1. Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт Аудит жұмысы – бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылап жүргізілетін тиянақты жұмыс.
Аудит теориясында оның сатылап жүргізілуі бірнеше этапқа бөлінеді:
шартжасаукезеңі;
қаржы-шаруашылықжағдайыментанысужәнезерттеу;
аудит жұмысыныңбағдарламасынжасау;
аудиттіорындаукезеңі;
аудит отчетынжасау.
Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит фирмасымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.
Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.
Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:
Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.
Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттері аталып көрсетіледі.
Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, отчеттарды уақытылы беру, қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттерді орындауы қажет.