Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері



бет8/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,62 Mb.
#7190
1   2   3   4   5   6   7   8

Нормаларды сақтау (дедукция)

Қазіргі кезге дейін аудармашыларға арналған барлық әдебиет әр түрлі нұсқаулардан құралған. Аудармашы оларды белгілі бір контексте немесе жалпы жұмыста орындауы тиіс.

Дуарте, португалия патшасы ( 1391-1438 ), билік ету жылдары (1433-1438) өзінің «Верный советник» атты кітабында былай деп жазған:

- біріншіден, аудармашы түпнұсқаның мағынасын түсініп, оны толық ұсқынсыз аударуы қажет;

- екіншіден, шеттен алмай түпнұсқа тілінен аударылатын тілдің идиоматикалық бұрылыстарын қолдану;

- үшіншіден, аударылатын тілдің дәл және тура мағынасын беретін сөздерді табу;

- төртіншіден, жәбірлеу сөздерді қолданбау;

- бесіншіден, барлық авторларға ортақ ережелерді сақтау анық жатжазу, түсінікті, қызықты және ұқыпты жазу.

Этьен Доле ( 1509-1546 ) өзінің « О способе хорошо переводить с одного языка на другой» (1504) атты еңбегінде аудармашы.

- біріншіден, түпнүсқаның мағынасын түсіну;

- екіншіден, екі тілді жетік білу;

- үшіншіден, сөзбе- сөз аудармадан аулақ болу;

- төртіншіден, аударылатын тілдің идиомаларын қолдану;

- бесіншіден, қажетті бағытты жасап, сөздердің дұрыс нұсқасын табу және оларды дұрыс реттеу.

Александр Фрейзер Тайтлер, Лорд Водхаузли (1747-1813), өзінің «Эссе о принципах перевода» (1791) атты еңбегінде аударманың « түпнұсқада көрсетілген барлық ойларды толық табу », «түпнұсқаның мағынасын ашу және түпнұсқа сияқты жеңіл оқылуы қажет».

Көптеген жылдар бойы «аударма теориясы» тек қана тапсырулардан тұрған: оның негізгі мақсаты - аудармашыға қалай аудару керек екенін түсіндіру. Бірақ басқа да бағыттар болды. Оған мысал ретінде Англиядағы 14 ғасырдан бастап 16 ғасырға дейін тұрған аударма теориясының сұрағы: Библияны жаңа замандағы тілге аудару қажеті не? Бірақ Өркендеу дәуірінен бастап аударма теориясының негізгі мақсаты аудармашыларға арналған ережелерді қарастыру болып табылды.

Карл Вейктің пікірінше, осы ережелерге мәжбүр болуының арқасында көптеген қиыншылықтар туындайды. Оның ең бастысы ережелердің барлық аударманы тым жеңілдетуінде. Бұл қиыншылық аударманың реттеліп орналасуы үшін қолданылады. Сондықтан жалпыға бірдей ережелер «жай», «күнделікті» жағдайлардағы аудармашыларға көмектеседі.

Осындай жағдайлардың ең жиі кездесетіні - аударманы дәлме - дәл, ешқандай толықтыруларсыз, ықшамдауларсыз және өзгертулерсіз, түпнұсқаның авторы не жазса да оны еңгізуге бейімделген аудармашы түпнұсқадағы анық қатемен кездеседі. Автор мен оқырманның ұқыптылығы қатенің түзетуін қалаушы еді, бірақ ғасырлар бойы қолданып жатқан ереже қандай өзгертулерді жасауға тиім салады. Бұл жағдайда не істеу керек?

Бірақ, көптеген нормативті аударма теориясымен қатысты қиыншылықтарға қарамастан кәсіби аудармашыларға тән белгілі бір ережелерді білу және оларды орындауы тиіс екенін түсіну қажет. Сондықтан да осы ережелер кітап немесе оқу брошюра ретінде құрылған және аудармашыларға тиімді болу керек.
5 Аудармашының қазіргі заманға сай жұмыс орны.
Жоспар:

1) интернет қорлар аудармашының көмекшісі ретінде;

2) лингвистикалық және аударма сайттары.

Интернет қорлар аудармашының көмекшісі ретінде;

Кәсіби аудармашыға интернет көптеген мүмкіндіктерді береді.

Аудармашылар үшін, жиі бұл:

- электронды сөздіктер, энциклопедиялар, глоссарийлер мен тағы басқа мәліметтер қоры;

- қажетті лингвистикалық мәліметті ала алатын мәтін негізі;

- аударылатың мәтіннің фондық мәліметтер қоры;

- лингвистикалық және аударма ресурстарының қоры;

- электронды пошта мен басқа коммуникация, яғни қарым-қатыныс құралдары, аудармашыларға тапсырыс берушілер мен серіктестерімен ақпаратты алмасуды жеңілдетеді, аудармашылар қызметінің нарығын глобальды етеді.

Көбінде, салмақты сөздіктермен қолдану интерактивті режимде ұсынылады, ал қалған мамандырылған сөздіктер мен глоссарийлерді қатты дискке көшіріп, өзінің компьютері арқылы қолдануға болады.

Іздеу сайттары, 1-2 минут аралығында өте қиын сұрақтарға жауап табуға тез көмектеседі.

Бұл кезде сіз тіл иеленушісіне немесе мамандарға жүгінбейсіз. Осының барлығы аударма сапасын жоғарылатады. Көптеген 20 жыл тәжірибесі бар кәсіби аудармашылардың өзі де көптеген белгісіз терминдермен, түсініксіз қысқартулармен кездеседі.

Бұл уақытта Интернет аудармашы үшін нағыз байлық. Бірнеше кілт сөздерін енгізіп, бүкіл мәліметті ала аласыз.

Егер сізге белгісіз терминнің анықтамасын табу керек болса, онда One Look Dictionaries www.onelook.com сайтына кіріңіз немесе қажетті сөзді іздеу терезесіне Google-ге енгізіп, Classary немесе Dictionary сөздерін қосыңыз.

Іздеу жүйелерімен жұмыс істеудің жалпы ережелері:

- бірнеше кілт сөздерін қолдану;

- іздеу нәтижелеріне байланысты кілт сөздерінің мағынасын дәлдеп немесе ұлғайтып көрсету;

- синонимдер қатарын қолдану;

- іздеу сайттарында Help немесе Searching Tips-ті оқыңыз.

Келесі ғаламтор арқылы іздеулерді, каталогтарды қолданумен көрсетіледі. Бұнда ең үлкен рубрикалардан бастап ең кіші рубрика бөлімдері бөлініп, әр қайсысы жеке көрсетіледі, мысалы бизнес, ғылым, ойын-сауық.

Осындай танымал каталогтардың бірі Yahoo болып табылады. Сол сияқты “Open Directory Project”жатады.

Каталогтар, сізге үлкен мамандандырылған сайттарды табуға көмектеседі. Ал олар өз ретінде сізге келесі ізденістерге көмек көрсетеді.

Көрінбейтін жүйе деген феномен бар.

Уақыт өте келе , көптеген сайттар вэб-беттерінің негізін салатын статикалыққа ауысады. Осындай сайттар өте сирек кездесетін мәліметтер қорына бай. Сіз оны қатты дискіге көшіріп, өз алдыңызға жеке қолдана аласыз.

Кәсіби іздеу бағдарламалары онлайн іздеу бағдарламаларына қарағанда одан да көп қызметтер жиынтығын ұсына алады.

Техникалық ескертулер

Мәтін корпусының негізін салу үшін оффлайн браузерді “Teleport Pro”-ны қолдану керек.

Лингвистикалық және аударма сайттары

Жоғарыда ғалам тордың айтылған ресурстарында, көптеген лингвистикалық және аударма сайттары бар. Олар басқаларына қарағанда бағалы мәліметтерге өте бай.

