Ұсынылатынәдебиеттер тізімі 1. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы,20.11.1998ж. № 304-I(2014.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Абленов Д.О. Аудит. Оқулық. Алматы: Экономика, 2005
3. Әжібаева З.Н., Байболатова Н.Ә., Джумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы: Экономика, 2006.-603.
4. Шарипов А.Қ. Аудит: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2010.-287.
1. Аудиторлық қорытынды есептің құрылымы мен нысандары «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15 – бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады.
Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: «Каржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» , «Салыстырмалы көрсеткіштер» «Арнайы мақсаттарға аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.
Сондықтан білдірілген пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:
Аудиторлық қорытындының құрылымы мынандай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың (аудиторлық ұйымның) мекен – жайы, аудитордың қолы.
Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреті болуға тиісті:
қаржылық қорытынды есепте ашылған көрсетілетін ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелеудерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;
қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау;
қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын – ала бағалауларды талдау;
жалпы қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.
Қорытынды есепке аудиттің қорытынды жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы кіруге тиісті.