Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы



бет2/34
Дата06.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#36003
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы,
профессор Ж.А.Манкеева


ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Қазақ тіл білімінде терминология саласының ғылыми мәселелері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Талжанов, Ә.Сатыбалдиев, Ә.Қайдаров, С.Исаев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Ө.Айтбайұлы, Ш.Құрманбайұлы және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. Атап айтқанда, қазақ терминологиясы ғылымының тұтас тарихы, терминдік жүйе мен терминжасамның теориялық мәселелері академик Ө.Айтбайұлының ғылыми еңбектерінде жасалса, терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, мазмұнын анықтауда Б.Қалиевтің («Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары»,1988), Ш.Құрманбайұлының («Қазақ тілі лексикасының терминденуі», 1999) монографиялық зерттеулерін, салалық терминологияға қатысты А.Исанованың, С.Әлісжановтың, Ш.Біләловтың, С.Исақованың, Г.Ақшалованың, А.Қоңырованың, Ж.Молдажаровтың және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.


Сонымен бірге лингвистикалық терминдерді қазақ тіл білімінің метатілі мәселелеріне қатысты тезаурустық сипатта қарастырған Е.Қ.Әбдірәсіловтің, терминдердің танымдық сипатын зерттеу нысаны еткен С.Ақаевтың зерттеулері терминология саласын зерттеудің жаңа деңгейін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет