Аудит теориясы тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – сағ


Аудиторлық дәлелдеулер туралы жалпы түсінік



бет21/38
Дата07.02.2022
өлшемі85,2 Kb.
#86268
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Лекции

1. Аудиторлық дәлелдеулер туралы жалпы түсінік
Тексеру жүргізгенге дейін, тексеру процессінде сондай-ақ, оның аяқталу кезеңінде аудитордың жинаған және дайындаған мәліметтері өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі (дәлелі) болып табылады. Бұл мәліметтердің бір бөлігі - аудиторлық дәлеледеулер ретінде қарастырылатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.
Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз - аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.
ХАС 500 «Аудиторлық дәлелдеулер» аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай-ақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.
Аудитор тексерілген қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлеледеу үшін өзінің жинаған дәлелдерінің жеткілікті екендігіне сенімді болуға тиісті. 200 "Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші жалпы принциптер" деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмаланғандықтың (қателіктің) жоқ екендігіне қатысты саналы сенімділікті қамтамасыз етуге арналған.
Саналы сенімділік дегеніміз - бұл, жалпы қаржылық қорытынды есепте елеулі қателердің (бұрмалаушылықтардың) жоқ екендігі жөнінде жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті алу үшін қажетті дәлелдеулерді жинауға қатысты түсінік.
Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге (сатыларға) бөлуге болады:

  1. Мақсаттың таңдалуы

  2. Дәлелдеулер жинау және оларды өндеу

  3. Дәлелдеулерді бағалау

Сенімді дәлелдер алу үшін аудитордан белгілі бір процедураларды қолдану талап етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет