6. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы операциялардың бейнеленуінің дұрыстығын тексеру. Шаруашылық операциялардың аудиттелуі барасында олардың шынайлығы, заңдылығы және өндіріске қажетті нәрселер осылардың бәрі көрініс табатын құжаттардың негізінде тексеріледі.
Аудиторлық тексерулер тәжірибесі бухгалтерлік есептегі ең маңызды кемшіліктер бастапқы құжаттарды ресімдеу мен өңдеуге және белгіленген стандарттар мен ережелерді бұрмалаған есеп регистрлерін жүргізуге байланысты екендігін айғақтайды. Мәселен, бастапқы құжаттарды ресімдеудің типтік кемшіліктері мыналар:
- деректемелерді толтыруда қалдырып кетулер,
- жасалған немесе өтеген ай-күн, жылды көрсететін белгінің немесе мөртаңбанның болмауы;
- түсінік берілмеген түзетулер;
- ұқыпсыз толтыру;
- нөмірленудің, жауапты адамдардың қолдары болмауы және т.с.с.
Нәтижесінде құжаттардың заңды күші қамтамасыз етілмейді, оларды қайтадан пайдалану мен теріс пайдалануға мүмкіндік ашылады.
Кәсіпорын бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарында қарастырылмаған шоттар мен аралық шоттарды кіргізетін немесе олардың кейбірін жүргізуден негізсіз бас тартатын жағдайлар да орын алады.
7. Аудит түрлері. Аудит төмендегідей түрлерге жіктеледі:
1. Субъектілер бойынша – ішкі және сыртқы;
2. Зандылығы бойынша – міндетті және бастамашылық;
3.Объектіні аудиторлық жұмыспен қамту бойынша – толық және ішінара.
Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырысшыларды тапсыруы бойынша жүргізіледі, егер бұл тексеру заң жүзінде көрсетілмесе. Мұндай тексерудің көлемі клиенттердің талабына байланысты.
Міндетті аудит заңда көрсетілген және субъектінің өздерінің қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторларды немесе аудиторлық фирмаларды шақыруға міндетті.
Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке аудиторлармен шарт бойынша субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерін тәуелсіз түрде бағалау үшін жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындалған жұмыстарына тәуелсіз экпертиза берідің нәтижесінде аудиторлар қаржы жағдайын жақсарту, жұмыстардың тиімділігн арттыру жөнінде керек болған жағдайда өздерінің ұсыныстарын береді. Сонымен қатар субъектінің төлем қабілеттілігіне және қаржы тұрақтылығына баға береді. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырыс берушілердің мүддесіне қарай жасалынады. Сыртқы аудиттің басты міндеті – субъектінің есебіне тәуелсіз түрде баға беру, көрсеткіштерінің дәлдігін анықтап, сол жайында тапсырыс берушілерге өз пікірін айту. Сыртқы аудит өз жұмысын заңға, стандартқа, бухгалтерлік есептің принциптеріне, нормативтерге т. б. Сүйене отырп жүргізіледі.
Ішкі аудит субъектінің ішінде жүргізілетін жұмыстарға тәуелсіз түрде баға беру, оларға қызмет көрсету болып табылады. Ішкі аудиттің мақсаты субъектінің экономикалық саясатын дұрыс жүргізілуіне, ішкі бақылаудың дұрыстығына, барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жұмыстың орындалуына эксперттік түрде баға беру.
Жалпы алғанда ішкі аудиттің орындалатын жұмыстарының саны өте көп. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс орындалуы мен барын тексерумен қатар, ішкі аудит әкімшілік тәртіптің сақталуын, бұйрықтар мен үкімінің орындалуын тексереді және тауарлы материалды құндылықтарды, негізгі құралдарды түгендеу жұмысын ұйымдастырады т. с. с. Ішкі аудиттің міндеті мен мақсаты және орындалатын жұмысы субъекті бастығының талабына сай жүргізіледі. Сонымен қатар субъекті бастығының ұсынысы бойынша ішкі аудиттің жұмысы ұйымдастырылады. Осы жоғарыда айтылғандарға қарай сыртқы және ішкі аудиттің жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы олардың объектілері, бағыты, міндеті, мақсаты және жауаптылығы бойынша.