7. Синонимия. Тілде белгілі бір ғылыми-техникалық ұғымды бірнеше терминдермен атау қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Мысалы, терминологиялық жүйе және терминдер жүйесі т.б. Терминдер синонимділігі құбылысы автордың ғылыми сөз байлығын көрсетуімен сипатталады. Ал мына аударматану терминдерінің концептуалдық мағынасы бірдей болады:бастапқы айтылым, бастапқы хабарлама – бастапқы мәтін; кинетикалық тіл – ым, ишара тілі; когнитивтік-танымдық; конвенция – норма; таңбаның коннотативтік мағынасы – таңбаның прагматикалық мағынасы; қисынды предикат – қисынды баяндауыш; қисынды субьект – қисынды бастауыш; механикалық аударма – нақпа-нақ аударма.