1.2 Аударма мәселелері және терминология
Қазіргі қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап
ететін салалардың бірі – аударманың теориясы мен практикасы. Бұл
сала қазақ тіл білімі үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми
және практикалық сипатын ала қоймаған лингвистка салаларының
бірі. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесімен айналысып
жүрген ғалым А.М.Алдашева докторлық диссертациясында
« ... қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері,
шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты объектісі мен
177
ұстанымдары, әдіс – тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың
нормасы, тәржімә ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды
жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталмаған
емес», – деп атап өтеді [10, 3-б]. Жалпы, Қазақстан тіл білімінде
аударма теориясының қалыптасуына Ө.Айтбаев, А.М.Алдашева,
Б.Хасанов, Р.З.Загидуллин, Н.Ж.Шаймерденова және т.б.
ғалымдардың еңбектері үлес қосады.
Аударма теориясының негізін қалаушылар – К.И.Чуковский,
Н.С.Гумилев, А.В.Федоров сынды кеңес ғалымдары. 1930 жылы
К.И.Чуковский мен А.В.Федоровтың «Искусство перевода» атты
кітабы жарық көрді. Бұл зерттеу еңбегі аударма теориясының жаңа
ғылым саласы, ерекше пән ретінде қалыптасуына өз үлесін қосты.
Соңғы жылдарда аударма мәселесі көптеген лингвистикалық
қырларынан қарастырылып, психолингвистика, этнолингвистика,
лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика, мәдениаралық
коммуникация, салғастырмалы стилистика тұрғысынан ерекше
зерттеу нысандары айқындалды. Олардың негізгілерін төмендегі
кестеден көруге болады:
Аударма
Тіларалық
коммуникация
Лексикография
Салғастырмалы
стилистика
Терминология
Терминография
Терминжасам
Терминшығармашылық
Аударма
коммуникациялық
қарым-қатынаспен
тығыз
байланысты практикалық қызмет атқарумен ерекшеленеді.
Аударманың тілдік негіздеріне мыналар жатады: 1) аударма
алғашқы емес, қайталанатын қызмет; 2) бұл қайталанатын қызмет
табиғи тілдердің материалы тілдің нормалық-бағалық сәйкестік
жолымен жүзеге асады. Яғни бұл – тілдік-мәтіндік қызмет.
Кез келген аудармашы аудару барысында мазмұн баламалығын
сақтауға тырысады. Аудармада сақталған мәтін элементтері
178
инвариант деп аталады да инварианттың сақталу мөлшері
баламалықтың сақталу мөлшері болып табылады. Осы негізде
«аударма баламалығы – түпнұсқа мен аударманың тепе-теңдігін
көрсете алмаса да, екеуінің салыстырмалы тұтастығын білдіре
алады. Осыған орай, баламалық деңгейлері де әркелкі болып
келеді» [72, 45-б.]. Аударма баламалығының нормалары өзгермелі
параметрлер қатарына жатады. Толық немесе жартылай баламалы
бірліктердің бастапқы тіл мен аударма тіл негізінде қалыптасуы
тікелей аудармашыға байланысты.
Аудармашы – автордың жалпы халықтық қордағы сөздерді,
тұрақты тіркестерді пайдалануы, өз тарапынан жаңа сөз тұлғалары
мен сөз тізбектер жасауы – көркем аудармадағы ойлаудың бейнелік
типінің нәтижесі екендігін, жазушының суреткерлік даралығы мен
талантынан туындайтын дербес шығарма екендігін дәлелдейді.
Аударма мәтіннің айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асуы
аудармашының ойлау-психикалық қабілетіне, білім-біліктілігіне
байланысты. Түпнұсқада айтылған ойды қандай әдіс-тәсілдермен
жеткізудің амалдарын іздестіру барысында аудармашы негізгі
материалды анализ және синтез процестерінен өткізуге, түпнұсқа
мәтіннің негізгі идеясын, мән-мазмұнын талдап түсінісу және
осы идея мен мазмұнды екінші тілдің құралдары арқылы жеткізу
мәселелерін шешуге тиісті болады.
Осы негізде аудармашының қызметіне ғалым А.М.Алдашева
мынадай талаптар қояды: 1) жалпы бағдарлы ақпаратты (фоновая
информация) білу; 2) екі тілдің лексикалық-грамматикалық
құрылымын жетік меңгеру [10, 74-б.].
Сонымен, аудару процесі барысында аудармашының негізгі
міндеті мәтіндер баламалығын сақтап қалу қызметі болып
табылды. Түрлі ғылыми әдебиеттерде келтірілген баламалықтың
деңгейлері мен түрлері аударма теориясында қалыптасқан
төмендегідей жіктемеде жинақталған:
1) жоғары деңгейдегі баламалық;
2) үйлесімді баламалық;
3) келісімді баламалық;
4) жартылай баламалық;
Енді осы баламалықтың түрлеріне жеке-жеке тоқталатын
болсақ, онда:
179
Достарыңызбен бөлісу: |