, дұрыстығын 
дәлелдеу үшін орыс тілінде 
«выписка верна» 
деп жазылып, 
жауапты қызметкердің қолы қойылып, мекеме мөрі басылады. 
Құжат үзіндісінің дұрыстығын, растығын дәлелдейтін жазба 
үзіндісі рас, үзіндісі заңды, үзіндісі дұрыс 
т.б. бірнеше нұсқада 
қолданылып жүр. Бұлардың ішінен 
үзіндісі дұрыс 
деген нұсқа 
ісқағаздар тілінде қолдануға икемді, растайтын жазба ұғымын 


160
бере алады. Құжаттың үзіндісі емес, көшірмесі берілген жағдайда 
көшірмесі дұрыс
деп жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет