Аудит теориясы тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – сағ


Ірі аудиторлық фирмалардың басқару құрылымы төменгілерден тұрады



бет33/38
Дата07.02.2022
өлшемі85,2 Kb.
#86268
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Лекции

Ірі аудиторлық фирмалардың басқару құрылымы төменгілерден тұрады:

  • директорлар кеңесі;

  • директор;

  • аудит объектілері бойынша департаменттер;

  • кеңес беру департаменті;

  • маркетинг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық, заңгерлік бөлімдер және т.б.

Ірі аудиторлық компаниялар, сондай-ақ, халықаралық фирмалар аудитті мынандай құрамда жүзеге асырады: аудитордың көмекшісі, аға аудитор, супервайзер, менеджер және партнер.


2. Аудиторлық ұйымның жұмыс сапасын бақылау
Аудиторлық қызметтің сапасына бақылау жасау бірнеше аспектілерде жүзеге асырылады:

  • негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы;

  • аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы;

  • сыртқы бақылау.

Аудиторлар жұмысының сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыра алады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты – аудитордың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын және т.б. тексеру.
Кейбір экономистер белгілі бір аудиторлық фирма жұмысының сапалылығына сол клиентке басқа аудиторлық ұйымның күшімен қайта тексеру жүргізу арқылы көз жеткізуге болады деп есептейді. Әрине, мұндай шара сапалылықты тексеру нұсқаларының бірі болып табылуы мүмкін, бірақ оның тиімді болуы екі талай. Әдетте, сапаны тексеруші бірнеше аудиторлық файлдарды іріктеп алып, негізінен тексеру нәтижесі бойынша клиенттерде ескертулер болмағандарына тексеру жүргізеді. Бір аудиторлық фирманың көп санды клиенттеріне қайтадан толық аудит өткізу орынсыз әрі ысырапшыл әрекет болар еді.
220 «Аудиторлық жұмыстың сапасына бақылау жасау» ХАС сәйкес барлық аудиторлық ұйымдарда тиісті түрде формаланған аудит сапасын бақылаудың ішкі жүйесінің болуын талап етеді. Әрбір аудиторлық фирма орындалатын жұмыстың қажетті сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ішкі стандарттар немесе ереже-нұсқауларды жасап, оларды жүйелі түрде қолдануға тиісті.
Аудиттің сапасына тексеру жүргізу барысында дәл осы жүйені зерттеу керек. Яғни, қажетті ереже-нұсқаулардың бар екендігіне және олардың мазмұнының стандарттарға сәйкестігіне, сондай-ақ құжатта қарастырылған іс-шаралардың және процедуралардың тиісті дәрежеде қолданылатындығына көз жеткізу керек. Ондай тексеру, әдетте, бір-екі күн уақыт алады және де елеулі еңбек ресурстарын талап етпейді. Мұндай кезде кейбір фирмаішілік реттеуші құжаттардың бар немесе жоқ болуы және олардың орындалуы – аудит өткізу сапасының куәлігі.
Процедуралардың жалпы екі жағын қарастыру қабылданған:

  • жалпы аудиторлық фирма жұмысының сапасына қатысы бар процендуралар;

  • нақты аудит өткізудің сапасына қатысты процедуралар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет