Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет99/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Қараңғы салқын түнде кім
Аяңдамай, желеді?
Жанында жас ұлы бар
Жолаушы жортып келеді.
Әкесіне дірілдеп
Тығылды бір уақ нәресте.
Құшақтап қысып баласын
Жылытады қарт әке.
1989 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан Мағжан Жұмабаев-
тың бір томдық шығармалар жинағында «Орман патшасы» 
(Гетеден) дәл осы күйде берілген. Меніңше, бұл онша дұрыс емес. 
Жеті-сегіз буынды өлең жүйесіне салған да аударманың жолдары 
(сыртқы көрінісі мен саны) түпнұсқадан біраз алшақтайтын 
сияқты. Және баллада көлемі екі есе ұлғайып шығады. Оның үстіне 
Мағжан аудармасында шумақтардағы бірінші мен үшінші жолдар 
ұйқаспайды, тек екінші мен төртінші жолдар шалыс ұйқасқа 
құрылған. Меніңше, өлең жолдарын графикалық тұрғыдан дұрыс 
орналастыру мен топтастыруда да аз мән жатқан жоқ. Мағжанның 
аударуында «Орман патшасына» лайық өлең кестесі мынадай 
келбетте көрініс тапқаны дұрыстау секілді:


231
«Неге қорқып тығылдың,
 
айтшы, көзім қарасы?»
«Көз алдымда жарқ етті,
 
жан ата, орман патшасы.
 Сақалы оның қоп-қою,
 
қара тәж киген Қарахан!» 
«Жоқ, жаным, су үстінде
 
тұман ғой ол ағарған!»
Әрине, мұндай жағдайда бір есептен пәлендей ештеңе 
өзгермейтін де сияқты. Бірақ, өлең жолдарын осылай саралап 
тізбектегенде балладаның графикалық келбеті түпнұсқаға біртабан 
жақындай түсер ме еді, әлде қайтер еді... Амфибрахий өлшемін жеті-
сегіз буынды өлең түрінде туындатқанда өлең жолдары амалсыздан 
көрер көзге көбейе түседі де, демек, аудармашы өз жанынан жаңа, 
тың сөздер (я зат есім, я анықтауыш) қосуға мәжбүр болады. Бұл, 
бір жағынан, түпнұсқаның көркемдігі мен ерекшелігін аша түсуге, 
қанатын жайыңқырап, жан-жақты тәптіштеп түсіндіруге, сөз жоқ, 
септігін тигізері де анық; алайда, екінші жағынан, аударма еріксіз 
көпсөзділікке ұшырайтыны тағы айқын.
Ойымды бірер нақты мысалмен дәлелдейін.
Жуковксий:
«Дитя, оглянися, младенец, ко мне.
Мағжан:
«Мойныңды бұр, балақай,
Маған, қара, нәресте: 
Жуковский:
«Веселого много в моей стороне» 
Мағжан:
«Не тілесең менде бар
Сансыз қызық көп нәсте». 
Жуковский:
«Цветы бирюзовы, жемчужины струи;
Из золота слиты чертоги мой». 


232
Мағжан:
«Хош иіске толтырар
Феруза гүлдер маңайын.
Бұлақтарым – меруерт,
Саф алтыннан сарайым!»
Міне, түпнұсқа мен аударма өлең өлшемінің сәйкессіздігінен 
Мағжан әрбір шумақ сайын екі-үш сөзді өз тарапынан амалсыз 
қосып, кейде «қыстырып» кейде «тықпалап», толықтырып жіберуге 
мәжбүр болған. Құйтырқысы көп аударма өнерінде мұндай тәсіл 
кездесе беретіні белгілі, өйткені қай тілде де поэзияның ырғақ-
өлшемі, құлақ күйі мен тынысы әрдайым бір-біріне сәйкес, сайма-
сай келе бермейтіні ежелден ақиқат. Аудармашы ақын «ә» дегеннен 
түпнұсқаның табиғатына сәйкес балама түр іздейді, айта берсе, 
аударма дегеніңіздің өзі осыдан басталады. Және де өлең өлшемі 
ұлттық поэтиканың табиғаты мен эстетикалық түйсік-талғамына 
мейлінше оралымды, оңтайлы келіп, «тілге жеңіл, жүрекке жылы 
тиіп» тұратындай мейлінше жатық, «айналасы теп-тегіс жұмыр» 
болуы шарт. Дәл осы талап тұрғысынан келгенде Мағжанның 
орыстың амфибрахиіне қазақ оқырманына етене жақын сол әлгі 
жеті-сегіз буынды өлең өлшемімен балама іздеуін білмегендіктен, 
кеткен кемшілік деп қарауға әсте болмайды.
Мағжан аудармасынан кейін арасына алпыс жыл салып, 
Гетенің «Орман патшасын» көрнекті ақын Қалижан Бекхожин 
қазақшалаған. Мағжанның аудармасына Қалекең сөзсіз қанық 
болғанға ұксайды. Сондықтан да ол ең алдымен өзіндік жол 
таңдап, түпнұсқаға балама есебінде жаңа түр, тың өлшем-ырғақ 
іздеген. Сайып келгенде, «жаңа дегеніміз бір кезде ұмыт болған 
өзімізге белгілі ескі соқпақ» дегендей, ол қазақтың атам заманғы 
он бір буынды қара өлең формасына тоқтаған. Бірақ оның дәстүрлі 
түрін емес, егіз ұйқасқа негізделген аабб (4-4-3) түрін таңдап 
алған. Менің түсінігімде, бұл шешім сәтті болып шыққан сияқты.
Енді «Орман патшасының» алғашқы екі шумағын Қалижан 
аудармасында тындап көріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет