Аудит теориясы тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – сағ


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет13/38
Дата07.02.2022
өлшемі85,2 Kb.
#86268
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
Лекции

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы,20.11.1998ж. № 304-I(2014.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Абленов Д.О. Аудит. Оқулық. Алматы: Экономика, 2005
3. Әжібаева З.Н., Байболатова Н.Ә., Джумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы: Экономика, 2006.-603.
4. Шарипов А.Қ. Аудит: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2010.-287.


6тақырып. Аудиторлық мәнділік – 1 сағ.


1. Маңыздылық пен пікір
2. Маңыздылықтың рұқсат берілген деңгейін анықтау


1. Маңыздылық пен пікір
320 «Аудиттегі маңыздылық» ХС-нда: «Маңыздылық (елеулілік)– ақпарат маңызды болып есептеледі, егер оның қалдырылып кетуі немесе бұрмалануы қаржылық қорытынды есеп негізінде қабылданған ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсерін тигізе алатын болса. Маңыздылық белгілі бір жағдайларда ақпараттардың қалдырылып кетуі немесе бұрмалануына қатысты пікір қабылданатын баптар немесе қателердің шамасына байланысты болады» деп атап өтілген.
Аудитор қаржылық есеп беру бұрмалануын тудыратын фактілерден ауытқудан басқа міндеттемелердің екі типі болуы мүмкін екенін естен шығармауы керек:

  • бухгалтерлік есеп стандартының дұрыс қолданылмауы;

  • қажетті ақпаратты өткізіп алу.

Қаржылық есеп беруді тексеру кезінде оған аудиттегі маңыздылықтың сапалық және сандық сияқты екі жағын ескеру қажет.
Маңыздылықтың сапалық жағы - жасалатын операциялардың ҚР-да әрекет ететін нормативті актілердің талаптарынан ауытқуы.
Сандық жағы маңыздылық деңгейімен сипатталады.
Маңыздылық деңгейі - бұл қаржының есеп беру нақтылығына елеулі әсер етпейтін онда максималды рұқсат берілген бұрмалаулар сомасы.
Маңызды болып табылатынды бағалау кәсіби пікір болып табылады. Аудитордың кәсіби пікірі - оның білімі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген көзқарасы.
Маңыздылық туралы алдын ала пікір білдірудің мақсаты - аудитордың назарын аудиторлық тексеру стратегиясын анықтау негізінде қаржылық есеп берудің елеулірек құрамдас бөлігіне аудару.
Маңыздылық туралы пікір - аудитор қабылдайтын маңызды шешімдерінің бірі. Ол аса жоғары кәсіпқойлықты талап етеді. Аудитор пікірі қажетті дәлелдерді жинауды жеңілдетуге көмектеседі.
Жұмыс барысында аудитор жекелеген елеусіз бұрмалаудың жиынтығын да қаржылық есеп берудің нақтылығына күмән туғызуға себеп болатынын байқауы мүмкін. Бұл жағдайда аудитор бар қателерді анықтау үшін тексеру масштабын өсіру қажет болады. Тексеру аяғына қарай рұқсат етілетін бұрмалау маңыздылығының дәрежесі жоспарлау кезеңіне қарағанда басқашалау болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет