Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар: – когнитивтік лингвистика тұрғысынан аударматану терминдері өзіндік терминологиялық өріс пен терминологиялық жүйе құрайтын тілдік бірліктер ретінде қазақ тіліндегі терминологиялық қор мен тіл білімі метатілінің сүбелі қабатын білдіретін концептілік-ұғымдық жүйе;
– аударматану терминдері өздерінің кумулятивтік қызметі негізінде ғылыми ұғымдардың когнитивті-менталды құрылымдары, «ғаламның ғылыми бейнесін» айқындаушы тілдік (терминдік) бірліктер;
– тілдік сананың лингвоменталды құрылымы ретінде тілдік жүйеде концептуалдық құрылым негізінде обьективтендіріліп, терминдік бірліктер қалпында вербалданатын ғылыми ұғымдарды концептуалдық жүйе арқылы «ғаламның ғылыми бейнесіндегі» белгілі бір ұғымды басқа бір ұғымнан ажыратып айқындайтын когнитивтік бірлік;
– аударматану терминдерінің тілдік және танымдық табиғаты, оның лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға сәйкес лексика-семантикалық ерекшеліктері мен уәжділік дәрежелері семасиологиялық және ономасиологиялық сабақтастықтағы талдау жасау негізінде анықталады;
– аударматану терминдерінің лексика-семантикалық құрылымы термин интенциясы мен экстенциясы арқылы ғана айқындалатын «ұғым-термин-дефиниция» менталды құрылымы бойынша онтологиялық үлгі түзеді.