2. Маңыздылықтың рұқсат берілген деңгейін анықтау Аудиттің халықаралық тәжірибесінде (АҚШ, Ұлыбритания және басқаларда) аудиторлық органдар маңыздылық деңгейін анықтайтын әдістемені реттеуші фирмаішілік стандартты (субъект қызметінің ерекшелігін ескере отырып) дайындайды. Бұл стнадартты аудиторлық фирма басшылығы бекіте алады. Сондықтан, бұл - коммерциялық құпия.
Қазір аудиттің қазақстандық практикасында маңыздылық деңгейін анықтау әдістемесі жоқ. Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі практикасы бар аудиторларға маңыздылықтың нақты критерийін ұсынуға дайын емес. «Елеулікке қатысты басшылық аудит стандартына енгізілген жалғыз ел Австралия болып табылады».
Австралия елінің стандарттары келесідей нұсқауларды ұсынады:
5%-ға дейінгі ауытқулар - маңызды (елеулі) қателер болып саналмайды,
10%-дан жоғары ауытқулар - маңызды (елеулі) қателер болып саналады,
ал 5-10 % аралығында болса, шешім қабылдау құқығы аудиторға беріледі.
Ресейде «Маңыздылық және аудиторлық тәуекел» ережесі (стандарты) қабылданған. Оған сай аудиторлық ұйымдар маңыздылық деңгейін анықтау тәртібін реттеуші фирмаішілік стандартты жасауы қажет.
Ереже (стандарт) базалық көрсеткіштер жүйесімен маңыздылықтың бірегей деңгейін есептеу тәртібін ұсынады. Бұл көрсеткішті былай есептеу ұсынылады: