2. Аудитбағдарламасын дайындау Қандай жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама жасалуы қажет. Қазақстанның аудит стандарты (7-шісінде) аудит жұмысының жоспарлануы, оның тиімділігін, сапалылығын және белгіленген уақытта орындалатындығын атап көрсеткен.
Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.
Бағдарламаның формасы мен мазмұны шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.
Бағдарламаның формасы мен мазмұны шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит жұмысының объектісіне байланысты аудит методологиясы мен аудит қолданатын техникалық әдісінің түріне қарай әр түрлі болады.
Жалпы бағдарламада қарастырылатын мәселелер:
тапсырушы субъектінің шаруашылық жағдайын түгелдей зерттеу;
есеп саясатының негізін және ішкі аудит жұмысының негізін анықтау;
аудитор тобының жұмысына жүйелі түрде басшылық жасауды ұйымдастыру.
Аудит бағдарламасында шаруашылық субъектісінің есеп саясаты ерекше орын алады.
Біріншіден, есеп саясаты субъектілеріндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізін құрайды. Оның ішінде өте күрделі бухгалтерлік есеп жұмысындағы материалдар есебі, еңбек ақы төлеу принциптері, өндіріс өнімінің өзіндік құнын анықтау әдісінің өндіріс процесінің есебін ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты қарастырады.
Екіншіден, есеп саясаты субъектісінің қаржылық отчеттарының мазмұнын анықтайды, сонымен қатар оның бухгалтерлік есебін, салықтық есебін жүргізу жолын бір жүйеге келтіріп, салық төлеу жолын, оның мерзімін уақытылы салық мекемелерімен есеп-анықтау жолын (әдісін) бекітеді.
Үшіншіден, есеп саясаты бухгалтерлік есеп процесінің құқылық негіздеріне; жаңа есеп жоспар заңына; тағы басқа нормативтік құжаттарға талдау жасап, сол субъектінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес есеп саясатының мазмұнын анықтайды.
Енді аудит бағдарламасының мазмұнын қарастырамыз: шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне байланысты аудит жұмысының көлемі, оның күрделілігі аудит тобының жұмысына нақты талап, міндеттер қояды. Сондықтан, аудит жүргізуші өз жұмысының бағытын, әр бір аудитордың міндетін, жұмыс көлемін анықтауы қажет.