Аудит теориясы тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – сағ



бет17/38
Дата07.02.2022
өлшемі85,2 Kb.
#86268
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
Лекции

2. Бақылауортасы
Бақыланушы шаруашылық жүйесінің тиімділігі субъект басшылығының бақылауға деген қатынасына тікелей байланысты болады. Егер жоғары буындар басшылары бақылау маңызды деп санаса, қалған қызметкерлер өз міндеттерін мұқият орындауға тырысады.
Бақылау ортасы — бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
Бақылау ортасы келесідей компоненттерден тұрады:
— экономикалық субъектіні басқару стилі;
— экономикалық субъектінің ұйымдық кұрылымы;
— қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;
— бақылаушы қызмет және ішкі аудит;
— кадрлық саясат.
Экономикалық субъектіні басқару стилі бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесі жүйесі тиімділігіне елеулі әсер ете алады, сондықтан аудиторға бұл қаржылық есеп берудің бұрмалану ықтималдылығына қаншалықты әсер ете алатынын анықтауға қажет.
Жұмыс стилі басқарудың өктемшілігі немесе нақты емес жұмыс және қаржы мақсаттарын қою салдарынан болуы мүмкін кадрлар тұрақтамауы сияқты көрсеткіштерден көрінеді де субъектінің бухгалтерлік есептің тиімді жүйесін қолдау кабілетіне әсер етеді. Баскарудың дүрыс тандап алынған стилі субъект экономикасының дамуының стратегиялық бағытын іске асыруға, шаруашьшық-қаржылық қызметін жақсарту үшін резервтерді жылдам анықтауға мүмкін беретін басқарушылық есептің тиімді жүйесін құруға, шаруашылық операцияларын жасау кезінде заңдарды қатал сақтауға мүмкіңдік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет