Сабақ мақсаттары Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды



Дата13.09.2024
өлшемі73,21 Kb.
#204243
түріСабақ
Байланысты:
тілдік қатынас 5-сын


4-САБАҚ: 1-бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
Тақырыбы: Тілдік қатынас







5-сынып

Қазақ тілі







Оқу
мақсаттары


Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау 5.2.
Дауыссыз дыбыстардың емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу 5.1.




Сабақ мақсаттары

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпаратты

анықтайды;

  • Дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай сауатты жазады




Бағалау критерийі

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады;

  • Негізгі және қосымша ақпараттарды ажырата алады;

  • Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.




Оқыту деңгейі

Талдау, қолдану




Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:




Ыммен түсіну, тілдік қатынас, дефектология




Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:




  • Адам баласы пайда болғаннан бері қандай қатынас құралдарын пайдаланған?




Құндылықтарға баулу

Тілді құрметтеуді, өзара мәдениетті қарым-қатынас жасауды үлгі ету




Пәнаралық байланыс

Дефектология – (лат. defectus – жетімсіздік және гр. λόγος – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.Төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – мылқау балаларға, тифлопедагогика – зағип балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.




Алдыңғы білім

Қазақ халқында жазу-сызудың қалыптасу кезеңі




Сабақтың барысы




Кезеңдер
уақыты


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Қызығушылық ояту
7 минут

  1. Амандасады, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалайды

  2. Ой тастау, ойланту тапсырмасы.

Берілген суреттердегі қатынас түрлеріне назар аударып көрелік.

ДЕСКРИПТОР:


- Суреттегі қатынас түрлерін анықтайды.



F бағалау. «Түрлі-түсті қағаз»



https://kk.wikipedia.org/wiki/



Мағынаны тану кезеңі

30 минут


ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ ТАПСЫРМА.
Тілдік қатынас туралы түсінік беріледі және мақсатқа байланысты негізгі және қосымша ақпараттар туралы еске түсіреді.
Адамдардың өзара қарым-қатынасы 2-ге бөлінеді: тілдік жәні тілсіз қатынас. Тілсіз қатынасқа адамдардың ыммен, қабақтың, тіпті дене мүшелері (қол, аяқ, иық) қимыл-қозғалысы арқылы көптеген мағына бере алады.


1-тапсырма. Аудиомәтінді мұқият тыңдап, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер және мәтіннен негізгі және қосымша ақпарттарды анықтаңдар.

  • Мәтін мазмұны бойынша кестедегі ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.

Сұрақтар

Дұрыс / бұрыс

Жазу – адамдардың жақында тұрып, бір-біріміне қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді

Бұрыс

Жазу – қарым-қатынас құралы ғана емес, адамның өз ойын жарыққа шығаратын құрал

Дұрыс

Тарихта алғашқы жазу сурет түрінде болған

Дұрыс

Жазудың 5 түрі бар

Бұрыс

Қазақ халқы дыбысжазу түрін пайдаланады

Дұрыс




  • Мәтіннен негізгіжәне қосымша ақпараттарды анықтаңдар.

«ГҮЛ ӨСІРУ» әдісі.

Негізгі ақпарат

Қ осымша ақпарат

 Тарихта алғашқы жазу сурет түрінде болған, сондықтан оны сурет жазу деп атайды.

 Қазақ халқы жазудың дыбыстық жазу түрін пайдаланады.


 Сурет жазудың ерекшелігі – барлық халықтарға түсінікті болуында.

  • гүлге негізгі ақпараттарды орналастырады;

  • жапырағына қосымша ақпараттарды орналастырады.




  • АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ.



Дескриптор:
-мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

7-аудио
Мәтін


2-тапсырма. Дауысты дыбыстар емле ережесіне сай сөздерді сәйкестендіріңіздер.



1. Ашық дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғанғанда, соңғы буындарындағы ы, і түсіп айтылатын және жазылатын сөз


А) бөрік

2. Дауыссыз дыбыстар шұғыл айтылатындықтан ы, і әріптері түсіп қалатын сөз

В) жиналыс

3. Ы, і дыбыстары бар бірқатар сөздер тәуелденгенде, олардағы соңғы қысаң дыбыстар сусып түсіп қалатын сөз

С) рас

4. Р дыбысынан кейін қысаң ы, і дыбыстарынан басқа дауыстылар жазылатын сөз

Д) жарқ-жұрқ

ЖАУАБЫҢДЫ ТЕКСЕР!


1-тапсырма жауабы: В
2-тапсырма жауабы: Д
3-тапсырма жауабы: А
4-тапсырма жауабы: С



Дескриптор:

  • Жазбаша мәтін жазады;

  • Орфографиялық норманы сақтап сауатты жазады;

  • Кестедегі ақпаратты толық қамтиды




Кері байланыс

Толық орындаған тапсырмаңа «Бес саусақ»арқылы
бағаңды бер.

  • Бүгінгі сабақта тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпаратты анықтадық;

  • дауысты дыбыстардың емлелік ерекшеліктерін ескеріп, орфографиялық нормаға сай жазуға үйрендік.






Қосымша тапсырма

Тілдік қатынас түрлерінің бірін таңдап, достарыңмен
бүгінгі тақырып туралы ой бөліс.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет