Аудит теориясы тақырып. Аудиттің пайда болуы мен дамуы – сағ


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет26/38
Дата07.02.2022
өлшемі85,2 Kb.
#86268
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
Лекции

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы,20.11.1998ж. № 304-I(2014.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Абленов Д.О. Аудит. Оқулық. Алматы: Экономика, 2005
3. Әжібаева З.Н., Байболатова Н.Ә., Джумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы: Экономика, 2006.-603.
4. Шарипов А.Қ. Аудит: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2010.-287.


10тақырып. Аудиторлық іріктеу – 1 сағ.


1. Аудиторлық іріктеу туралы түсінік
2. Іріктеулер жасау


1. Аудиторлық іріктеу туралы түсінік
530 «Аудиторлық іріктеу» деп аталатын ХАС-ты іріктеудің жиынтығы бойынша қорытынды жасау мақсатында таңдап алынған баптардың кейбіреулеріне қатысты аудиторға дәлелдеулер алуға және оларды бағалауға мүмкіндік беретін шоттың қалдығы немесе операцияның тобы шеңберінде 100%-дан төмен баптарға қатысты аудиторлық процедураларды қолдану ретінде іріктеуді анықтайды.
Қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізуді бастай отырып, аудитор кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті және ішкі бақылауды ұйымдастыруды зерттеуге, олардың нормативтік және заңдық құжаттардың талаптарына жауап беретіндігіне көз жеткізуге тиісті. Кәсіпорын бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есеп саясатын құруға және оны басшылыққа алуға міндетті. Алайда, аудиторға есеп саясатының көшірмесін алу жеткіліксіз. Себебі, есеп саясаты бухгалтерияның қатардағы жұмыскерлері міндетті түрде сонымен жұмыс істейтіндігіне (оны қолданатындығына) кепілдік бере алмайды. Аудиторға баптар бойынша белгіленген есеп жүргізу тәртібін нақты жүзеге асырылғандарымен салыстыра отырып, есеп саясатына өзінің сипаттамасын құру керек.
Ондай сипаттаманы жасау үшін тек бас бухгалтермен және оның орынбасарымен сұқбаттасумен шектелмей, клиенттің бухгалтерлік персоналына толық сұрақ беру жүргізілуге тиісті. Тек сұрақ беру және нақты ой-пікір құрауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындағы есептің және ішкі бақылаудың жағдайына аудитордың берген бағасына оның алдағы уақыттағы барлық іс-әрекеті байланысты. Себебі аудиторда клиенттің қорытынды есебіне зерттеу жүргізу және персоналмен әңгіме өткізу нәтижесінде қорытынды есептің дұрыс мәліметтердің негізінде дұрыс жасалынғандығы туралы абсолюттік сенім пайда болса, онда оның қаржылық қорытынды есепті тексермей-ақ, оның дұрыстығын растауына болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет