Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет11/34
Дата06.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#36003
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.


Негізгі бӨлім

Зерттеудің кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеттері айқындалып, ғылыми жаңалығы мен зерттеудің теориялық және практикалық мәні көрсетілді. Сондай-ақ зерттеуге негіз болған материалдар мен дереккөздер, зерттеу әдістері мен қорғауға ұсынылған тұжырымдар, жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы баяндалады.


Диссертацияның «Аударматану терминдерінің когнитивтік негіздері» деп аталатын бірінші бөлімінің «Аударматану ғылымының жалпы тіл біліміндегі сипаты», «Аударматану концептуалды терминологиялық аппаратының ерекшелігі», «Когнитивтік зерттеулердегі терминнің танымдық сипаты», «Аударматану терминдерінің когнитивтік-менталды сипаты» атты тараушаларында аударматану ұғымындағы терминдердің когнитивтік табиғаты, концептуалдық құрылымы және термин ұғымына қатысты теориялық мәселелері қарастырылады.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударманың лингвистикалық теориясы. Бұл сала – қазақ тілтанымы үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Сондықтан бұл ғылымның негізгі бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым-түсініктердің даралана қоймау себептері де осыған тікелей байланысты. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А.М.Алдашева докторлық диссертациясында «…қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес»,– деп атап өткен 1, 3. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма практикасы да, аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып келе жатыр.
Қазақстан тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері мен Б.Хасанов, Р.З.Загидуллин, Н.Ж.Шаймерденова және т.б. ғалымдардың еңбектері аударма теориясы мәселелеріне арналды.
Тіл білімінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та, сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі, терминологиялық аппараты болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары, ұғымдар жүйесі мен терминдері арнайы зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, аударматану саласындағы терминологиялық жүйенің тілдік, соның ішінде, лексикалық ерекшеліктерін айқындау, аталған терминологиялық жүйе шеңберіндегі ұғымдар жүйесі мен сипаты сияқты тілдік фактілерге талдау жасау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, маңызын анықтауда жоғарыда аталған қазақ ғалымдарының және орыс тіл білімінде А.Реформатский, В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, В.И.Сифоров, Р.А.Будагов, О.С.Ахманова, В.Ф. Журавлев, В.П.Даниленко, Г.В.Степанов т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Бұл зерттеулерде терминжасамның ғылыми принциптері мен шарттары анықталып, сөздік жасау, салалық терминжасам мәселесі арнайы қарастырылды. Дегенмен қазіргі кездегі ғылыми лексиканың бір құрамдас бөлігі, жеке бір терминдік жүйені – тіл білімі терминологиясын даралап зерттеудің маңыздылығы өте зор.
Тілдің өзі нысан ретінде алынатын зерттеулерде тіл білімі терминдері жүйесінің бірлігі «метатіл» деп аталады. Мамандар арасында «метатіл» анықтамасы туралы пікірлер көп: метатіл – «екінші дәрежедегі» тіл 2, 7; «метатіл» – ерекше семиологиялық жүйе 3, 3; тіл білімінің «метатілі» – терминдер арасындағы жүйелі қатынастар мен жалпы ғылыми лексиканы білдіретін күрделі құбылыс 4, 297 және т.б.
Әрбір ғылым саласының дамуы тіл білімі метатілінің дамуын талап етеді. Белгілі бір ғылымның, оның ішінде, аударматану саласы метатілінің қалыптасуы мен дамуына өзара байланысты бірнеше себептер ықпал етеді: аударма теориясы бағытындағы зерттеулердің күрделенуі мен тереңдеуі; аударма теориясында жаңа бағыттардың пайда болуы; жаңа терминдік бірліктердің пайда болуы; жаңа концептуалдық аппараттың қалыптасуы мен белгілі терминдердің жаңа мазмұнмен толығуы. Соңғы жылдары аударма мәселесі көптеген лингвистикалық қырларынан қарастырылып келеді. Мысалы, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика, мәдениаралық коммуникация, салғастырмалы стилистика және т.б. Олардың негізгілерін төмендегі сызбадан көруге болады:

Аударматану




Лексикография


Тіларалық коммуникация


Мәдениаралық коммуникация




АУДАРМА




Терминжасам


Терминшығармашылық


Терминология




Терминография




Салғастырмалы стилистика

Сурет 1 – Аударманың тіл білімі салаларымен байланысы


Осы тұрғыдан алғанда, терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен байланысты.


Тіл білімінде семантика теориясының жүйелілік мәселесін зерттеуші Л.А.Новиков өзінің зерттеуінде мағына түрлерінің мынадай жіктемесін ұсынады 2:
1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның сигнификатқа (ұғымға, мән-мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады). Ол сөздің толық семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-мағыналық көрінісін айқындайды. Мысалы, аударматануаударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы; жағдаятсөйлеу әрекеті сәтінде болатын немесе айтылымда сипатталатын шындыққа сай болмыстың құрамдас бөліктерінің жиынтығы; түпнұсқааудармадағы бастапқы мәтін (аударма осы мәтіннен жасалады) т.б.;
2) Құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі). Бұл мағына семиотика теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе шеңберіндегі таңбаларға деген қатынасы арқылы анықталады. Осы негізде ол өз ішінде синтагматикалық құрылымдық мағына және парадигматикалық құрылымдық мағына түрлеріне бөлінеді:
а) синтагматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-синтагматикалық аспектісі). Құрылымдық мағынаның бұл түрін валенттілік деп те атайды. Мысалы, аударма тілі, аударма теориясы, аударма процесі, аударма бірлігі, аударма лингвистикасы, аударма нормасы, аударма баламалығының нормасы және т.б.
ә) парадигматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-парадигматикалық аспектісі). Ол белгілі бір топ құрайтын лексикалық бірліктердің өзара байланысын және қарама-қарсы мағыналарын белгілейді. Мәселен: аударма


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет