1. Аудиторлық тексеруді ұйымдастыру және жүргізуді жетілдіру Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:
Қаржылық есеп берудің толықтылығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті – экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады.
Қаржылық есеп беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді көрсете алады. «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 2-бабына сәйкес аудиторлар мен аудиторлық фирмалар қаржылық есеп беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметтерді көрсете алады:
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статистикалық қорытынды есепті құру;
Соныменқатараудиторлыққызметкөрсетудікеңейтусаласындамаркетингтізерттеулердіжүйеліжүргізу де аудиторлықфирманыңміндетіболыптабылады. ҚазірҚазақстандағы, әсіресе, үлкенқалалардағыаудиторлықфирмалар саны күртөсуде. Бұлнарықжағдайындабәсекеөсуінеәкелетіндұрысқұбылыс. Аудиторлыққызметкөрсетудің сан алуандығыаудиторлардыңқызметтіңбелгілібірсаласындамамандануынаәкеледі.