Ең біріншіден, бұл аудармашылар мен аударма агенттіктерінің базасы болып табылады. Олар ғаламтор арқылы, аудармашыларға басқа елдерден тапсырыс алуға, ал тапсырыс берушілер өзіне қажетті біліктілігі бар аудармашыны таба алады. Сонымен бірге, құнды мәліметтерді, аударма агенттіктері, аударма қауымдастықтары мен жеке аудармашылар сайттарынан табуға болады.

Бұндай ақыл-кеңестерге біз жұмыс ұйымдастырылуы, интернет ресурстарына сілтемелер, компьютерлік бағдарламалар, жаңалықтар мен тағы басқаларды жатқызамыз.

Көптеген интерактивті қарым- қатынастар аудармашылар арасында тәжірибемен алмасуға көмектеседі. Оларға тізімдердің жіберілімі, форумдар, чаттар мен телеконференциялар жатады. Осында сіз, әріптестеріңізден ақыл- кеңес сұрай аласыз немесе тікелей тапсырыс берушімен жедел байланысып, қажетті сұрақтарды талқылай отырып, көптеген жауаптар аласыз.

Көбіне ең универсалды аударманың тізім жіберілімі “Lantra L” болып табылады.

Осыған қоса, көптеген лингвистикалық ресурстар бар. Олар терминтану саласында, лексикография және компьютерлік лингвистикада жиі кездеседі.
6 Аудармашылық білім беру мекемелері
Cоңғы кездері аудармашылар қызметі үлкен қажеттілікті тудырады. Неміс зерттеушілерінің пайымдауынша, тек Германия мемлекетінде соңғы жылдары бұл қажеттілік жылына 14 %-ға дейін жетті. Мысалы, Германияның халық ауыл шарушылығы сұраған жазбаша аудармалардың саны жылына 30 млн парақтарды құрайды. Осындай жағдайларды біз басқа мемлекеттерде де байқай аламыз.

XX ғасырдың аяғы-XXI ғасыр басындағы аудармашылық білімге деген шынайы серпіліс, аудармаға деген жоғары сұраныс пен аудармашы мамандығының қоғамдық мәртебесін нығайтумен түсіндіріледі.

Әлемнің түрлі мемлекеттері қаншалықты тырысқанымен, XX ғасырға дейін аудармашыларға білім беру жүйелі сипатқа ие болған емес. Монах-аудармашыларға білім берген әйгілі монастыр мектептерін еске салсақ; мысалы, X-XI ғасырларда ең танымал монастыр мектептерінің бірі Сан-Галлен монастырьдің тұсындағы Швейцариядағы Ноткер мектебі болды, әйтсе де XII-XIII ғасырлардағы Толедо қаласындағы монастыр мектебі де танымал болды.

Аудармашыларға тәрбие беретін мамандандырылған мекемелер, Еуропа мен басқа да континенттерде тек XX ғасырда пайда болды. Осындай мекемелер арасындағы ең біріншісі, 1921 жылы Шетел Істер Министрлігі тұсында Германияда ашылған ауызша аудармашыларға арналған арнайы курстар болып табылады. Олардан кейін университет базасындағы академиялық дәрежедегі «Жоғары мектептер» Гейдельберг (1935), Женева (1941), Вена (1943) және Париж (1957) қалаларында пайда болды. 1930 жылдары пайда болған Морис Тореза атындағы Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық шетел тілдерінің институты (қазіргі уақыттағы Мәскеу Мемлекеттік лингвистикалық институты), өзінің өмір сүруінің алғаш жылдарынан аудармашы мамандығына ие болған еді.

Қазіргі кезде түрлі мемлекеттерде өзіне мемлекеттік университеттер, мемлекеттік және жекеменшік аудармашылық университеттер, училище мен курстарды енгізетін тармақты аудармашылық білім желілері бар. Осы мүмкіншіліктер мен бірнеше мемлекеттердің мысалындағы білім беру ерекшеліктерімен танысайық. Алдын ала белгілеп қояйық, 1964 жылдан бастап CIUTI (Conference Internationale Permanente d’Instituts Universitaires pour la formation de Traducteurs et d’Tnterpretes) аудармашылық мекемелердің деңгейлерін бағалауда сарапшылық кеңес беретін, жоғары білім беретін аудармашы мекемелердің халықаралық бірлестігі пайда болды. CIUTI-ге кіретін жоғары оқу орындары аса беделді болып табылады.

