2. Тәуекелділікті талдау және бағалау Тәуекелді талдауды сандық және сапалық тұрғыда жүргізуге болады.
Сапалық талдау – тәуекелдікті басқарудың 2-ші кезеңі болып табылады. Сапалық талдаудың басты мақсаты тәуекел пайда болатын кезеңдер мен жұмысшыларды анықтау, яғни сапалық талдау арқылы мүмкін болатын тәуекел салаларын анықтап мөлшерін белгілеуге болады.
Тәуекелдікті талдау келесідей реті бойынша жүзеге асырылады:
Нақты бір тәуекел түрін артуға немесе кемітуге әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды анықтау;
Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау (жобаның өтімділігін анықтау);
Экономикалық тиімділігін бағалау қаржылық ресурстарын салудың тиімділігін анықтау;
Мүмкін болатын тәуекел деңгейіне сәйкес келетін жекелеген операцияларға талдау жасау.
Тәуекел дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті (экономикалық және саяси дағдарыс, инфляция, бәсеке, экология, кеден салығы және т.б. ұйымға тәуелсіз) және субъективті (ұйымға тәуелді, ұйымның өндірістік қуаты, мамандар құрамы, шауруашылық байланыстары, қаржылық жағдайы және т.б.) деп екіге бөлуге болады.
Тәуекелділікті сандық талдау – қаржылық тәуекел бойынша жалпылама немесе оның жекелеген түрлері бойынша келтірілетін залалды ақшалай өлшем бірлігінде анықтауы.
Жекелеген тәуекел түрлерінің мөлшерін анықтау үшін әр түрлі талдау тәсілдері қолданылады:
1.Статистикалық әдістерді қолдана отырып, осы ұйымдағы немесе ұқсас ұйымдағы орын алған табыстар мен шығыстар статистикасы зерттеледі
2.Шығындардың мақсаттылығын талдау
3.Сараптамалық бағалау әдісі
4.Ұқсас жағдайларды есепке алу әдісі
Тәуекелдікті бағалау.Аудиторлық тексеруді жоспарлау мен оларды жүргізу үшін қажетті ресурстарды анықтаудың негізгі болып табылатын кәсіпорының қандай да бір бөлімшесіне тән тәуекелдіктерді жүйелі түрде бағалау процессі.
Мұндай бағалаулар аудиторлық қызметтің басшыларына аудиттің қандайда бір объектісінің «тәуекелдігін» есепке ала отырып тексеруді жоспарлауға мүмкіндік береді.