Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мен нәтижелері: – қазақ тіл білімінде аударматану терминдері алғаш рет когнитивтік тұрғыдан зерттелді;
– аударматану ұғымдарындағы терминдік бірліктердің терминологиялық өрісі мен терминологиялық жүйесі когнитивтік лингвистика және лингвоконцептология тұрғысынан талданды;
– аударматану терминдерінің қазақ тіл білімі метатілінің белгілі бір қабатын білдіретін концептілік-ұғымдық жүйе екендігі дәлелденді;
– терминдердің когнитивтік мәні семасиологиялық, ономасиологиялық әдістермен ұштастырыла зерттелді;
– терминдер мен терминдік тіркестердің аталуына себепші болған уәждік белгілер уәждеуіш топтарға жіктеліп қарастырылды;
– аударматану терминдерінің негізінде ұғым-термин-дефиниция-уәжділік қатарларының ерекшеліктері лингвистикалық, танымдық, когниция тұрғысынан нақтыланды.