Төменгі толық емес шолуда, біз тек қана аудармаға оқытатын кейбір жетекші оқу орындарымен танысамыз. Біздің мақсатымыз, олардың мамандығын және дидактикалық мүмкіншіліктерінің ауқымын қысқаша суреттеу.



Австрия. Аудармашыларды оқыту үш университетте жүзеге асырылады: Вена, Грац және Инсбрукте. CIUTI мүшесі ретінде тек қана Вена университеті болып келеді. Қазіргі кезде Вена университетінің тұсында жазбаша және ауызша аудармашыларды дайындайтын институт бар. Оқыту екі кезеңнен тұрады: даярлық (4 семестр) және негізгі (4 семестр). Бірінші кезеңнің өзінде студенттер не жазбаша не ауызша аудармада маманданады. Даярлық кезеңде келесі дәрістер оқытылады: «Аудармашы мамандығына кіріспе», «Тіл біліміне кіріспе», «Экономика мен құқық негіздері», «Халықаралық мекемелер», «Елтану»; сөйлеу техникасы, аудармашылық өсиет (ауызша аудармашыларға арналған), терминологиямен жұмыс істеу теориясы мен практикасы (жазбаша аудармашыларға арналған) бойынша семинарлар өткізіледі, 2 шетел тіліне қатысты білім деңгейі жақсарады. Негізгі кезеңде теориялық сабақтардың маңызды үлесін аударма теориясы бойынша дәріс пен семинарлар, жазбаша аудармашылардың әдеби аудармасы, ауызша аудармашылардың дәйекті және синхрондық аудармалары құрайды. Оқудың аяғында, студенттер аударма теориясы, лингвистика, аударма сыны пәндері бойынша дипломдық жұмыстарды қорғайды. Оқу барысы бойынша практика (аудармашы қызметі), кем дегенде, 4 айдан тұруы керек.

Германия. Аудармашы мамандығын сегіз мемлекеттік университеттердің бірінен (Гейдельберг, Майнц, Саарбрюкен – CIUTI мүшелері; Берлин, Лейпциг, Дюссельдорф, Хильдесхайм, Бонн); үш мамандандырылған жоғары оқу мектептерінен (Кельн, Фленсбург, Магдебург), сонымен қатар жекеменшік ұйымдар мен курстардан алуға болады. Австрия сияқты, білім беру даярлық (4 семестр) және негізгі (4-5 семестр) кезеңдерден тұрады. Бірақ шындығында студенттер 5-6 жыл оқиды, бұл рұқсат етіледі, өйткені олардың сабақ кестесі өте қауырт болып келеді. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында оқыту шарттары анағұрлым қатал болып келеді: оқу мерзімі 8 семестрді құрайды, ал басқа қосымша пәндер міндетті болып келеді. Әдетте ауызша немесе жазбаша аударма бойынша мамандану даярлық кезеңнің соңғы белесіне келеді. Барлық аталған университеттерде келесі пәндер жүргізіледі: тілдің теориясы мен практикасы, елтану, екі шетел тілдері, ана тілі (стилистика, ауызша сөйлеу дағдылары), ауызша дәйекті және синхрондық аудармалар, жазбаша аударма (1-ші этапта жалпы, ал 2-ші этапта музыкалықтан бастап философиялыққа жететін мамандырылған болып келеді), әдетте студенттің өзімен таңдалатын небір қосымша пән. Бірақ та қосымша пәндер жөнінде, университеттер бойынша мамандандыру жүргізіледі (Гейдельбергте- құқық пен экономика, Майнцте- техника мен медицина және т.с.с.). Практика ұсынылады, бірақ тек Фленсбургте (1 жыл Англияда) міндетті болып келеді. Соңғы жылдар бет алысына байланысты, Гейдельберг, Дюссельдорф, Хильдесхайм және Лейпцигте шетел тілге аударуды оқытудың үлкен көлемінен бас тартылды. Әдеби аударма жасау тек Дюссельдорф бағдарламасына кіреді. Коммуналды аудармада Магдебург студенттері мамандандырылады. Бонн университетінде, аудару тілдері ретінде шығыс және еуропалық тілдердің үйлесуін таңдауға болады. Бітіру емтихандары 5 компоненттерден тұрады, олардың ішіне дипломдық жұмысты қорғау да кіреді. Жекеменшік жоғары оқу орындарының арасында, жалпы алғанда 3 жылға созылатын кешкі білім беру сияқты аудармашылық оқытудың түрлі тәсілдемелерін өзіне енгізген, Мюнхендегі шетел тілдері мен аударма Институты ең танымал болып келеді.

Франция. Осы мемлекетте дүние жүзі бойынша танымал жоғары оқу орны ESIT (Ecole Supereure d’Tnterpretes et Traducteurs) болып табылады. Бұл Сорбонна тұсындағы ауызша және жазбаша аудармашыларды оқытатын жоғары мектеп. Осы Мемлекеттік оқу орнына түсу үшін, арнайы түсу емтихандары бар. Оқу 3 жылға дейін созылады және конкурстық сынақтар арқылы тексерілетін, 2 шетел тілдері бойынша өте жақсы дайындықты жорамалдайды. Ауызша және жазбаша аудармаларды оқыту басынан бастап күрт шектелген болып келеді. Теориялық пәндер көп емес: лингвистикаға кіріспе (оқудың бірінші жылы), аударма теориясына кіріспе (көбінесе дискурс анализі – екінші жыл). Практикалық аударма оқытудың бірінші жылынан бастау алады. Жазбаша аудармашылар бөлімінде, бұл тек орыс тіліне бағытталған аудармалар; ауызша аудармашылар Д. Селескович әдістемесі («Мағына теориясы») бойынша оқытылады, сондықтан да І курста студенттер аудармай, негізінен мәтіндерді өз сөздерімен айтып жүреді. ІІ курста жазбаша аудармашылар арнайы мәтіндерді (экономика, техника) аудара бастайды, ал ауызша аудармашылар дәйекті аударады, аудармашылық шапшаң жазуды меңгеріп, синхрондық түрде аудара бастайды. Жазбаша аудармашылардың үшінші жылы күрделіленген материал бойынша стильді жетілдіруге арналады, ал ауызша аудармашылар өз алдына 2 шетел тілдерінен конференция аудару дағдыларын жетілдіру мақсатын қояды. Экономика және құқық сияқты қосымша пәндер міндетті болып келеді. Шетел сынақ істері оқыту барысында іске асырылмайды.

Сонымен қатар аудармашы мамандығын Аудармашылардың жоғары институтынан (Париж), Шығыс тілдерінің халық институтынан (Париж) және Лилла, Тулуза және Страсбург оқу орындарынан алуға болады. Олардың әрқайсысында студент билингвизм деңгейінде 1-2 тілдердің бастапқы біліміне ие болуы керек, ол 1-2 жылға дейін созылады.



Швейцария. Осы мемлекетте аудармаға университеттен тыс үйрену маңызды роль атқарады. Тек Женеваның Жоғары аударма мектебі университет құрамына кіріп, CIUTI мүшесі болып келеді. Осында оқыту 4 жылға дейін созылады. Айнымайтын аудармашылық білім беру оқытудың тек үшінші жылында басталады. Жазбаша аудармаға қарағанда, ауызша аударманы оқыту шектелген болып келеді. Студенттер 2 шетел тілдерін меңгеріп, олардың әрқайсысынан бір сесместрге созылатын шетелдік практикадан өтуі жөн. Теориялық пәндердің құрамына лингвистика және мәтін лингвистикасы (І курс), аударма теориясы (ІІІ-ІV курс) жатады. Құқық және экономика пәндері міндетті болып келеді.

