11. Аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметтері. Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір заңдар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнын, есепке алынуға тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа заңдар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі айыппұл төлеу, сот процесстері және тағы сол сияқты қаржылық зардап шегуге алып келуі мүмкін.
Қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңнамалардың, атап
айтқанда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінің 3, Аудиторлық қызмет туралы заңның, Лицензиялау туралы заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады.
Аудиторлардың жауапкершілігі
Азаматтық-құқықтық Әкімшілік
Қылмыстық
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік.
Егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп соқтырған, квалификациясыз (біліксіз) аудиторлық тексеру жүргізу орын алса, онда сот шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілерден өндіріліп алынуы мүмкін:
• клиенттің шеккен зияны толық мөлшерде;
• қайта тексеру жүргізуге шығарылған шығыстар.
Алайда, аудиторлық қызметтің Қазақстандық тәжірибесінде шетелдерде болып тұратын, клиенттің шеккен зияны мен аудиторлардың іс-әрекеті арасындағы байланысты соттың дәлелдеуі мүмкін болған шулы сотты тексерулері орын алған емес.
Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық маңызды аспектілері бойынша олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде кәсіби пікірін құрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді. Кәсіби пікірін құрастыру және оны білдіру кезінде ол қазақстан
Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік құжаттардың талаптарын және аудиттің этикалық нормаларын басшылыққа алуға тиісті. Азаматтық кодексте (9 бап, 4 пункт) құқығы бұзылған тұлға, егер заң актілерінде немесе келісім-шарттарда басқа жағдай қарастырылмаған болса, өзінің шеккен зиянының толық қайтарылуын талап ете алатындығы айтылған
5,8-б. Бірақ зиянның өндіріліп алынуы бірінші талаппен орындала салмайды.
Клиент сотта аудитордың кінәсін дәлелдеп беруге тиісті. Ондай жағдай
көбінесе аудитордың өз жұмысын лайықты ұқыптылықпен орындау мүмкіндігінің жоқтығынан немесе келісім-шарттың бұзылуынан орын алады.
Бұл жердегі маңызды мәселе – талап етілетін кәсіби біліктілік деңгейі және аудитордың тарапынан ұқыптылық болып табылады. Ешкімнің абсолюттік жетілгендікке қол жеткізуі мүмкін емес екендігін, бірақ кез-келген қателік немесе қате түсінік жұмыстың ұқыпсыз орындалуына елеулі әсер етуі мүмкін екендігін, ал аудитор оны жоққа шығаруға тиісті екендігін атап айту керек.
Жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес тексеру жүргізу аудитордың кінәсіз екендігінің айғағы болуы мүмкін.
Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық кодекстің 229-бабында 6, сондай-ақ, аудиторды өз қызметінің міндеттеріне қарамастан жеке басы немесе басқа тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу және артықшылықта болу мақсатымен өзінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлағаларға немесе ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс-әрекеті азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне және құқықтарына не болмаса заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне елеулі зиян келтірген болса, жазалау шаралары қарастырылған.
Әкімшілік жауапкершілік. Аудит – қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан оның Лицензиялау туралы заңға сәйкес жауапкершілігі бар. Аталмыш заңда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік , сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық жауапкершілік қарастырылған.