2. Іріктеулер жасау Іріктеу аудиттің барлық саласы үшін қажет болып табылмайды, бірақ оны біртипті операциялардың санының көптігі байқалатын салаларда өткізу орынды. Толық тексеру ерекше мақсатқа қол жеткізуді міндетті түрде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, сатып-өткізудің есепке алынғандығын куәландырмайды (яғни, ол толықтыққа дәлел ретінде қызмет ете алмайды) және қатенің бар екендігін ескерте алмайды.
Іріктеу төмендегі жағдайларда тиімсіз (қолайсыз) болып табылады:
мәліметтер «сезімтал» бапқа жатқызылуы мүмкін болса, мысалы, көлеміне қарамастан қаржылық қорытынды есепте толық ашылып көрсетілуі талап етілетін директорлардың еңбек ақысы;
аудит сферасы (саласы) бір типті баптардан тұрмаса, яғни, мәліметтердің біртекті жиынтығы болмаған жағдайда.
Белгілі бір сипаттағы (мысалы, белгілі бір сомадан жоғары барлық баптар) мәліметтер жиынтығының барлық баптарына процедураларды қолдану іріктеу болып табылмайды. Себебі бұл баптар мәліметтердің барлық жиынтығынан алынған жоқ.
Егер мәліметтердің жиынтығынан «түйінді» баптар іріктелетін болса, мысалы, белгілі бір сомадан көп (артық) дебиторлық борыштардың барлығы, онда осы бөлік 100 % тексеріледі, одан басқа мәліметтер жиынтығының қалған бөлігінен көрнекті үлгіні алуға болады.