Жекеменшік мектептер арасында Сан- Галлен және Цюрихтегі мектептер өте әйгілі болып табылады.



Бельгия. 5 мектептердің барлығы Брюссель қаласында орналасқан. Тек қана ана тілге аудару тенденциясы байқалады.

Ұлыбритания. Ауызша және жазбаша аудармаға оқыту Англияның 5 университеттерінің арнайы магистрлік курстарында жүзеге асырылады: Вестминстер, Бат, Салфорд, Брадфорд, Хэрриотт-Уотт университеттері. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап, Лидс университеті ауызша аударма бойынша өзіндік магистрлік бағдарламасын ашты. Бат, Хэрриотт-Уотт және Брадфорд университеттері CIUTI мүшелері болып табылады.

Францияға ұқсас жағдай, курстарға кірудің алдын- ала шарты жақсы тілдік дайындық болып келеді. Әдетте оның дәлелдемесі ретінде шетел тілдері (филология) бойынша бакалавр дәрежесіне шыға алады. Ерекше жағдайларда, түсу емтихандарға балалық шағынан билингвистік дағдыға ие және тілдік тәжірибесі бар студенттер, сонымен қатар басқа білім салаларындағы жоғары оқу біліміне ие студенттер қатыса алады. Түсу емтихандары сынақтың 7 түрлерінен тұрады. Қазіргі беталысқа байланысты, білім беру негізінен шет тілінен ана тілге аудару арқылы жүзеге асырылады.

Оқыту 1 жылға созылып, 3 триместрді қамтиді. Бірінші және екінші триместр шеңберінде, оқытудың 5-6 модульдері мүмкін болады, осыған сәйкес оқыту не ауызша, не жазбаша аудармаға мамандырылады. Синхрондық аударма мен аударма теориясына үйрету екінші триместрден басталады. Бірінші триместрдің соңғы айынан бастап, оқушылар екі аптада бір рет типтік тақырыптар бойынша конференция-аудармашылар ретінде тренингтен өтеді. Сәуір айындағы пасхалық демалыс барысында өтілгендер міндетті түрде 2-4 аптаға созылатын халықаралық немесе еуропалық мекемелерде (БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы ООН, БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) т.с.с) практикадан өтуі жөн. Соңғы триместрде аударма теориясы бойынша магистрлік диссертация немесе қиын мәтін аудармасына түсінік беретін ғылыми- практикалық жоба жазылады.

«Шебер жұмысын» өткізу үшін әйгілі аудармашы- кәсіпқойларды шақыру іске асырылады.



АҚШ, Канада. АҚШ-та аудармашыларды дайындайтын 4 жоғары оқу орындары белгілі: Монтерейлік аудармашылар институты (Калифорния), Нью-Йорк университеті, Айова штатының университеті (әдеби аудармаға маманданады) және Вашингтон университеті. Олардың әрқайсысы CIUTI мүшесі болып табылады.

Бүгінгі таңда ең танымал Монтерейлік институт болып келеді. Бұл шетел тіліне аудару мен синхрондық аударманы оқытатын АҚШ-тағы жалғыз оқу орны болып табылады. Ауызша аударма жазбаша аудармадан жекешеленбейді. Талапкерден билингвизм деңгейіндегі шет тілін білу мен аудармашы жұмысының біршама практикалық тәжірибесі талап етіледі. Сонымен қатар басқа жоғары оқу орнынан бірнеше курстарына ие болу маңызды және қажет болып келеді. Оқыту 2 жылға дейін созылады. I-ші курста түрлі салалардағы (қоғамдық-саяси, экономикалық және заңгерлік) терминология меңгеріледі; осында белсенді қорға сәйкес лексиканың үлкен блогын қамтитын өте сирек әдістеме (А. Фалалеев) жетілдірілді; сонымен қатар студенттер аударма менеджментімен танысады. І курста студенттер заңгерлік және экономикалық мәтіндерді аударуға оқытылса, ІІ- ші курста техникалық және саяси мәтіндерді аударады. Қысқартылған аудармашылық жазбаға үйрету жүргізілмейді. Оқытудағы теория рөлі әлсіз және бағынышты болып келеді. Монтереяда тақырыптамасы шектелмеген, кең ауқымды аудармашыларды дайындайды, сондықтан бітіру емтихандарында студент дайындықсыз түрлі тақырыпқа жататын мәтінді аудара алады. Монтерейлік институттағы білім беру ақылы (жылына 13 мың $-ға жуық) болып келеді.

