Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет65/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

делопроизводство
термині 
ісқағаздарын жүргізу
болып қалыптасқан, соңғы кезде орыс 
тіліндегі нұсқасында 
қағаз
сөзі жоқ болғандықтан оны алып тастап 
іс жүргізу 
деп айту, жазу, белең алып жүр. Негізінде 
іс жүргізу
заң саласында қолданылатын термин ретінде қалыптасқан. Беретін 
мағынасы да көпшілікке түсінікті – белгілі бір қылмысты істі 
жүргізу. Осыған орай 
істі болды, ісі сотта қаралды

қылмысты 
іс тоқтатылды, істі жүргізу Пәленшеевке тапсырылды
деген 
сияқты тіркестерді жиі қолданамыз. Олай болса 
делопроизводство
терминін
іс жүргізу 
деп алудың қанша қажеттілігі бар? 
Делопроизводство
терминінің 
ісқағаздарын жүргізу 
деп 
қолданылғаны дұрыс. Себебі 
ісқағаздарын жүргізу
термин 
ретінде бұрыннан қалыптасып, тілге сіңісті болған, екіншіден өз 
мағынасын толық, айқын бере алады, үшіншіден 
іс жүргізу
заң 
термині ретінде қалыптасқан, өзінің беретін мағынасы, атқаратын 
қызметі, қолданылу ерекшелігі бар, төртіншіден әрқайсысының 
өз атауы тұрғанда екі терминді бір сөзбен беру қажеттілігі жоқ. 
Делопроизводство – ісқағаздарын жүргізу, деловые бумаги – іс 
қағаздары
болып қолданылуы тиіс.
Кеңес дәуірінде басшылыққа алынып келген терминжасаудың 
негізгі принциптерінің біразы бүгінгі күні ескерілмей, қазақ 
тілінде термин қалыптастырудың ғылыми негізделген жаңа 
принциптері әлі қалыптаса қоймағандықтан, бүгінгі таңда қазақ 
терминологиясы күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Осының 
нәтижесінде терминжасау бейберекет, бұқаралық әрекетке 
айналып бара жатқаны да жасырын емес. Бұған соңғы жылдары 


158
жарық көрген түрлі сөздіктерді, оқулықтарды, оқу құралдарын, 
ісқағаздарында қолданылып жүрген түрлі сөз қолданыстарын 
салыстыру арқылы көз жеткізуге болады.
Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайық толыққанды қызмет 
атқарып, кеңінен қолданысқа түсу деңгейі ұлттық терминологияның 
дамуымен тығыз байланысты екені даусыз. Қазақ ісқағаздары 
тіліндегі көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа 
тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған нұсқасы 
бар. Кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасы да қазақшаланған нұсқасы 
да қатар қолданылып жүр. Мысалы, 
резолюция –
бұрыштама, 
резюме – түйіндеме, акт-кесім
т.б. 
Кез келген құжаттың алғашқы, яғни негізгі нұсқасы болады. 
«Оригинал документа: 1. Первоначальный экземпляр документа. 
2. Экземпляр документа, являющийся исходным материалом для 
копирования» [68, 54-б.]. Бұл негізгі нұсқа да ісқағаздарында 
әртүрлі жазылып жүр. Кейде 
оригинал
күйінде, яғни орыс 
тілінен аударылмай сол күйінде қолданылса, кейде 
төлқұжат, 
кейде
түпқұжат
деп те қолданылады.
Төлқұжат
деген сөзді 
оригиналдың
аудармасы ретінде қабылдай алмаймыз. Біріншіден 
төлқұжат
термині «паспорттың» аудармасы ретінде бекітіліп, 
қолданысқа еніп кетті, екіншіден
оригинал паспорта
деген 
қолданысты 
төлқұжаттың төлқұжаты
деп қалай аударамыз?! 
Оригиналдың 
ең ұтымды баламасы ретінде 
түпнұсқа 
сөзін алуға 
болады. Себебі 
түп
сөзінің шыққан тегі, негізі деген мағынасы 
бар, ал 
нұсқа
сөзі түсіндірме сөздікте берілген «Белгілі бір заттың 
ең алғашқы түп негізі» мағынасымен қатар қазір 
вариант
сөзінің 
баламасы ретінде де қолданылады. Сонда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет