Жоғары деңгейдегі баламалық – стилистика мен форманың,
интенция, лексиканың толық сәйкес келуін білдіреді;
Үйлесімді баламалық – мазмұнның авторлық интенция мен
лексикалық бірліктер корпусының жеткілікті мөлшерде және
жоғары сапада берілуі;
Келісімді баламалық – лексикалық аналогтар сәйкес келмеген
жағдайда дискурстың сақталуы;
Жартылай баламалық – аударма мүмкіндіктерінің жартылай
жүзеге асуы және түпнұсқа мен аударма мазмұнының жартылай
сәйкестігі. Ал осы негізде берілген баламалық деңгейлердің
жіктемелерін барлық аудару процестерінде қолдануға болатын
мына үш түрге бөліп көрсетуге болады:
1) тілдік таңбалар деңгейі (денотаттық – сөз және
фразеологизмдер деңгейі);
2) сөйлеу актілері бойынша айтылым деңгейлері (локуция,
иллокуция, перлокуция);
3) прагмалингвистикалық деңгей (аудармашы, мәдениет, жанр).
Лингвистика мен аударма мәселелері өте күрделі құбылыстардың
бірі болып табылады. Аударма ең алдымен сөйлеу тілінің
материалдарымен байланысты, сондықтан ол лингвистикалық
заңдылықтарға бағынады. Өйткені, аударма – лексикалық және
грамматикалық тұрғыдан екі тілдің салғастырмалы көрінісі.
Осымен байланысты аударма – билингвизм механизмінде
қалыптастырылатын күрделі сөйлеу тілінің қызметі.
Белгілі ғалым К.Райсстың еңбектерінде аударма түрлерін
бірнеше топқа бөлудің ғылыми принциптері қарастырылады.
К.Райсс түпнұсқа мәтінінің сипатына қарай аударманы мынадай
түрлерге жіктейді [73]:
1) мазмұнға бағытталған аударма;
2) формаға бағыталған аударма;
3) үндеуге бағытталған аударма.
Сонымен қатар бұл аудармалардың әрқайсысы өзіне тән
тілдік құбылыстармен сипатталады. Мәселен, мазмұнды аударма
лексика, контекст, прагматика, эмотивтілік пен экспресивтілік
ерекшеліктерінен құралатын болса, форма құрылыммен сипат-
талады – сөйлем, айтылым; дискурстың негізіне үндеу, интенция
алынады.
180
Ең алдымен аударма теориясында аударманың негізгі екі түрі
бар деп көрсетіледі. Олар