Аудит теориясы тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – сағ


Дәлелдеулер алу әдістемесі



бет23/38
Дата07.02.2022
өлшемі85,2 Kb.
#86268
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
Лекции

3. Дәлелдеулер алу әдістемесі
Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады: бақылау (зерттеу), растау, сұра0 беру, түгелдеу жүргізу (активтерді тексеру), құжаттарды тексеру (талдау), қайта есептеу, сканерлеу, тексеру, арнайы тексеру және талдамалық процедуралар.
Аудит бойынша арнайы әдебиеттерде әртүрлі авторлар дәлелдеулер алу әдістерін әдіснама және әдістемелік тәсілдерге, сондай-ақ нақты тексеру жүргізу тәсілдеріне бөліп қарастырады.
Бақылау (зерттеу) - өздерінің міндетті қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе мақсатты қабылдау болып табылады.
Растау дегеніміз - сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.
Сұрақ беру. Сұрақ беру нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді.
Түгелдеу - аудитордың материалдық активтерді тексеруі және санауы.
Құжаттарды тексеруге оқу, іріктеу және құжаттармен танысу, салыстыру және дәлелдеулер жатады.
Кайта есептеу деп -клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлдігін есептеу процедураларын айтады.
Сканерлеу - ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша (мысалы, бастапқы құжаттарды) үздіксіз қарап отыру.
Арнайы тексеру- тексеру жүргізуге тар мамандықтың иесін тарту.
Аудиторларқарама-қарсы тексеру әдісін пайдаланады (егер бақылау жасаудың мұндай мүмкіншілігі бар болса).
Тексеру жүргізу әдістерімен бірге оларды ұйымдастыру әдістері де бар:

  • жаппай тексеру;

  • іріктеп тексеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет