2. Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 17-бабында аудиттің шаруашылық субъектісі ретінде келесі түрде құқысы анықталған:
аудит барысында қажет болған жағдайда үшінші жақтан (адамнан) мәлімет, түсініктеме алуға құқылы;
шаруашылық субъектілерінің банк счеттарындағы операцияларды тексеру үшін банк мекемелерінен анықтама талап етуге құқылы.
Аудит заңында тікелей көрсетілмесе де олардың:
өз бетінше аудит жүргізу әдісін, формасын анықтауға құқысы бар;
аудит жұмысы барысында шаруашылық субъектісі тексеруге қажет құжаттарды бермей қойған жағдайда аудит жұмысын жүргізуден бас тартуға құқылы.
Шаруашылық субъектілері ретіндегі аудиторлардың міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңына, аудит туралы нормативтік құжаттарына сәйкес жоғарғы сатыдағы біліктілік пен тиянақтылықты өте жоғарғы сатыдағы жауапкершілікпен аудиттік тексеру жүргізуге;
тексеру барысында анықталған кемшіліктер туралы, Қазақстан Республикасының заңын бұзушылық туралы мәліметтерді, шаруашылық субъектісінің кәсіпкершілігіне қауіп төнген жағдай болса, аудитор тапсырушыға жедел түрде хабарлауға міндетті;
тапсырушылардан, үшінші жақтан тексеру барысында жасалған есептеу, анықтама жасауға арналған тағы басқа құжаттардың мұқият сақталуын қамтамасыз ету;
тексеру барысында анықталған шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілігі туралы мәліметтердің коммерциялық құпиялығын сақтау, үшінші жаққа мәлімет тек қана тапсырушының рұқсаты бойынша және Қазақстан Республикасының заңды талабына сәйкес жағдайда ғана беріледі;
аудитор қорытындысы тек қана келісім-шарт бойынша көрсетілген тапсырушыға ғана беріледі.