Канадада аудармашыларды Монреалдық университет (Соncordia- University) дайындайды. Ол да CIUTI мүшесі болып келеді.

Ресей. Кәсіби аудармашыларды оқыту «Лингвистика және мәдениетаралық қарым- қатынас» немесе «Филолог» базалық мамандықтарының шеңберінде жүзеге асырылады. Аудармашыларды дайындайтын ең танымал университеттерінің бірі МГЛУ болып табылады. Оқыту 5 жылға дейін созылады. Ауызша немесе жазбаша аударма бойынша мамандандыру ІІІ курста орын алады. Ауызша аудармаға ауызша дәйекті және синхрондық аудармалар мен аудармашылық жазба техникасы жатады; жазбаша аудармащылар ғылыми-техникалық, заңгерлік және әдеби мәтіндерді аударуға оқытылады. Университеттердің (Санкт-Петербург сияқты) филологиялық факультеттерінде аудармаға оқыту бағдарламасы не 5 жыл бойындағы филологиялық білімге енеді, не қосымша екіжылдық мамандандыру ретінде IVV курстарда ұсынылады. Әдетте осында студенттер ауызша және жазбаша аудармашы біліктілігін алады.

Аудармашылық оқытудың өзіндік бағдарламаларын жетілдірген мемлекеттік емес жоғары оқу орындары бар. Осындай университеттердің бірі Шетел тілдерінің институты (СанктПетербург) болып табылады. Ондағы ауызша және жазбаша аудармаға оқыту ІІІ курстан басталады, бірақ басқа пәндер бойынша бағдарламалар (орыс тілі, шетел тілі, екінші шет тілі) болашақ мамандыққа дайындауға бағытталған.

Сонымен қатар Ресейдің түрлі қалаларында референт-аудармашы мамандығына ақылы курстарда оқуға мүмкіншілік бар.
7 Аудармашылардың кәсіби одақтары йымдары)
Дүние жүзінің аудармашылары кәсіби құқықтарын қорғау, имиджін бекіту, кәсіби ақпарат алмасу, кәсіби тәжірибе алмасу, еңбек нарығына қатысып, реттеу үшін кәсіби одақтарға, оғамдастықтарға және ұжымдарға бірікті.

Халықаралық аса белгілі аудармашылар ұжымдарының арасынан мыналарды атауға болады: FIT (Federation Internationale des Traducteurs) Халықаралық аудармашылар федерациясы (ХАФ); AIIC (Association Internationale de Conference) – Халықаралық ауызша конференц – аудармашылар қоғамдастығы, CEATL (Conseil Europeen des Association de Traducteurs) – Еуропалық әдебиет аудармашылар қоғамдастығы және басқалары. Аудармашылар одақтары әр елде бар. Мысалы, АҚШ-та бұл АТА – Американ аудармашылар қоғамдастығы, Германияда – BDÜ ауызша және жазбаша аудармашылардың федералды одағы, VdÜ – көркем және ғылыми әдебиеттер аудармашылардың федералды одағы және басқалары. Бұл ұжымдардың көбі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аудармашылық кәсіби мәртебені алғаннан соң пайда болды.

Ресей аудармашылар одағы 1991 жылы құрылды және 1993жылы ХАФ (FIT)-қа толық қанды мүше болып кірді. 1992 жылы халықаралық ғылыми қоғам , аударматануды өз алдына ғылыми пән ретінде позициясын бекіту үшін – Еуропалық аударматану қоғамы құрылды.

Соғыстан кейін кезеңде аудармаға қатысты арнайы ағымдағы баспа басылымдар пайда бола бастады. Халықаралық басылымдар арасынан 1955 жылы шыға бастаған “Babel” (Вавилон) журналын, материалдарды ағылшын, неміс, француз және испан тілдерінде басатын жыл сайын шығатын “TEXTconTEXT.Translation – Theorie-Didaktik-Praxis” 1986 жылы ұйымдастырылды. 1990 жылы шыға бастаған Австрияның “Ü wie Übersetzen” көркем және ғылыми әдебиеттер аудармашылар қоғамының ұлттық аудармашылар ұйымдарының журналдарын атауға болады. Ресейде қазіргі кезде аудармаға арналған басылымдар шығармайды. Бірақ көптеген аударма мамандары көркем аударма мәселелеріне арналған 1960–1970 жылдары шыққан жыл сайынғы “Мастерство перевода” басылымын еске алады. 1970-1980 жылдар шығып тұрған Л. С. Бархударовтың редакциясымен “Тетради переводчика” жинағы, онда талқыланатын мәселелер диапазоны көркем аударма, техникалық аударма, аударма практикасы кең түрде қаралды. Халықаралық аудармашылар ұжымдарының қаражаты мен жеке адамдардың Еуропалық біріккен ұжымдар, әр елдің министірліктер дотацияларын алып аудармашылардың істерін қолдайтын өзіндік аудармашылар шығармашылық үйлер жүйесі қызмет етеді.

Аса әйгілі шығармашылық Үйлер: Арлда (Франция), Штралендте (Германия), Просидте (Италия), Висбиде (Швеция) атауға болады. Бұнда аудармашылар кез келген көркем әдеби шығармаларды не жоспарлы техникалық аударма жасау үшін компьютер, анықтама материалдарын, әріптестерімен кеңесу, яғни бар керектіні алады. Аударманың құқықтық және қоғамдық мәртебесін, 1991 жылы ХАФ (FIT) Дүниежүзілік аударма күнін бекіту куә болып табылады.

Бұл байырғы еврей тіліне аударған белгілі жазушы, тарихшы және аудармашы киелі Иеронимның өлген күні 30 қыркүйекке 420 жылы дәлме-дәл келеді.

Сонымен қоғамдық және одақ ұжымдары, шығармашылық үйлер, күнделікті басылымдар, сол сияқты аударма теориясы мен практикасына арналған үнемі әр елде өткізілетін конференциялар, симпозиумдар мен семинарлар аудармашының сенімді құқықтық мәртебесін қамтамасыз ететін күшті эшелон болып табылады


Әдебиеттер
1 Алексеева И. С. Профессиональный тренинг переводчика. СПб., 2001. – 288 c.

2 Алексеева И. С. Введение в переводоведение : учеб. пособие для студ. филол. и лингв. фак. высш. учеб. заведений. – М. : Издательский центр «Академия», 2010. – 368 с.

3 Робинсон Д. Как стать переводчиком: введение в теорию и практику перевода. М. : КУДИЦ - ОБРАЗ, 2005. 304 с.

4 http://kazakheli.kz/scientific-school/archive

5 youreng.narod.ru/mkk.html



Мазмұны





Кіріспе……………………………………………………...................

3

1

Аудармашы емес кісінің көзқарасымен аудармашы мамандығы жайлы түсінік………………………………........................................

4


2

Аудармашының көзқарасымен аудармашы кәсібі жайлы түсінік……………………………………………................................

17


3

Аударма қоғамдық қызмет түрі ретінде……………….. .................

34

4

Аударма процесінің психологиялық және лингвистикалық ерекшеліктері…………………………................................................

36


5

Аудармашының қазіргі заманға сай жұмыс орны……....................

74

6

Аудармашылық білім беру мекемелері………………….................

76

7

Аудармашылардың кәсіби одақтары (ұйымдары)……....................

82




Әдебиеттер…………………………………….…………...................

84







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет